Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж

  • Балабақша тәрбиешілерін артық есеп беруден арылтатын бұйрық туралы

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2022

  • Мектептің мектепалды даярлық сыныбына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудыңүлгілік оқу жоспары(5 жастағы балалар)

  • Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

Балабақша
Home›Балабақша›«Ғажайып көбелек» (арт терапия)

«Ғажайып көбелек» (арт терапия)

By admin
25 мая, 2020
1785
0
Share:

«Ғажайып көбелек» (арт терапия)

Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру, релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру. Балаларға АРТ — терапия туралы түсінік беру; сурет салу, құм, ертегі терапиясының жаттығуларын орындау, әсемділікті сезінуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: А4 қағаз, түрлі түсті бояу, су бояу, құм, ертегілер
Әдіс — тәсілі: ертегі терапия, құм терапиясы, арт терапия
Сабақтың барысы
Міне сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.
Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук — тук дейді. Енді осы кішкене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір — бірімізді жылытайық. Бір – бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болумыз керек. Балалар, мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.

Ойын: Жаңбыр (слайд)
Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.
1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек — кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып — тұру).
5. Жан — жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)

Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр? кәне артынан барайықшы
Құм салынған үстелге жақындайды.
— Құм терапия жаттығуы.
— Қолды құмға салу.
— Саусақтарының арасынан құмды уқалау.
— Қолды құмға жасыру.
— Құмды себелеп құю.

Сиқырлы алақан жаттығуы
Мақсаты: жаттығу шығармашылықты дамытады,өз қиялын оятады.
Материалдар: парақ, сулы бояу, қарындаш.
Өтілу барысы: Әрбір қатысушыда парақ, түрлі–түсті қарындаштар, қарындаш болуы керек. Бәрі шеңбер құра отырады. балаларға өз алақанына өзіне ұнаған бояуды жағып алып, сонаң соң ақ қағазға түсіреді. Кейін сол түскен саусақтардың ізінен өз қиялымен сурет жасап шығару керек. Тағыда жетіспеген элементтер қосуға болады. Жұмысты талдау.

Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі» ертегіні айтады:
— Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан — жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?

Психолог: Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.

Психолог: Міне, біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар біз мына көбелектерге қандай түс көргілерің келеді? Соның суретін салып бояйық. Балалар сурет салады.

«Болады, болмайды» жаттығуы.
Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса — онда аяқпен топылдатады.
Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді — алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр — аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.

Тренинг: қорқыныш
Орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып кеттік. Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты жануар шығар, бір дауыс естіледі. (Мяу) Көзімізді ашып қарайық. Ол кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық. Міне, мысықпен дос боламыз, енді қорықпаймыз

Рефлексия
Булдіршіндерге бүгінгі сабақ туралы ойларын білу, сұрақтар қою.
• Бүгінгі сабақ ұнады ма, қандай әсер алдың?
• Бүгінгі сабақта саған не жаңалық болды?
• Болашақта өзіңе осы сабақтан не алар едің?
«Жақсы сөз» жаттығуы арқылы қоштасу.

Previous Article

Қоршаған ортамен танысу тақырыбы: «Менің мейірімді отбасым»

Next Article

Ағылшын тілі жаһандық тіл

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    Шын дос –асыл қазына

    22 апреля, 2020
    By admin
  • Балабақша

    Төрт мезгіл

    19 июня, 2018
    By admin
  • Балабақша

    «Балабақша бақыт баспалдағы»

    5 декабря, 2019
    By admin
  • Балабақша

    Мұғалімдік мамандық — бұл адамтану

    20 июня, 2019
    By admin
  • Балабақша

    «Үйшік» ертегісі

    24 января, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Ата заңым — елдігімнің еңсесі

    9 октября, 2019
    By Шманова Айгерим

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Ашық сабақтар

    Волшебный пластилин

  • БалабақшаТехнологиялық карта

    Ұ ұ дыбысы және әрпі

  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Құстар біздің досымыз

 

Жаңа жарияланымдар

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды
  • Жүн және одан жасалатын заттар
  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»
  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • циклограмма
  • Геометриялық пішіндер мен денелер.
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

Күнтізбе

Февраль 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
« Янв    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика