Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару. Зат сатып аламын.

Пән: Математика
Күні: 20.11.18 ж.
Сынып: 3 «а» Мектеп: Шаған шағын жинақталған бастауыш мектебі
Мұғалім: Баймуханбетова Жулдыз Бегжановна

Сабақ тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару. Зат сатып аламын.

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өткенді қайталап, шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара біледі және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғынады.
Көптеген оқушылар: ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағдылары қалыптасады.
Кейбір оқушылар: өз бетімен қорытынды шығара , алған білімін қолдана алады.
Бағалау критерийлері: • Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.
• Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
• Шамалар ұғымын қалыптастырады: баға,сан,құн.
Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Тілдік құзыреттілік:

Баға — цена — price
Сан — количество — quantity
Құн — стоимость — cost

Ресурстар: Оқулық, суреттер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, жұмыс дәптері.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, рефлексия, есептеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың ортасы
35 мин

Сабақтың соңы
2 мин

• Cәлеметсіңдер ме, балалар?!
• Көңіл күйлерің қалай? Жақсы, ондай болса бүгінгі сабақтан сендерге мен беремін. Менің аты-жөнім Сакенова Айдана.
— Балалар, бізде қазір қандай жыл мезгілі?
— Терезе сыртында күз. Ол сендерге өзінің алтын жапырақтарын сыйлайды. Сыйлай отырып бүгінгі сабақта сендерге табыс тілейді және әр жапырақшада тапсырмалар бар екен. Қане, сабағымызды осы тапсырмалардан бастайық.
• «Миллион» санында неше нөл бар? (6)
• 1км-де неше метр бар? 1000м
• Ұзындық өлшем бірліктерін ата: км, дм, м, мм
• Математикада неше цифр бар? (10)
• км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар)
• =36
• =27
-Бүгін сабақта, біз сендермен «Бір заттың массасы,заттар саны, жалпы масса арасындағы тәуелділікке есептер» туралы тақырыбын қорытындылап,тиянақтаймыз.

1-тапсырма.
Нұсқаулық: Өрнектерді есептеп, жауабын кему ретімен атасаң, уақыт туралы мақалды оқисың.
9 *7 = 63
7*8=56
6*9=54
8*8=64
Бір минутты бос жіберсең, бір сағатты жоғалтасың.
Кері байланыс:
-Балалар, мақалымыз шықты ма?
-Мақалдың мағынасы қандай?
— Яғни, уақытымызды бос өткізбеуіміз керек, қызықты істермен айналысуымыз керек.

• Балалар, бүгінгі сабақта есептер шығару үшін бізге ең алдымен жалпы массаны, бір заттың массасын, заттың санын қалай табатынын есімізге түсіруіміз қажет.
• Ол үшін әр топтардың алдарына постерлер таратамын.
• 1- топ . Жалпы массаны табу үшін , 2-топ. Заттың санын табуға,
3-топ. Заттың массасын табуға арналған формуланы жазып шығады.

Кері байланыс:

• Яғни, жалпы массаны табу үшін, біз бір заттың массасын, заттың санына көбейтеміз. Ал, жеке заттың массасын табу үшін, жалпы массаны сол заттың санына бөлеміз. Бір заттың санын табу үшін, жалпы массамызды бір заттың массасына бөледі екенбіз.
• Естеріңе түсті ме? Есептер шығара аламыз ба?

2-тапсырма. № 3 есеп
Нұсқаулық: Бірдей 9 жәшікте 54 кг жүзім бар. Сондай 3 жәшікте қанша кг жүзім бар?

Кері байланыс:
• Жарайсыңдар балалар! Сонымен есімізге түсті ме?
• Есепті дұрыс шығардық па?

№ 4 есеп.
Нұсқаулық: Кесте бойынша есептер құрастырып, оларды шығар.
А) – 1-қатар
Ә) — 2-қатар
Б) – 3-қатар

№ 5 (а) Өзіндік жұмыс.
Нұсқаулық: Өрік тосыбын қайнату үшін 9 кг қант керек, ал бүлдірген тосабы үшін 12 кг қант қажет болды. Егер бір қапшықтың массасы 3 кг болса, онда қанша қапшық қант жұмсалды?

Шешуі:
1) 9 кг / 3 кг =3 қапшық қант өрікке
2) 12 кг / 3кг=4 қапшық қант бүлдіргенге
Орнымыздан тұрамыз
Мойынымызды бұрамыз
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып-жұмамыз
Одан соң төмен түсіріп
Алақанды соғамыз.
Жаттығу жасап осылай
Үлкен боп ертең шығамыз

№7. Нұсқаулық: Бөлшектерді өсу ретімен орналастырып, мақалдарды оқы.
А) Уақыт бізді күтіп тұрмайды.
Ә) Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

№8
1. (8+40)/8-3*2 = 0
2.8+(40/8-3)*2 = 12
3. 8+40/(8-3*2) =24

Өзіндік жұмыс. Кесте бойынша есептер құрастыру, оларды шешу
Кері байланыс:
Жарайсыңдар!
Тапсырмаларды орындап болсақ, ендеше оқып берейік.

Үйге:
Кітаптан : № 5 қалғаны, № 6

— Сабақ ұнады ма?
— Қандай тапсырмалар қиыншылық тудырды?

Амандасу
Танысу
Көңіл-күйлерін сұрау

Психологиялық дайындық. «Жаттығу сұрақтары»

Тақтамен
жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Топтық жұмыс

Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс

Жұмыс дәптері

«Бас бармақ» әдісі

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *