М дыбысы мен әрпі

1-СЫНЫП САУАТ АШУ ПӘНІНЕН IІ ТОҚСАН 40 МИНУТҚА
ЖОСПАРЛАНҒАН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
«Шаған шағын жинақталған бастауыш мектебінің»
бастауыш сынып мұғалімі
Баймуханбетова Жулдыз Бегжанқызы
Пәні: Сауат ашу Мектеп: Шаған ШЖМ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1.Тыңдалым және айтылым
2.Оқылым
3.Жазылым
Бөлімше:
1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.
2.1 Оқу түрлерін қолдану.
2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.
3.8 Каллиграфиялық, графикалық нормаларды сақтау.

Күні: 19.11.2019 Мұғалімнің аты-жөні: Баймуханбетова Ж.Б

Сынып: 1 Қатысқандар саны: 5
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Мм дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау.
1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу.
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушы: Әли мен Мерейдің өзара сөйлескен аудиожазбасын тыңдау, тыңдалған аудиожазбада кімдер туралы айтылғанын анықтау, Әлидің отбасы мүшесінде әке-шешесінен басқа тағы кімдер бар екенін табу және сызбаға түсіп қалған әріпті жазу.
Оқушының көпшілігі: Оқулықта берілген сөздерді хормен, тізбектей дұрыс оқу, неше буын бар екенін айту.
Оқушылардың кейбірі: Бас әріптермен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды талаптарға сай жазу. Суретте берілген жануарларды және заттарды буынға бөліп айту, буынды сызбамен көрсету, буынның санын цифрмен жазу.
Тілдік мақсат
(тілдік емес пәнге) —
Жетістік (Бағалау) критерийлері — Әли мен Мерейдің өзара сөйлескен аудиожазбасын тыңдайды,
тыңдалған аудиожазбада кімдер туралы айтылғанын анықтайды, Әлидің отбасы
мүшесінде әке-шешесінен басқа тағы кімдер бар екенін табады және сызбаға
түсіп қалған әріпті жазады.
— Оқулықта берілген сөздерді хормен, тізбектей дұрыс оқиды, неше буын бар екенін айтады.
— Бас әріптермен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырады және оларды
талаптарға сай жазады.
— Суретте берілген жануарларды және заттарды буынға бөліп айтады, буынды сызбамен көрсетеді, буынның санын цифрмен жазады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Оқушылардың адамгершілік құндылықтарын арттыру.
Пәнаралық байланыстар Әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта, аудиожазба
Бастапқы білім Мм дыбысы мен әрпі.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата біледі.
Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі

Сабақтың соңы
Ұйымдастыру кезеңі
«Біз қандаймыз?» шаттық шеңбері.
Оқушылар шаттық шеңберге тұрғанда сыныпта баяу әуен ойнап тұрады. Бір-біріне қайырлы таң достарым! – деп тілек білдіреді.
Осында мұғалім «Балалар біз қандаймыз?» — дегенде, шеңбер бойымен оқушылар қандай екенін айтып өтеді.
Бұл әдіс оқушылардың сабақ бойы көңілдері көтеріңкі отыру үшін де қолданылады. Сол айтқандарыңа жетуге тырысады.

«Ортадағы қаламсап» әдісі
Өткенді қайталау
• Әріп дегеніміз не?
• Дыбыс дегеніміз не?
• Дыбыстар нешеге бөлінеді?
• Дыбыстан не құралады?
• Буыннан не құралады?
• Сөзден не құралады?

«Әріптер еліне саяхат»
1) Қызыл себет
2) Көк себет
(Аа, Нн, Лл, Рр, Оо, Тт, Уу, Шш, Сс, Дд, Ыы)
Дыбысталу ерекшеліктеріне қарай себетке орналастырайық!

Сабақтың тақырыбымен таныстыру
Жұмбақ шешейік
Мұртын сипап тілімен
Бетін сусыз жуады.
Тышқан аңдып түнімен,
Көзі оттай жанады.

