Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • Армысың, әз-Наурыз!

  • «Бала — біздің болашағымыз»

  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы

  • 1 наурыз -Алғыс айту күні

  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

Балабақша
Home›Балабақша›Ғажайы табиғат

Ғажайы табиғат

By admin
26 июня, 2019
4464
0
Share:

Киякова Шолпан Балтабаевна

Мақсаты: Балаларды табиғатты сүюге, құрметтеуге, қорғауға, аялай білуге үйрету. Табиғат құбылыстарын байқауға, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту, шығармашылық жұмыс жасауға үйрету.

Тәрбиелік: Табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын арттыру, түстерді ажыратуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, көркемдік талғамын өнерге деген қызығушылығын дамыту.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,  сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, табиғаттың суреттері, ақ қағаз, дайын қиылған пішіндер, түрлі бояулар.

 

ҰОҚ

 

 

Тәрбиеші қызметі

 

Балалар қызметі

 

Мотивациялық қозғаушы күш

 

 

Шаттық шеңбері

Қол ұстасып қане біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Табиғатым тамаша,

Көз тоймады қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған Жер ана!

Сәлем саған Нұрлы күн!

-Балалар, біз бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметімізде «Ғажайып табиғатымыз» жайында кеңірек танысатын боламыз. Ол үшін көңілімізді интербелсенді тақтаға аударайық.

 

 

Шаттық шеңберге тұрып барлығы тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Назарларын тақтаға аударады.

Суреттерді тамашалайды.

 

Ұйымдастырушы ізденуші

 

Ғажайып сәт

Табиғат Ана кіреді.

-Мен сендердің ғажайып табиғат жайында білетіндеріңді естіп қуанып тұрмын. Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдап жауабын табыңдар.

-Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

-Дәмі де жоқ, түсі де жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ.

-Жарайсыңдар, өте тапқыр екенсіңдер.

-Күн қайда орналасқан, жоғарыда ма әлде төменде ма?

-Ал су қайда ағады?

-Күннің түсі жасыл болады ма?

 

-Қар қызыл түсті болады ма?

-Бұлттар сары түсті ме?

 

-Мына суретте қандай пішінді көріп тұрсыңдар?

-Түсі қандай?

-Ендеше сары үшбұрыштың артында не жасырынғанын көрейік.

-Балалар қараңдаршы, бұл қай жыл мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

 

 

 

 

-Жарайсыңдар. Келесі қандай пішінді көрдіңдер?

-Түсі қандай?

-Бұл қай жыл мезгілі?

-Дала қандай түске оранған?

-Қыстың ерекшеліктері қандай болады?

 

-Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

 

 

-Өте тамаша, келесі суретте қандай пішінді көріп тұрсыздар?

-Төртбұрыштың түсі қандай?

-Бұл қай жыл мезгілі?

-Көктемде дала қандай түске боялады?

-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

 

 

 

-Дұрыс айтасыңдар. Енді қандай пішінді көріп тұрсыңдар?

-Түсі қандай?

-Бұл қандай мезгіл деп ойлайсыңдар?

-Жаз мезгілінің ерекшеліктерін атап беріңдерші?

 

 

-Балалар, біз жыл мезгілдерінде болатын табиғаттың ғажайыптары туралы білдік. Ендеше туған өлке, табиғат жайында тақпақ айтып берейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

Бала-бала-балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бір қадам алға басамыз,

Алақанмен соқ-соқ-соқ.

Бір қадам артқа басамыз,

Аяқпенен топ-топ-топ.

-Балалар, біз Табиғат анамен бірге шығармашылық ортаға барып 4 топқа бөлінеміз.

І топ: триз технологиясы бойынша ұағазды жұлмалап жырту тәсілімен күзгі ағашты бейнелейді.

ІІ топ: бөлшектерден үлгі суретті құрастыру.

ІІІ топ: баспа әдісін пайдаланып көктем мезгілін бейнелейді.

