Сырт келбет және өмір салты

Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ
8-бөлім. Адамның сыртқы келбеті мен мінезі.

Сабақ тақырыбы: Сырт келбет және өмір салты
Күні: Мұғалімнің есімі: Султангереева Г.О.

Сынып: 5 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты
О5.2.5.1. Мәтін мазмұнын түсінуге,нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
ӘТН 5.4.4.3. Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Оқылым мәтінін мазмұнына сай сұрақтар құрастырады, сын есімді табады.

Оқушылардың басым бөлігі: Нақты ақпараттарды анықтап, мәтіннен шырай түрлерін ажыратады.

Кейбір оқушылар: Сын есімдерді шырай түрлерінің көркемдік
ерекшелігіне сай қолданады.

Бағалау критерийлері:

Мәтіндегі нақты ақпараттарға сай сұрақтар құрастырады.
Сын есімнің шырай түрлерін анықтап, сын есімдерді зат есім орнына қолданады.

Тілдік мақсаттар Өз ойын еркін айта алады, сұрақтар құрастырады.
Сөздік қор мен терминдер: ұзын бойлы, алма бет,қоңқақ, қой көзді, қиғаш,
Бұйра, кәрі,жүзіктің көзінен өткендей,жүрегігің түгі бар
Құндылықтарды дарыту Мәдениеттілік, мінез сұлулығы
Пәнаралық байланыстар Өзін-өзі тану, бейнелеу өнері
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта, слайд
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Адамның сырт-келбеті жайлы көркем шығарма үзінділері, суреттерде бейнеленген адамдардың түр-тұлғасын сипаттау, өмір сүру салты туралы түсініктері бар
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
Басталуы Ширату жаттығуы:
«Автопортрет» сергіту сәті.
(Көрші суретін салу, зерделеу, бағалау, пікір айту).
Гүл түстері арқылы топқа бөлу
Оқылым алды тапсырмасы.
Тақтадағы суретке көңіл аударайық:

Сырт келбетіне қарап адамды тануға бола ма?
Өмір салтының адамның сырт келбетіне әсері бар ма?
Талдау сұрақтар арқылы сабақтың мақсаты анықталады.
Ортасы Оқылым тапсырмасы.
ЖЖ.
1-тапсырма: С. Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімесінен үзінді беріледі
Мәтінді түсініп оқы. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтап алыңыз.
Анықталған ақпараттар негізінде 3 сұрақ құрастырыңыз. Мәтіннен сын есімді табыңыз.

Дескриптор
-Мәтін мазмұнын оқиды және түсінеді
-Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтайды.
-Анықталған ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырады, мәтіннен шырай тудыратын жұрнақтарды табады.

ҚБ. «Бағдаршам» әдісі.

2-тапсырма:
Мәтіннен сын есімдерді тауып, шырай түрлеріне қойып қолданыңыз.

Сын есім Шырай түрлері

Саралау: кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында көмек қажет болады.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Аяқталуы

Кері байланыс. Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Ж.
Мәтінді үлгі ретінде алып,сын есімдерді қолданып, парталас көршісінің портретін сипаттап жазады

Бағалау критерийі.
-Парталас көршісінің портретін жазады.
-Мәтін ішінен сын есімдерді табады.
-Үш сын есімді шырай түрлеріне айналдырады.

БББ кестесі.
Бұрыннан білемін Осы бөлімде білдім Болашақта білгім келеді?
Нені? Сырт келбет пен өмір туралы не пайымдадың,түсінігің кеңейді ме? Нені білгің келеді?
Сөздің қорың көбейді ме?
Сын есімнің шырайлары мен заттанған сын есімді түсіндің бе,қалай білдің?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.