м ы с ы қ
— Жарайсыңдар! Енді «Мысық» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
(Мм)
— Өте жақсы! Олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мм дыбысы мен әрпі»

Жетелеуші сұрақтар:
— Мм дыбысы қандай дыбыс? Неліктен?
(Мм дыбысының дауысты, дауыссыз екендігін айтады)
— «Мысық» сөзінде Мм дыбысы мен әрпі нешінші тұр?
(Сөздегі орны жайлы айтады)
— Олай болса Мм әрпін қалай жазылатының сендерге тақтаға көрсетейін. Одан кейін Мм әрпін өзіміз жазайық иә балалар!
(Ауада және алдарыңда тұрған ламинат қағазға жазып көрсетеді)
— Жарайсыңдар балалар!

1 – тапсырма. Тыңдалым
Жеке жұмыс
Әли мен Мерейдің өзара сөйлескен аудиожазбасын тыңда. Аудиожазбада кімдер туралы айтылғанын анықта.
Әлидің отбасы мүшесінде әке-шешесінен басқа тағы кімдер бар екенін тап және сызбаға түсіп қалған әріптерді жаз.

Бағалау критерийі Дескриптор:
Әли мен Мерейдің өзара сөйлескен аудиожазбасын тыңдайды, тыңдалған аудиожазбада кімдер туралы айтылғанын анықтайды, Әлидің отбасы мүшесінде әке-шешесінен басқа тағы кімдер бар екенін табады және сызбаға түсіп қалған әріптерді жазады. — Әли мен Мерейдің өзара сөйлескен аудиожазбасын тыңдау.
— Тыңдалған аудиожазбада кімдер туралы айтылғанын анықтау.
— Әлидің отбасы мүшесінде әке-шешесінен басқа тағы кімдер бар екенін табу.
— Сызбаға түсіп қалған әріптерді жазады.

Қалыптастырушы бағалу: «Кемпірқосақ» түстері арқылы бағалау.

2 – тапсырма. Оқылым.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықта берілген сөздерді дұрыс оқы.
• Хормен оқу
• Тізбектей оқу
ма та ма рал ал м а мал а дам
ма са то мар ша ма мол Ма рат
А ман ал о тыр су ла
Ар ман ал ма о тыр ма су ла ма
— Неше буын бар?
Бағалау критерийі Дескриптор:
Оқулықта берілген сөздерді хормен, тізбектей дұрыс оқиды, неше буын бар екенін айтады.
— Оқулықта берілген сөздерді хормен, тізбектей дұрыс оқы.
— Неше буын бар екенін айт.

Қалыптастырушы бағалу: «Кемпірқосақ» түстері арқылы бағалау.

Сергіту сәті.
Секіреміз топ-топ-топ,
Шапалақтап көп-көп-көп,
Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш!
Иілеміз солға қарай бір, екі, үш!

3 – тапсырма. Жазылым
Дәптермен жұмыс.
Саралаудың «Тапсырма», «Қарқын», «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі.
Бас әріптермен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыр және оларды талаптарға сай жаз.

Бағалау критерийі Дескриптор:
Бас әріптермен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырады және оларды талаптарға сай жазады. — Бас әріптермен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырады.
— Талаптарға сай жазады.
Қалыптастырушы бағалу: «Кемпірқосақ» түстері арқылы бағалау.

4 – тапсырма. Тақтамен жұмыс
Суретте берілген жануарларды және заттарды буынға бөліп айт. Буынды сызбамен көрсет.
Буынның санын цифрмен жаз.
(1.Маймыл)
(2.Мысық)
(3.Май)
(4.Мата)

Бағалау критерийі Дескриптор:
Суретте берілген жануарларды және заттарды буынға бөліп айтады, буынды сызбамен көрсетеді, буынның санын цифрмен жазады.
— Суретте берілген жануарларды және заттарды буынға бөліп айтады.
— буынды сызбамен көрсетеді.
— буынның санын цифрмен жазады.
Қалыптастырушы бағалу: «Кемпірқосақ» түстері арқылы бағалау.

Кері байланыс
— Сонымен, балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?
— Мм дыбысына байланысты қандай сөздер білдік?
— Мм дыбысы қандай?
«Кемпірқосақ» түстері арқылы бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, кері байланыс орнату.
Бүгінгі сабақта қандай көңіл – күйде болдың? Смайликтарға орналастыр.

Слайд
Электронды оқулық

Қима қағаздар

Интербелсенді тақта

Аудиожазба

Смайликтар

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.