ІV топ: жазғы табиғатты петрадан қиылған бөлшектерден жапсыру.

Табиғат Ана балаларға рақметін айтып, қоштасады.

 

 

Табиғат анамен сәлемдеседі.

 

 

 

Жұмбақтың шешуін табады.

 

-Күн.

 

-Су.

 

 

Жоғарыда, аспанда орналасқан.

-Төменде, жерде ағады.

-Жоқ, күннің түсі сары болады.

-Қар ақ түсті болады.

-Жоқ, бұлттар көк түсті.

 

 

-Үшбұрыш,

-Сары түсті.

 

 

 

 

-Күз мезгілі.

-3 ай бар.

-Айнала сары түске боялады, жапырақтар сарғаяды, күн суытады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

 

-Дөңгелек.

-Ақ түсті.

-Қыс мезгілі.

-Аппақ түске оранған.

-Қар жауып дала аппақ қар болады, боран соғады, күн суытады.

-Шанамен сырғанаймыз, аққала жасаймыз, қармен атысып ойнаймыз.

 

-Төрбұрыш.

-Жасыл түсті.

-Көктем мезгілі.

 

-Жасыл түске боялады.

-Қар ериді, жерге шөп шығады, ағаштар бүршік жарады, жеміс ағаштары гүлдейді, құстар қайтып келеді.

 

-Тіктөрбұрыш.

-Түсі қызыл.

 

-Жаз мезгілі.

-Дала гүлденіп қызыл түске боялады, күн ысиды, жеміс-жидектер піседі.

 

 

Зере:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Раяна:

Табиғат біздің анамыз,

Табиғат біздің панамыз.

Таза болса табиғат,

Бізде аман боламыз.

Керемет:

Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

 

 

Тәрбиешімен бірге өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар 4 топқа бөлініп шығармашылық жұмыстарымен айналысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті түзету

 

 

-Бізге қонаққа кім келді?

-Біз бүгін не жайында сөйлестік?

-Табиғат бізге не береді?

 

-Шығармашылық ортада не жасадық?

-Жарайсыңдар балалар? Сау болыңдар!

 

 

-Табиғат Ана келді.

-Жыл мезгілдері жайлы.

-Сұлулық және жақсы көңіл күй береді.

-Сурет салдық, жапсырдық, құрастырдық.

-Сау болыңыздар!

 

 

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртуы: жыл мезгілдері мен олардың ерекшеліктері жайында.

Түсінуі: табиғаттың бізге берер сыйы көп екенін және табиғатқа қамқорлық жасауды.

Қолдануы: қағазбен жұмыс істеу әдістерін, бөлшектерден бүтін құрастыру реттілігін, бояуды ұқыпты пайдалануды, ұжыммен бірлесіп жұмыс істеуді.

Previous Article

Бала тәрбиесі- баршаның ісі

Next Article

Ауаның ғажайып қасиеттері

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    Мен + сен = біз

    15 мая, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу

    8 февраля, 2021
    By
  • Балабақша

    ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (23-27Қазан2017 ж.) 2- кіші топ

    8 января, 2018
    By admin
  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІТехнологиялық карта

    Алма мен алмұрт

    24 февраля, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Бақыт отбасынан басталады

    16 мая, 2020
    By admin
  • Балабақша

    Үй құстары

    14 октября, 2018
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша әдістемесі

    Күзгі табиғат (байланыстырып сөйлеу

  • Жалпы рубрика

    Бастауыш сыныптарда топтық жұмыстың тиімділігі

  • Балабақша

    Алтын балық

 

Жаңа жарияланымдар

  • Армысың, әз-Наурыз!
  • «Бала — біздің болашағымыз»
  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы
  • 1 наурыз -Алғыс айту күні
  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды
  • Жүн және одан жасалатын заттар
  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»
  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

Күнтізбе

Март 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
« Фев    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика