Табиғат құбылыстары

Сыныбы: 2 «Б»
Тақырыбы: Сенсорлық үдерістерді және кеңістікте бағдарлануды дамыту. Қимыл-қозғалыс аймағын дамыту. Бағытталуды қабылдауын дамыту. Табиғат құбылыстары..
Мақсаты:
Түзете-дамыту
• Ұсақ және жалпы моториканы дамыту;
• Табиғат құбылыстарын тануға баулу
• Табиға құбылыстарындағы ерекшеліктерді бағыттау қабілетінің дамуын қолдау.
Тәрбиелік
• Әдептілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу
• Сыныпта ұжымдыққа тәрбиелеу
• Өзара түсіністік пен достыққа тәрбиелеу
• Эстетикалық сезімді тәрбиелеу
Құралдар: 4 мезгілдің біріккен суреті, табиғат құбылыстарының бейнелері. Жеке тапсырамаларға қажетті суреттер мен кескіндер.
Сабақ этаптары Тапсырмалар Жеке жұмыс
1. Эмоционалды-психологиялық дайындық Амандасу
Тербеледі ағаштар,
Алдынан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен боп өседі. Оқушылар орнынан тұрып, жаттығуды мұғаліммен бірге орындайды.
2.Жаттығулар
2.1Артикуляциялық
2.2 Саусақ
2.3 Тыныс алу «Тәтті тосап» жаттығуы
«Үрмелі шар» жаттығуы
«Тісіңді сана» жаттығуы
«Жұдырық, қабырға, алақан» жаттығуы
«Барабан» жаттығуы
«Ыстық шәй» жаттығуы Оқушылар жаттығуды мұғаліммен бірге орындайды.
3. Түзету әрекеті, ойындар

1. Балалар, біздер ауа райының құбылуына байланысты жыл мезгілдерін білеміз. Тақтаға 4 мезгіл бейнеленген А3 сурет ілінеді.Олар: күз, қыс, көктем, жаз. Бұл мезгілдерді қалай танимыз? Қандай ерекшеліктері бар? (Оқушылар әр мезгілге ауа райындағы ерекшеліктерге байланысты тоқталып өтеді).
2. Жел, жаңбыр, қар, найзағай, тұман, аяз, бұршақ, шық,құйын –осылардың барлығын бір сөзбен қалай топтастырамыз? Табиғи құбылыстар. Бүгінгі тақырыбымыз «Табиғи құбылыстар». Тақтаға тақырып жазылады. Оқушылар тапсырманы мұғаліммен бірге орындайды.
3.ТАПСЫРМА: Жал мезгілдеріне сай табиғат құбылыстарының белгілерін бекіту.
4. Физмнутка «Джунглийдегі табиғат» ойыны.
Оқушылар ойынды мұғаліммен бірге орындайды.
5. Түзету әрекеті, ойындар 4. Балалар, мен сөйлемді бастайын, сіздер сөйлемді оған қарама қарсы сөзбен аяқтаңыздар,
Бірде жылы, бірде салқын,
Бірде тымық, бірде желді,
Бірде ашық, бірде жауын-шашын… бұл біздің табиғи құбылыстарымыз. Осы табиғи құбылыстарға сәйкесінше өмір сүремі, яғни киінеміз, тынығамыз, тамақтанамыз,т.с.с.
5. СҰРАҚ: Балалар, біз ауа-райын қалай білеміз? Мысалы даладағы күн райы қандай екенін қалай білсек болады? Қайда қараймыз? Жауаптар: терезеге қараймыз, ағаштарға қараймыз. Аспандағы бұлттарға қараймыз. Смс ақпарат, ауа райының божамын теледидардан қараймыз. Балалар сұрақтарға мұғалімнің жетелеуімен жауап береді.
6. Үстелдік тезету ойындар. Түрлі суреттік тапсырмалар 6. «Суретін бағытымен сал» үлгі бойынша жаңбыр мен найзағайдың бағытталуын сызу. Оқушыларға парақтар таратылады.кез келген табиғат құбылысы өзіндік бір бағытқа бағытталады. Мысалы найзағай жоғарыдан төмен қиғаштап бағытталса, жаңбыр, қар, бұршақ жоғарыдан төмен, желдің бағытынша жалғаса бағытталады. Ал буланы тұман төменнен жоғары қарай бағытталады. Осы бағыттарға байланысты табиғат құбылыстарынан ықтау түсінігі бар. Осы сықылды сіздерге қиғаш бағытағы найзағай және жаңбыр бағытын салу тапсырылады.
7. Жұмбақтар шешу
* Ұшады-құс емес, Уілдер –аң емес (жел)
* Әуеден күбі түсті. Күбінің түбі түсті (күннің күркіреуі)
* Арыстан арқырады. Орман жарқырады (найзағай)
* Аспандағы әсем белдік, Алыстан ғана көрдік (кемпірқосақ)
* Мамықтай ұлпа, Қаттай ақ. (қар)
* Қыста болады. Терезеге қонады. Әсем ою салады (қырау)
* Қолы жоқ, сурет салады. Тісі жоқ, тістеп алады (аяз) Оқушылар тапсырмаларды суреттерді бақылау арқылы өздері орналастырады.
7. Физмнутка 8. «Қыста » жаттығуы. Балалар қолын сипалау, бетін уқалау, иықты бүрістіру, сипау, секіру әрекеттерін жылыну амалы ретінде қолданып, қозғалады. Балалар, бізде қазір қандай мезгіл? Бұл мезгілдің ерекшелігі неде? Оқушылар жаттығуды мұғаліммен бірге орындайды.
8. Үстелдік тезету ойындар. Түрлі суреттік тапсырмалар 9. «Жұбын тап» ойыны Бас киім, шарф, қолғаптардың жұптарын табу. Оқушыларға арнайы карточкалар таратылады.
10. «Қыз мезгілінің киімдерін тауып, боя» тапсырмасы.
10. «Мезгіл алгоритмдері» ойыны. Оқушылар тақтаға біртіндеп шығып, 4 мезгіл ерекшеліктерін бағыттап, біріктіреді (және әр мезгілде сурет бойынша не істейді, не киеді, табиғаттағы өзгерістержәне осылардың барлығы ненің көмегі? Күннің жылылығының, күннің суықтығынан) жауаптарын береді.
Оқушылар таспырма бойынша ұқсас екі затты тауып, біріктіреді, бояйды, сәйкестендіреді.
6. Қорытынды Қорытындылау.
Сонымен балалар біз бүгінгі «Табиғат құбылыстары» атты тақырыбызда не білдік, не үйрендік?
• Жыл мезгілдерін қайталадық;
• Мезгілдердегі құбылыстарды білдік;
• Табиғат құбылыстарының белгілерімен таныстық;
• Ауа-райын болжамдау, тануды үйрендік;
• Жұмбақтар шешіп үйрендік;
• Табиғат құбылыстары, соның ішінде қыс мезгілінің киімдерімен таныстық және оларды жұптастырып үйрендік;
• Табиғат құбылыстарының (жаңбыр, найзағай) бағытталуын білдік;
• Мезгіл алгоритмдерін ажыратып үйрендік.
Қоштасу, бағалау. Оқушылар мұғаліммен бірге өткен сабақты еске түсіреді.

Жақсы жұмысы үшін оқушылармен жағымды сөздер айту арқылы бағалау, қолпаштау

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *