Сырт келбет және өмір салты
Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ | ||||||||||||||||||
8-бөлім. Адамның сыртқы келбеті мен мінезі.
Сабақ тақырыбы: Сырт келбет және өмір салты |
||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің есімі: Султангереева Г.О.
|
|||||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны:
|
||||||||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
О5.2.5.1. Мәтін мазмұнын түсінуге,нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
ӘТН 5.4.4.3. Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу
|
|||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Оқылым мәтінін мазмұнына сай сұрақтар құрастырады, сын есімді табады.
Оқушылардың басым бөлігі: Нақты ақпараттарды анықтап, мәтіннен шырай түрлерін ажыратады.
Кейбір оқушылар: Сын есімдерді шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігіне сай қолданады.
|
|||||||||||||||||
Бағалау критерийлері:
|
Мәтіндегі нақты ақпараттарға сай сұрақтар құрастырады.
Сын есімнің шырай түрлерін анықтап, сын есімдерді зат есім орнына қолданады.
|
|||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Өз ойын еркін айта алады, сұрақтар құрастырады. | |||||||||||||||||
Сөздік қор мен терминдер: ұзын бойлы, алма бет,қоңқақ, қой көзді, қиғаш, | ||||||||||||||||||
Бұйра, кәрі,жүзіктің көзінен өткендей,жүрегігің түгі бар | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Мәдениеттілік, мінез сұлулығы | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану, бейнелеу өнері | |||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, слайд | |||||||||||||||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім | Адамның сырт-келбеті жайлы көркем шығарма үзінділері, суреттерде бейнеленген адамдардың түр-тұлғасын сипаттау, өмір сүру салты туралы түсініктері бар | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | |||||||||||||||||
Басталуы | Ширату жаттығуы:
«Автопортрет» сергіту сәті. (Көрші суретін салу, зерделеу, бағалау, пікір айту). Гүл түстері арқылы топқа бөлу Оқылым алды тапсырмасы. Тақтадағы суретке көңіл аударайық:
Сырт келбетіне қарап адамды тануға бола ма? Өмір салтының адамның сырт келбетіне әсері бар ма? Талдау сұрақтар арқылы сабақтың мақсаты анықталады. |
|||||||||||||||||
Ортасы | Оқылым тапсырмасы.
ЖЖ. 1-тапсырма: С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесінен үзінді беріледі Мәтінді түсініп оқы. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтап алыңыз. Анықталған ақпараттар негізінде 3 сұрақ құрастырыңыз. Мәтіннен сын есімді табыңыз.
Дескриптор -Мәтін мазмұнын оқиды және түсінеді -Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтайды. -Анықталған ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырады, мәтіннен шырай тудыратын жұрнақтарды табады.
ҚБ. «Бағдаршам» әдісі.
2-тапсырма: Мәтіннен сын есімдерді тауып, шырай түрлеріне қойып қолданыңыз.
Саралау: кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында көмек қажет болады.
ҚБ. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» |
|||||||||||||||||
Аяқталуы
Кері байланыс. |
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Ж. Мәтінді үлгі ретінде алып,сын есімдерді қолданып, парталас көршісінің портретін сипаттап жазады
Бағалау критерийі. -Парталас көршісінің портретін жазады. -Мәтін ішінен сын есімдерді табады. -Үш сын есімді шырай түрлеріне айналдырады.
БББ кестесі.
|