«Балабақшадағы балалардың агрессивті міңез-құлқының психологиялық сипаты»
Эссе
Тақырыбы: «Балабақшадағы балалардың агрессивті міңез-құлқының психологиялық сипаты»
Орындаған: Боранбаева Гульзира Талгаткызы(психолог)
Балабақшадағы балалардың агрессивті міңез-құлқының психологиялық сипаты
«Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ол жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздың қолында»
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі. Сондықтан соңғы жылдары балалардағы агрессивтілік жағдай бой көрсетіп келеді.
Осы бала бойындағы агрессиялы әрекеттің пайда болуын психологтар жан-жақты түсіндіреді. Агрессияның қай түрі болса да, бұл өзгеге қиянат көрсету дегенді байқатады. Агрессияның қай түрін зерттейтін психологиялық бағыт болмасын әрқайсысы өзінше түсіндіреді.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын талдау нәтижесінде жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен жетім балалар үйіндегі жетім балалардың әлеуметтік дамуының ерекшелігі олардың біреулері отбасында, ал екіншілері отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленуінде ғана емес, сондай-ақ олардың қоғамдағы белгілі бір орынды иеленулеріне де байланысты екені байқалды. Ал, бұл жайлы жинақталып, бір жүйеге келтірілген мәліметтер өте аз. Осыған байланысты отбасынан тыс мекемелерде тәрбиеленіп жатқан жасөспірім тұлғасының педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік- педагогикалық даму мәселелеріне тоқталып, жан-жақты зерттеу қажеттілігі байқалды.
Мен зерттеу барысында агрессивті балалар мен тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін, даму өзгешелігін зерттеген психолог ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, агрессивті балаларға тек психологиялық ғана емес, сонымен қатар оларды әлеуметтендіруде «әлеуметтік-педагогикалық» білімдермен, жұмыстар жүйесінің, ақпараттық көмектің қажетті екендігін көрдім.Оларды әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділік-терінің, әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыпта-суы төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар- тәрбиеші-педагог-қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Бұл агрессивті балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Агресситві балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады.
Агрессивті балалар шектеулі қарым-қатынастың шеңберіндегі әлеуметтік байланыстардың тұйық жүйесінде өмір сүреді. Отбасының, білім беру жүйесінің әлеуметтендіру әсері барынша кемиді, достарымен, құрдастарымен қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам мекемедегі баланы шеттетіп, оны өзінен және де мәдени құндылықтар мен заңдылықтардан алшақтатады. Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында әлеуметтік мәдени тәжірибені жеткізу қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас тапшылық болып қалады.
Бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі.
Нашақорлық, өзгеге қиянат зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің осылай бой көрсетуі — өзін және өзгені талқандауы. Бұл көрініс баланың тұлғалық дамуында қалыптасуының алдын алу, мұны мектепке дейінгі жастан бастап қолға алу қажет деп ойлаймын. Яғни ерте мектепке дейінгі жас, тұлғаның оң көрсеткішті құндылықтарының дамуының негізгі фундаменті. Балаға ерте жастан ішкі кері әсерін, өзіне немесе өзгеге бағыттау емес, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдарын үйретіп отырған жағдайда, бала өсе келе осы артық энергияны еңбекке, спортқа т.б. яғни қоғамға пайда келтіретін тұстарына жұмсап, үлестіріп отырады.
Отандық ғалымдар арасында, мінез-құлықтың ауытқуын Джаманбалаева Ш.Е, Абілханова Ә, Бейсебаева С.Б және т.б. педагогикалық тұрғыдан қарастырған.
Бұл зерттеулер әрине, біздің мәселеге де қатысты, өйткені жетім балаларды, девиантты, қиын балалар қатарына да жатқызады.
Осындай жағымсыз агрессия туындауының алдын-алу мақсатында балалардың өзімен және олардың ата-анасымен жүргізілетін бірқатар психологиялық кеңес беру шараларын тиімді қолдану жолдары айқындалады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей агрессиялы балалармен психологиялық түзету-дамыту жұмыстары мынадай төрт бағытпен жүргізілген жағдайда едәуір агрессиялы күйді жеңілдететіндігін дәлелдейді. Агрессиялы баланың ызалы кезінде олармен мүмкіншілігінше ыңғайлы карым-қатынас құра отырып, агрессиялы күйін жағымды жаққа қарай өзгертуге тырысу қажет. Әртүрлі жағдайларда баланың өзін-өзі ұстай білуге психологиялық тренингтер арқылы үйрету керек. Агрессиялы балалармен дау-дамай кезінде жағымды қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын қарастырған жөн. Балалармен психологиялық жағдай құру арқылы эмпатия, адамға деген сенімділік қасиеттерін дамытуға байланысты психологтың өзі үлгі болатындай болу қажет.
Қорытындылай келе, адамның өзіндік агрессиялы күйлерін реттеп, бақылау жасау арқылы адам көптеген жетістіктерге жетуі даусыз.
Балаларға неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп, кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасауға болады.