Қоршаған ортамен танысу тақырыбы: «Менің мейірімді отбасым»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы:«Таным»
Бөлімі : «Қоршаған ортамен танысу»
Тақырыбы : «Менің мейірімді отбасым»
Мақсаты :- отбасы сүйіспеншілігі сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
— отбасындағы өзара сыйластық қарым -қатынас дағдыларын дамыту;
— отбасындағы үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Отбасы суреті, үй, дидактикалық материалдар.
Сөздік жұмыс: Отбасы мүшелері, менің жақындарым, туыстарым, менің үйім.
Билингвалдық компонент: Менің сүйікті үйім — мой любимый дом, отбасы – семья, мейірімді отбасы – добрая семья
Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс –әрекеті Балалардың іс –әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері
Бақыт — біздің сиқырлы шеңберіміз!
Бақыт — біздің достарға сенгеніміз!
Бақыт — біздің жарқын болашағымыз!
Бақыт біздің тату — тәті отбасымыз!
Бақыт біздің бала бақшаға келгеніміз!
— Балалар тыңдаңдаршы бұл не қылған дыбыс?
— Жақындап қарайықшы.
— Қараңдаршы тауық пен әтештің нелері пайда болды?
— Балапандар қайдан шығып жатыр?
— Енді оларды қалай айтуға болады? Балалар өлең жолдарын айтып, сәйкес қимыл-қозғалыстарды орындайды

Балалар тыңдайды.

-Бұл тауық пен әтештің дыбыстары.
— Олардың балапандары пайда болды.

— Балапандар жұмыртқаны жарып шығып жатыр.
— Оларды бір отбасы деп айтуға болады.
Іздену-
Ұйымдастырушы -Отбасы дегеніміз не?
— Отбасы орысша қалай айтады?
— Дұрыс айтасыңдар, әр кімнің өзінің отбасы болады.
— Отбасында кімдер тұрады?
— Отбасы мүшелерін орысша атап айтайықшы.
— Ағылшынша айтайық.
— Отбасы мүшелері туралы білетін тақпақтарыңды айтыңдаршы.
— Балалар, сендер ата-аналарыңмен біргефотокөрме ұйымдастырған болатынсыңдар.
— Біздің қонақтар сендердің отбасыларың туралы білгісі келеді, сондықтан таныстырып кетейік.

— Рахмет балалар, сендердің отбасыларыңмен де таныстық.
Сергіту сәті: (саусақ гимнастикасы)
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, ойнайық екеуміз:
Бас бармағым — папам,
Балаң үйрек — апам,
Ортан терек — ағам,
Шылдыр шүмек — мен,
Титтей бөбек — сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз!

— Балалар сендер отбасымды жақсы көреміз деп айттыңдар, ал сендер оларға көмектесесіңдер ме?
— Ендеше қазір тексеріп көреміз. Мен сендерді «Мейірімді істер» атты ойынға шақырамын.
— Балалар менің қолымда әдемі себет бар осы себетке мейірімді істерді жинаймыз.
Ол үшін мынатүрлі-түсті гүлдерді алып үйде ата — аналарыңа қандай көмек көрсететіндеріңді айта отырып гүлді себетке салу керек.
— Жақсы балалар, қараңдаршы біздің себетіміз мейірімді істерге толды.
— Балалар бізге Камиланың анасы мен Айшаның анасы келіп отыр тыңдайық.
— Құрметті аналар, біздің балалар жаңа ғана өздерінің отбасы және отбасына қандай көмек көрсететіні жайлы айтып берді. Енді сіздер өз балаларыңыз жайлы айтып берсеңіздер.
(Ата- аналар өз балалары жайында айтып береді)
-Балалар ағылшын тілінде өлеңді есімізге түсірейік.
-With my foot I tap, tap, tap.
With my hands I clap, clap, clap.
Right foot first, left foot than. Round, around and back again.

— Балалар ал осы тұрған бәрімізді бір отбасы деп айтуға болады ма? Неге?

— Бір үйде, бір пәтерде тұратын адамдар.
— Отбасы дегеніміз жақын адамдар, үйдегілер.
— Отбасы – семья.
— Отбасында ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас тұрады
— Мама, папа, бабушка, дедушка, сестра, брат.
— mother, father, grandfather, grandmother, sister, brother.

Балалар отбасы, отбасы мүшелері туралы тақпақтар айтады.
— Анашымды сағынам,
Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан,
Бөбегі де кетпейді.
— Әр күн сайын,
Маған дәйім.
Қамқор болдың,
Әкетайым!
(Балалар фотосуретте кім бейнеленгенін айтып түсіндіреді.)
— Мынау менің әкем, мынау анам және мен, біз бұл суретке отбасымызбен саябақта түскен едік.
— Мына суреттегі менің отбасым, атам, әжем, әкем, анам, ағам және мен. Менің отбасым үлкен.
— Мынау- менің отбасым.
Танысыңдар, достарым.
Мынау- әкем, бұл шешем,
Інім, әпкем және мен.
— Мен отбасымды жақсы көремін. т.б
( балалар саусақтарын, жұдырықтарын ашып сөздерді айта отырып көрсетеді)

— Ия, көмектесеміз.

Балалар ойынға тұра қалады.
Балалар әдемі гүлдерді бір-бірден алып:
— Мен ыдыс жуамын.
— Мен үй жинаймын.
— Ойыншықтарымды жинаймын.
-Ұйқыдан тұрған соң төсегімді жинаймын.
— Үйдегі гүлдерді суарамын.
— Щаңсорғышпен шаң сорамын. т.б айтып салады.

Балалар аналарын тыңдайды.
Балалар ағылшын тілінде өлеңді айтып, қимылмен көрсетеді.

— Ия бір отбасы деп айтуға болады.
-Өйткені біз бір балабақшаға келеміз.
— Бір топқа келеміз.
— Бірге ойнаймыз.
— Бірге тамақ ішеміз.
— Бірге өлең айтып билейміз.

Рефлексивті коррекциялаушы — Ендеше мен сендерді бір отбасы ретінде коллаж жасауды ұсынамын.
— Балалар қараңдаршы істеген коллажымыз қалай болды?
— Несімен ұнады?
— Енді осы коллажды қабырғаға іліп қояйық.
— Балалар, «Менің отбасым» деген өлеңін айтайықшы.
Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар
Отбасым мыналар:
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар…
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін еремін.
-Жарайсыңдар балалар, келген қонақтармен қоштасайық.
Балалар коллаж жасайды. Өздерінің фотосуреттерін жапсырады.
Коллаждың қалай шыққандығын әңгімелейді.
— Коллаж өте әдемі шықты.
— Маған ойыншықтар ұнады.
Коллажды қабырғаға іліп қояды.

Балалар өлеңді айтып, қимылмен көрсетеді.

Балалар келген қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:.
Жасай біледі: Өз отбасылары туралы әңгімелеп айтуды;
Түсінеді : Отбасындағы үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болу керектігін;
Қолданады : Отбасы мүшелері туралы тақпақ, өлең айтуды;

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *