«Буын»
Буын.
Ересектер (В) «Балауса» тобы
21.11.2019ж
Сабақтың мақсаты:Балаларға сөзді бірнеше бөлікке бөлуге болатыны туралы түсіндіру, ол бөлік буын деп аталатынын ұғындыру.
Ұлттық ойындарды ойнату арқылы,салт-дәстүрді бойларына сіңіру, ой-өрісін дамыту.
Ойын арқылы білімдерін жетілдіру, балаларды ұлтжандылыққа, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Этнопедогогика технологиясы.
Көрнекіліктер:Мақал-мәтел, жұмбақтар, ойындардың суреттері, схемалар, асықтар, теңгелер,аттар.
Қуаныш шеңбері:
Көп қызық бар әлемде,
Құштар бол сен білімге
Бізбен оқы, жалықпа,
Білменгенді анықта.
Ойнайықта, ойлайық,
Кітаптарды оқиық.
Жеңістерге әрдайым,
Біліммен жетейік.
Балалар сөз буынға бөлінеді,сөзде неше дауысты дыбыс
болса,сонша буын болады.
Балалар сендер қандай ұлттық ойын ойнайсыңдар?
Жұмбақ:
Түрлі-түсті тастарды,
Иіріп-иіріп тастаймын. Ол не?
Дұрыс, ендеше қолымызды шапалақтау арқылы, асық сөзін буынға бөліп көрейік.
-А-сық.
Неше буын бар? Қанша дауысты дыбыс бар?
Неш рет шапалақтадыңдар?
Балалар біздің топқа бүгін Қожанасыр атамыз қоржын әкеле жатыр екен. Екі топ болып қарсы алайық.
1-топ: “Каусар”, 2-топ: “Қыран
Қожанасыр атамыз келгенше, қазақтың ұлттық ойыны “Орамал тастамақ” ойынын ойнайық.
Екі топтың балалары орамал тастау арқылы кезектесіп қойылған сұрақтарға жауап береді.
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
3. Сөз неден құралады?
4. Сөйлем дегеніміз не?
5. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
6. Дауысты дыбыс дегеніміз не?
7. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
8. Сөз неге бөлінеді?
Дұрыс балалар қай топтың балалары көп жауап берсе, сол топқа жұлдызша береміз.
Ғажайып сәт: Қожанасыр атаны қарсы алады.
Қожанасыр ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар қоржын тойларың құтты болсын! Мен сендерге
үлкен қоржынмен келдім. Қоржынымдағы асықтарға,
сендерге арнап тапсырмалар,ойындар дайындап келдім.
Орындауға дайынсыңдар ма?
“Асық” ойыны:
1. Асықтағы тапсырма: Санамақ айту.
2. Асықтағы тапсырма: Жаңылтпаштар айту.
3. Асықтағы тапсырма: Мақал-мәтел айту.
4. Асықтағы тапсырма: Жұмбақтар шешу.
5. Асықтағы тапсырма: Сөзжұмбақ.
Сергіту сәті: Дөңгеленіп тұрамыз,
Шаңырақты көтеріп
Керегені құрамыз.
Уықтай боп иіліп,
Киіз үйді құрамыз.
“Теңге алу” ойыны:
Балалар атпен атпен шауып келеді де, жерден теңге алып
“тыйым сөздер” айтады.
“Хан талапай” ойыны: Балалар бөлінген буындарға сөз құрайды.
ал-, -та, са-, қа-, ша-,-ға,ма-;
Балалар бүгінгі қоржын тойларың жақсы өтті.Айтыңдаршы менің ойындарымның қайсысы сендерге ұнады?
Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар Қожанасыр атамызбен қоштасайық.
Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
Кәне, қай топ қанша жұлдызша жинады, бірге санайық.
Сабақтан алған көңіл-күйлеріңді,смайликтермен көрсетіңдер.