Ата-аналарға кеңес
Ата-анаға кеңес
Біз «Кішкентай баланың ауыртпалықтары аз болады», — деген тұжырыммен келіспейміз. Өйткені бұл ата-аналардың ойларын негізсіз жауапсыздыққа бағыттап, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу әлі «ертерек», оларды тек «өсіру» ғана қажет деген қате пікір тудырады.
Әрине, сәбидің дене тәрбиесі бойынша қамқорлық жасау – оның теңгерімді тамақтануы, ұйықтауы мен ойнауы және серуендеуі, яғни, «өсіру» ұғымының астарындағы барлық әрекет үшін қолайлы жағдай туғызу бұл – ата-аналардыі маңызды міндеті. Бірақ оның психикалық денсаулығы, сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің жемісті дамуы, пайдалы дағдылар мен әдеттерге үйренуі, адамгершілік, моральдық және рухани нормалар мен дәстүрлерді, яғни, «тәрбиелеу» ұғымынң астарындағы барлығын меңгеруі де, ата-аналардың қамқорлығы мен басты назарында болуды қажет етеді.
Бала өсіп, есейеді, кез келген жағдайда өзін қалай ұстау қажеттігінің барлығына өздігінен үйренеді деп ойлау – қателік болып саналады. Мектепке дейінгі жастағы балаға ықпал ету, оның бойында жақсы қасиеттер тәрбиелеу мүмкіндігін жіберіп алсаңыз, оны уақыт өте келе қайтара алмайсыз. Бұл жаста пайда болған эмоцияналдық реакциялар және мінез-құлықтық модельдердің стереотиптері әрі қарай мінез-құлықтың ерекшеліктеріне және жеке тұлғаның мінездемесіне айналады. Кейіннен баланы тәрбиелеу емес, қайта тәрбиелеу қажет боп жатады. Дана халқымыз «Баланы жастан», деп текке айтпаған болар.
Сондақтан да мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналары өз бетінше білім алумен айналысып, жоғары деңгейдегі педагогикалық мәдениеті бар білімді ата-аналар болуға бар күш-жігерлерін жұмсаулары қажет. Осылайша олар өз баласының жеке ерекшеліктерін жақсы түсінуге және ескеруге үйреніп, баласының есею кезіндегі міндетті түрде туындайтын дағдарыстарымен күресуге дайын болады, баланың қажетті үйлесімді толыққанды дамуы үшін жағдай жасай алады.
3 жастан 6 жасқа дейінгі кезеңді мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі деп атайды. Алдындағы – нәрестелік (алғашқы кезең) және ерте балалық (1 жастан 3 жасқа дейінгі) екі кезеңдерде баланың қимыл-қозғалыс саласы белсенді дамиды, ойы қалыптаса бастайды, жеке тұлғаның алғашқа тұрақты қасиеттері пайда болады.
Ерте балалық шақ кезеңінің аяқталуы, баланың бойында өзіне деген қарым-қатынасты қайта құруға деген қажеттіліктің қалыптасуынан байқалады: бөбек алғаш рет өзіндік «Менін» түсінеді және осыған байланысты анасынан алыстауға, көп нәрсені өзі жасауға, кез-келген мәселені өзі шешуге тырысады.
Басқа сөзбен айтқанда, оның өмірінде маңызды психикалық дағдарыс – үш жастағы балалардың дағдарысы болады. Ата-аналар баласының бұл кезеңнен тиімді шығуына көмек беру үшін, дағдарыстың өту қарқыны мен бұл кезеңде баланың басынан өтетін ішкі дағдарыстары туралы білулері керек.
Бұдан кейін келетін мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі баланың жеке тұлғасының қалыптасуы, оның есеюіне байланысты тіршілік қызметінің табыстылығы үшін аса маңызды. Тап осы кезеңде баланың бастапқы әлеуметтенуі жүреді – ол әлемнің құрылымы туралы алғашқы білімге қол жеткізеді, жақын адамдарымен және созиумдағы қарым-қатынастағы мінез-құлықтың дағдылары пайда болады.
Атақты психолог Алексей Николаевич Леонтьев мектепке дейінгі жастағы балалық шақты: «Бұл жеке тұлғаның алғашқы іс жүзінде қалыптасу кезеңі, мінез-құлықтың жеке тұлғалық «мехонизмдерінің» даму кезеңі. Мектепке дейінгі жылдарды баланың дамуында алғашқы түйіндер түйіледі, қызметтің жаңа, жоғары бірлігін және онымен қатар жаңа субьектінің жоғары бірлігі – жеке тұлғаның бірлігін тудыратын алғашқы байланыстар мен қарым-қатынастар орнайды. Сондықтан да мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі, бұл жеке тұлғаның психологиялық мехонизмдерінің іс жүзіндегі қалыптасу кезеңі, бұл өте маңызды», — деп сипаттаған.
Мұның барлығы мектепке дейінгі тәрбиелеу және мектепалды білім берудің мақсаттарын ескереді:
- баланың сенсорикасын дамытуды қамтамасыз етеді (сенсорлық тәрбиелеу дегеніміз – баланың қабылдауын дамыту және заттардың сыртқы қасиеттері: олардың түрі, түсі, көлемі, иісі, дәмі, кеңістіктегі күйі туралы ұғым қалыптастыру);
- негіздік мәдениет негіздерін беру;
- ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру.
Баланың жеке тұлғасын дамыту стихиялық жолмен өтпеу керек.
Тәрбиелеу баланың бұдан кейінгі өмір жолында кезігетін қиындықтар мен кедергілерден лайықты түрде өтуіне көмектесетін жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруы қажет.
Көрсетілген мақсаттарға мектепке дейінгі тәрбиелеудің келесі міндеттерін шешу арқылы қол жеткізіледі:
- баланың жеке басының денсаулығына арналған жағдайды қамтамасыз ету;
- оның эмоцияналдық амандығын қамтамасыз ету;
- зияткерлік дамуын қамтамасыз ету;
- сәбидің ерік-жігерінің дамуын қамтамасыз ету.
Әр отбасында бұл міндеттерді шешу, әр түрлі және көптеген факторарға байланысты болады. Қазіргі заманғы ата-аналар үшін уақыттың тапшылығы, қол тимеу, мектепке дейінгі педагогика және психология мәселеріндегі жеткіліксіз түрдегі құзіреттіліктің болмауының салдары қиын тиіп жатады. Олардың көбі, жаңа заманда баланы дамытуға және оқытуға жаңа тәсілдер қажет деген жартылай қате пікірге сүйеніп, өздерінің ата-аналарының және ата-әжелерінің бала тәрбиелеудегі тәжірибелерін ұстанғылары келмейді.
Педагогикалық өзін-өзі жетілдіру жолындағы алғашқы қадам ретінде, ата-аналардың бала тәрбиелеуге деген өз дайындықтарына талдау жүргізуді ұсынамыз. Өзіңізге келесі сұрақтарды қойып көріңіз:
- Менде бала тәрбиелеу үшін қажетті жағымды қарым-қатынас бар ма?
- Менде нақты психологиялық-педагогикалық білім жеткілікті ме?
- Мен педагогикалық қызметтің тәжірибелік дағдылары мен шеберліктерін жеткілікті түрде игергенмін бе?
- Мен тәрбиелеудің негізгі қағидалары мен әдістерін білем бе?
- Менде тәрбиелеудің мақсаттарына деген стратегиялық түсінік бар ма?
- Мен өз баламның бойында қандай қасиеттерді дамытқым келетінін, оны не нәрсеге үйреткім келетінін түсінем бе?
Егерде бұл тізімдегі бірнеше сауал сіздің бойыңызда түсінбеушілік сезімін тудыратын болса, бұл кітап сізге арналған.
Құрметті ата-аналар! Біз сіздердің тәрбиелеу үдерісіне көңіл бөлгеніңіз, тәрбиелеуде пайдаланылатын өркениетті тәсіліңіз үшін, бала өмірне немқұрайымдылықпен қарамағаныңыз үшін алдын-ала алғыс айтамыз.
Өзіңіздің отбасыңыздағы отбасылық тәрбие ерекшеліктерін зерттеуге уақытыңызды аямағаныңызға рахмет. Отбасылық тәрбиенің түрлі әдістерін дұрыс таңдау және пайдалану, өзіңіздің тәрбиелеу стиліңізді ұғыну және түзету, міндетті түрде оң нәтижелер әкеліп, сіздің педагогикалық күш-жігеріңіздің тиімділігін арттырп, баламен өзара қарым-қатынасыңызды жақсартатынына сенімді болыңыз.
Біз сізге балаңыздың барлық жас ерекшелік кезеңдерінде үлкен ата-аналық табыс тілейміз!