Н н дыбысы мен әрпі
Ф.И.О. Ботабаева Фарида Акимбековна
Қала: Шымкент қаласы.
Мектеп: Шымкент қаласы білім басқармасы Қосалқы мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қызметі: мұғалім – дефектолог
Тақырыбы: Н н дыбысы мен әрпі.
Сынып: 1
Оқу пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: «Н н» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «Н н» дыбысы мен әрпімен таныстыру. Н дыбысынан
басталатын сөздерді түсініп, анық айтуға, сөздерді буынға бөліп айтуға
үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту. Н әрпінен
басталатын сөздерді айтқызу арқылы сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік:Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: Кеспе әріптер, суреттер, кеспе буындар, бейнежазба.
Әдіс — тәсілдер: Сұрақ-жауап,түсіндіру, көрнекілік, ойын.
Пән аралық байланыс: айналамен таныстыру, бейнелеу,математика.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
(Сабаққа дайындықтарын бақылау)
ІІ Психологиялық көңіл-күйге келтіру.
Бәріміз бір болсақ
Бәрінде жеңеміз
Бірігіп жұмылсақ
Білімді игереміз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай ай?
- Аптаның қай күні?
- Бүгін нешесі?
- Қазір қандай сабақ болады?
Үй тапсырмасын тексеру.
«Бәйге жарыс» қызығушылығын ояту.
Балалар өткен тақырыпты еске түсіру үшін сендерді бір тосын сый күтіп тұр. Қораптың ішіндегі тосын сыйды топ басшылары келіп алып, тапсырманы орындайды.
І топ Суретпен жұмыс жасайды.(әңгіме құрайды)
ІІ топ М әрпіне байланысты жұмбақ шешеді.
Түйе өркеші –
Қарайық
Ұқсайды оған қай әріп (М)
Еріксе,
Құйрығымен ойнайды.
Зеріксе,
Ұйқыға бір тоймайды.(мысық)
ІІІ топ М әрпінен басталатын сөздерді атайды.
Жаңа сабақ
Суретпен жұмыс.
- Балалар мына суреттерге назар аударыңдар нелер бейнеленген атаймыз.
Нан нар нәресте найза
- Бұл сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Дұрыс балалар.
- Бүгін біз Н н әрпімен танысамыз.
Бейнежазбаға мұқият қарап заттарды атаймыз. Апаймен бірге Н н әрпінен басталатын сөздерді қайталаймыз. Сөздерді анық айтуға үйренеміз.
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп – кішкене ағаштар
Биік болып өседі.
Тіл дамыту жұмысы:
І топ Суретке қарап сөйлем құрау «Наубайханада».
ІІ топ «Шашылған әріптер» әдістемесі бойынша жұмыс жасайды.
Шарты: шашылған әріптерден буын, сөз құрап оқиды.
Т А Р М
О Н Л
Н П А
ІІІ топ Берілген суреттердің ішінен «Н» әрпі барларын қоршап көрсетеді.
Сабақты бекіту: «Сөз ойла, тез ойла» ойынын өткізу арқылы сабағымызды бекітеміз.
Шарты: Н н дыбысынан басталатын сөдерді жалпы айтады.
І топ Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
ІІ топ Бір сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.
ІІІ топ Суретін салады.
Рефлекция : Сабақ сендерге ұнады ма?
Оқушылар өз көңіл — күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді.
Қорытынды:
Оқушылар Н н әрпін меңгерді.
Сөздерді анық айта білді.
Сөздерге дыбыстық талдау жүргізеді.
Бағалау критерийі: Оқушыларды білім деңгейлеріне қарап мақтап – мадақтап бағалау.
Үйге тапсырма: Н н әрпіне байланысты жұмбақ құрастыру.