Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • Армысың, әз-Наурыз!

  • «Бала — біздің болашағымыз»

  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы

  • 1 наурыз -Алғыс айту күні

  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

Жалпы рубрика
Home›Жалпы рубрика›Мектепалды даярлық сыныбына арналаған Дидактикалық ойындар

Мектепалды даярлық сыныбына арналаған Дидактикалық ойындар

By admin
11 мая, 2020
2048
0
Share:

БҚО,Орал қаласы

Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының

 тәрбиешісі Балмуканова Айдана Турлановна

 

Мектепалды даярлық сыныбына арналаған

«Дидактикалық ойындар»

 

«Тілдік дидактикалық ойындардың ұйымдастырып өткізудің маңызы»қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала бола ма?»-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды.Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы.Балалар ойын арқылы тез табысып,жақсы ұғысады,бірінен-бірі ептілікті үйренеді.Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру.ойнату әдісі деп қарамай олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған.Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен,табиғатпен,қоғамдық құбылыстармен,адамдардың еңбегімен,қарым-қатынастарымен танысады.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттрады.Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды.Ал бүгінгідей динамика ғасырында,оқу процесінде ойын алдыңғы орында,яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын,қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Ойын-дегеніміз не?Ойын дегеніміз-халықтың баланы әдептілікке,сауаттылыққа баулитын  құралдың бірі.

Ойынның түрлері өте көп.Мысалы:рөлдік ойындар,дене шынықтыру ойындары,сюжеттік ойындар,дидактикалық ойын.Соның ішінде маңыздысы-дидактикалық ойын.Бұл ойынның пайдасы-баланың ой өрісінің қалыптасуын,дамуын мақсат етіп қояды.Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға,адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау,еңбек адамдарына,басқа ұлт өкілдеріне,достық,туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді.Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып,белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады.

Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін,тартымдылығын,белсенділігін,баланың ынтасын күшейтеді.Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай,қарапайым,әрі қысқа болуы керек.Кейде ойынның мазмұны,ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де,балалар оған қызықпайды,зейін қойып тыңдамайды.Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек.Балалардың таным қабілетін,логикалық ой-өрісін кеңейтіп,сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

1.Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтар мен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар- «Лото», «Домино», т.б

3.Сөздік дидактикалық қойындар.Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді,баланы ойнай білуге баулып,ақыл-ой қызметін қалыптастырады,әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.Өз іс-тәжірибемде мен балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып,оларды айналасындағы заттармен таныстырып,атын атай білуге,қасиеті мен сапасын,түр-түсін жәнепішінін ажырата білуге,өмірдегі қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жйындағы ұғым,түсініктерін дамыта отырып,белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретемін.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің;

-балалардың сөздік қорларын дамыту,

-жаңа сөздер меңгерту;

-үйренген сөздерін тиянақтап,анықтап,әрі байытып отыру басты міндет саналады.Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу,тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде,байланыстырып сөйлеу,сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдаланамын.

Сабақты бекіту,сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту,баланың шығармашылығын дамыту,тіл байлығын молайту үшін,тіл дамыту сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдаланамын,ойындар сабақтың тақырыбына,мақсатына сай таңдап аламын.Сабақтың қызықты,тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс пайдаланамын.

   «Қимылын көрсет»-ойын шарты:айтылған заттардың қимылын көрсету.Мысалы:қоян,ұшақ,аю,бақа, т.б

   «Ғажайып қалта»-ойын шарты:қалтаның ішіндегі  шыққан заттарды атау.Мысалы:алма,доп,мысық,орындық, т.б

«Жеміс пен көкөністі ажырат»-ойын шарты:бала жемістер мен көкөністі ажыратады.

 

     «Тілші»-ойынның шарты:жүргізуші бала тақырып бойынша балаларға сұрақ қояды,жауаптарын алады.

-мынау не?

-мынау жеміс алма.

-алма қандай?

-алма қызыл,тәтті

    «Эстафета»-ойынның мақсаты:балалардың тілін және сөздік қорын жетілдіру.Ертегі кейіпкерлер туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекіліктер:таяқша

Ойын барысы:балалар дөңгеленіп тұрады,жүргізуші қолында эстафеталық-таяқша болады.Жүргізуші бір ертегі кейіпкерінің  атын айтып,қолындағы таяқшаны қасындағы балаға береді.Таяқшаны алған бала сол  ертегікейіпкерлерінің іс-әрекет қимылына байланысты сөз айтып,келесі балаға тездетіп таяяқшаны беруі тиіс.Жүргізуші қолына таяқша қайтып келгенде,ол жаңа сөздер айтып,басқа балаға беріп бастайды.Балалар сөз тауып айта алмаса,айып салынып ұпай алғаннан кейін,ол бала ойыннан шығып қалада.Ойын соңында кімде айып салынған ұпайы аз болса,сол бала жеңімпаз аттанады.Мысалы: «ит» сөзі-үреді,жүгіреді,үй күзетеді т.б «мысық»сөзі-ойнайды,тышқан аулайды т.б

 

 

Previous Article

Т дыбысы және әрпі

Next Article

Бірлік барда тірлік бар

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Жалпы рубрика

    2022-2023 Оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хат

    17 августа, 2022
    By admin
  • Жалпы рубрика

    Файлдардың көлемі

    9 мая, 2020
    By admin
  • Жалпы рубрика

    Бірінші сынып оқушылары «Әліппе» мен «Ана тілін» оқитын болады

    28 июля, 2020
    By admin
  • Жалпы рубрика

    Баланың танымдық қабілеті

    28 мая, 2020
    By admin
  • Жалпы рубрика

    Зеленый мир

    28 мая, 2020
    By admin
  • Жалпы рубрика

    Балабақша – білім мен тәрбиенің алтын діңгегі

    12 августа, 2020
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Математика

    Оқушылардың математикалық қабілетін дамыту

  • Балабақша

    ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (20-22- желтоқсан 2017ж.) «Күншуақ»ересек тобы

  • Жалпы рубрика

    Уақыт – біздің құндылығымыз

 

Жаңа жарияланымдар

  • Армысың, әз-Наурыз!
  • «Бала — біздің болашағымыз»
  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы
  • 1 наурыз -Алғыс айту күні
  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды
  • Жүн және одан жасалатын заттар
  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»
  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

Күнтізбе

Март 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
« Фев    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика