«ҚОЛҒАП» ертегісі

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Драма
Тақырыбы: «Қолғап» ертегісі.
Білімділігі: Балаларды ертегінің көрінісін көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін,еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.
Тәрбиелігі:  Әр кейіпкердің қимылын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Суреттер. Ертегі кейіпкерлері. 

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар біздің бүгінгі болатын оқу қызметімізге сендер сабаққа қалай қатысатындарыңды, қандай болып өскендеріңді көруге қонаққа апайлар келіп отыр. Қане, бәріміз ортаға шаттық шеңберге тұрып апайлармен амандасайық.

Балалар шеңбер құрады. 

Шаттық шеңбері

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл-санамыз.

Қонақтармен бірінші,

Амандасып аламыз,

Сәлеметсіздер ме!

Тәрбиеші: Балалар  келіп отырған қонақ апайлар бізге тапсырма ала келіпті. Бұл қорап жәй қорап емес-сиқырлы қорап. Қараңдаршы қандай әдемі қорап.

Қораптың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Жұмбақтың шешуін таппас бұрын балалар біз қандай ертегілерді білеміз.

Тәрбиеші балаларға ертегілерді көрсетеді. (Балалар қандай ертегі екенін атап береді).

Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.

ЖҰМБАҚТАР:
Қыс бойына жатады, 

Тәтті ұйқыға батады. /Аю/
2.Қалқиған ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/

3.Өзі бір қу

Жүрген жері  шу./Түлкі/

4.Күші десең, күші бар,

Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/

5.Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кім шалшықта

Бірін-бірі мақұлдап./Бақа/
6.Жер қопарған тісімен,

Сескенесің түсінен. /Қабан/

7.Үй-ішін аралап

Түнде көп жортады

Қаптарды жыртады,

Мысықтан қорқады. /Тышқан/

Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне сиқырлы қорап бізге қандай әдемі сурет сыйлайды. Балалар мына суреттерден не көріп отырсыңдар?
Балалар: Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю.
Тәрбиеші: Балалар бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?
Балалар: «Қолғап» 

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Біз бүгін қолғап  ертегісін сахналаймыз. Ерте, ерте, ертеде орманда  жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю.

Тышқан:

Үй-ішін аралаймын,

Түнде көп жортамын.

Қаптарды тесемін,бірақ

Мысықтан мен қорқамын.

Бақа
Мен бақамын, бақ-бақ,

Басым менің жалпақ.

Су түбінде көп жүріп,

Басым содан жалпақ.

Қоян:

Мен ақ қоянмын,  қоянмын,

Қалқиған ұзын құлағым.

Құлағымды жел үніне,

Тігіп жатар сақ қоянмын.

Түлкі:

Ананы да алдаған,

Мынаны да алдаған.

Жүрген жерім айғай- шу,

Мен түлкімін қу.

Қасқыр:

Мен қасқырмын, қасқырмын,

Қозы ұрлайтын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде,

Қозы етін жемесем.

Қабан:

Шалшық суда,

Балшық суда жүретін.

Мен сояу тісті қабанмын.       

Аю:

Томпаң, томпаң жүретін,,

Балды жақсы көретін.

Қалың нудан бал таңдап,

Жүремін мен балпаңдап.

Тәрбиеші: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар.Бір күні шал итімен келе жатып, орманда қолғабын жоғалтып алыпты.

Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді де: 
Тышқан:
  «Мен енді осында тұрамын,қандай тамаша жып, жылы»- дейді.

Шыршалардың арасынан бақа шығады.

Бақа: «Қолғапта қайсың тұрасың?» — депті. 

Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын.

-Ал сен кімсің?
Бақа: Мен бақылдауық бақамын. Мені де кіргізші.
Тышқан: «Кел» -депті.Сөйтіп, олар қолғаптың ішінде екеу болыпты.

Міне, Қоянда жүгіріп келіп, қолғапқа жақындап: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?»,-депті.

Тышқан, бақа: «Шиқылдауық тышқанмын,бақылдауық бақамын.

 Ал,сен қайсы жануарсың?» — деп сұрапты.

Қоян: «Мен желаяқ Қоянмын.Мені де кіргізіңдерші?»-депті. 

Олар: «Кел»-депті.

Сөйтіп олар үшеу болыпты.

Одан кейін түлкі келіп: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?»-депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын. Ал сен өзің қай жануарсың?»-депті.
Түлкі: «Мен әпкелеріңмін. Кіргізіңдерші мені де»-депті

Олар: «Жарайды, кел»-депті.

Сөйтіп, қасқырда келіпті: «Мына қолғапта қайсың тұрасың ?»-депті.

Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін. Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.
Қасқыр: «Ал мен қасқыр ағаларыңмын, кіргізіңдерші мені де»,-депті.

Сөйтіп қолғапқа бесеуі де сыйып кетіпті. 

«Хро-хро-хро»,-деп қабан жүгіріп келіпті: Мына қолғапта қайсысың тұрасың? депті.

Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын,бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін, ал мен Қасқырмын. Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.

Қабан: «Мен Қабанмын, мені де кіргізіңдерші»,-депті. 

Олар: Сен мұнда қалай кіресің,-дейді.
Қабан: «Мен 
кіре аламын, жіберсеңдер»,-депті.
Олар: «Жарайды ,кіре ғой»-депті.Сөйтіп олар алтау болыпты. Қолғаптың іші тар болыпты. Сөйтіп отырғанда Аю келіп: «Мына қолғапта қайсың тұрасың?»-депті.
Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін, ал мен Қасқырмын, Мен қабанмын. Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.
Аю: «Қалай көпсіңдер, мені де кіргізіңдерші?»-депті. 

Олар:-Қалай кіргіземіз,өзі іші тар боп тұрса?»
Аю: «Қалай болса да кіргізуіміз керек?»-депті.
Олар: «Жарайды, кел жанымызға».

Сөйтіп аю да сыйып жетеу болыпты. Қолғаптың іші тар, міне жарылайын деп тұрғандай. Бір кезде ата өзінің қолғабының жоқ екенін байқап қалады. Сөйтіп қайта кері қарай жүреді, ал иті болса алға қарай жүгіріп кетеді. Жүгіріп келе жатып, қолғапты көреді. Қолғап қозғалып жатыр.

Ит сонда: «әуп-әуп-әуп»,-деп үреді.

Ей сендер құстарсыңдар ма , әлде аңдарсыңдар ма?

Қолғаптан тез шығыңдар.

Шал мылтықпен келеді.

Қолғапты алып кетеді.

Шал қолғабын алуға келеді.

(Осы кезде аңдар қолғаптың ішінен шығып, жан-жаққа шашырап қаша жөнеледі).

Шал:

-Қолғабым сендерге жайлы болды ма?

Балалар-Ия.     

-Сендер қандай ақылды, тату-тәтті аңдарсыңдар.

Менде сендермен дос болғым келеді.

Бәріміз достық әнін айтайық.

Ән: Достар әні.

Сұрақ-жауап:

-Балалар , сендерге ертегі ұнады ма?

Балалар: «Ия»

-Балалар, ертегі не жайында айтылған екен.

Балалар: «Ертегі достар жайында, бәрі бір қолғапқа сиып кетті»

-Иә, ертегі кейіпкерлері бір-бірімен таласпай, бірін-бірі итермей бәрі сол бір қолғаптың ішіне сыйыпты. Көрдіңдерме, балалар?

Біз де осылай дос болуымыз керек. Біздің топта қанша бала болса,сонша біздің досымыз көп болсын.

Жарайсыңдар балалар!..

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *