Анамызға гүл суаруға көмектесеміз

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі:Сурет салу
Тақырыбы:«Анамызға гүл суаруға көмектесеміз»
Мақсаты: Қарапайым еңбек дағдыларына тәрбиелеу.Бөлме өсімдігін көрсетуге және атауға үйрету.(Фикус ).Табиғатты тануға деген ынтасын дамыту.
Әдіс тәсілдері :
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Шаттық шеңбері.
3.Білімдерін тексеру.Дидактикалық ойын:«Ия,ия-жоқ,жоқ»
4.Жұмбақ жасыру.
5.Жаңа тақырып:«Анамызға гүл суаруға көмектесеміз».
6.Бөлме өсімдіктерін көрсету және атауға үйрету.
7.Білімді өзектендіру.Фикус гүліне сипаттама.
8.Жұмыс орындау технологиясы.
9.Сергіту сәті.
10. Дидактикалық ойын:«Не қайда өседі?»
11.Жұмысты аяқтау.
12.Қорытынды.
Көрнекіліктер: Сурет салуға арналған дәптерлер, бөлме гүлдері,субояқ,сулық.
Сөздік жұмыс: Әйел бақыты,фикус
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру, талпындыру Ұйымдастыру кезеңі
Балалар бүгін бізде ерекше оқу-қызметі болады.Өйткені бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр.
-Қане,барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып келген қонақтармен амандасып алайық.Шаттық шеңбері :
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны салайық,
Жүрек жылуын салайық.
Осы жақсы лебізді,
Апайларға сыйлайық.
Достарымызға сыйлайық.
Қайырлы күн!
Сәлематсыздар ма!

Шеңбер құрып, бір біріне жылу, көтеріңкі көңіл сыйлайды.

Сәлематсыздар ма!

Баланы ізденушілікке ұйымдастыру. Білімдерін тексеру
Дидактикалық ойын:«ия,ия-жоқ,жоқ»
Ойын шарты: Тәрбиеші өсімдіктерге байланысты сұрақтар қояды, сол сұрақтардың жауабын экраннан сурет арқылы көрсетеді. Егер жауап дұрыс болса,ия,ия деп қол шапалақтайды,ал дұрыс емес болса , жоқ-жоқ деп аяқтарын тоқылдатады. Терек үйдің ішінде өседі?Гүлдер әдемі ме?Көктемде аналарымызға гүл отырғызуға көмектесемізбе? Гүлдерге су құйып баптамаса гүлдер өседіме?Жарайсыңдар балалар, бүгінгі шапшаңдықтарыңды байқадым. Енді сабағымызды одан әрі жалғастырайық. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін табыңдар.
Адамдардың бәрі қызығады,
Су құймасаң сәні бұзылады бұл не?
Дұрыс айтасыңдар балалар. Балалар қуана ойын ойнауға кіріседі.

Жоқ,жоқ
Ия,ия
Ия,ия
Жоқ,жоқ

Гүл.
Жаңа тақырып: «Анамызға гүл суаруға көмектесеміз».
Балалар қараңдаршы мынылар нелер?
Гүлдер ненің ішінде өсіп тұр? Дұрыс, бұл гүлдер бөлмеде өседі,
сондықтан оларды бөлме өсімдіктері деп атайды.Гүлдер екі түрге бөлінеді дала гүлдері және бөлме гүлдері болып. Бөлме өсімдіктері ауаны тазартады. Осы гүлдерді суарып,шаңын сүртіп тұру керек. Ендеше сендер аналарыңа гүлге су құйып көмектесесіңдерме? Ия балалар үйде аналарыңа гүлге су құйып,шаңын сүртіп көмектесуіміз керек Ал, балалар гүлдердің аттарын атайық(Әйел бақыты,фикус т.б.)
Білімді өзектендіру.
Мен бір өсімдікті сипаттаймын,ал сендер қандай өсімдік екенін табыңдар? Жапырақтары сопақша үлкен , түсі қою жасыл. Бұл қандай өсімдік? (фикус)
Фикус гүліне сипаттама
Фикус-шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды. Ауадағы шаңды,бөлмедегі адамдардың қобалжуын, ашуын, көңілсіздігінен арылтады. Сырттан келген кері әсерлерге кедергі жасайды, бөлме ішін ылғалдандырып, улы заттардан тазартады. Жапырақтары арқылы бөлме ішін шаң-тозаңнан сақтайды. Оттегіні күндіз бөліп,түнде жұтатын қабілетке ие.
Фикус қандай күтімді қажет етеді? Жапрырақтарындағы шаңды немен сүртеміз? (сулы шүберекпен сүртеміз)
Жұмыстық орындау технологиясы.
Алдарыңдағы сурет дәптерлеріңде Фикус гүлінің сабағы салынған.Енді осы гүлдің нелері жетіспей тұр?Ендеше жапырағын салуымыз керек .
-Гүлдің сабағына дәстүрден тыс әдістерді қолдана отырып,саусағымызды жасыл түстермен фикус гүлінің жапырақтарын бейнелеу.
Балалар салынған суретімізді ауызбен үрлеп кептіреміз.
Шаршағандарымызды басу арқылы бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті
«Қызыл гүлім -ай»
Дидактикалық ойын:«Не қайда өседі?»
Мақсаты:балалардың ойлау қабілеттерін арттыру,сөздік қорларын молайту.
Шарты:көрсетілген суреттегі гүлдер мен ағаштардың қайда өсетіндігін ажыратып айту.
Терек-далада, гүлдер-үйде,далада,жеміс ағаштары,көкөністер –бақшада.
Жарайсыңдар балалар!Ал балалар суретімізді бітірмген болсақ аяқтайық.

Гүлдер.
Гүлдер құмыраның ішінде өсіп тұр.

Ия көмектесеміз

Балалар қайталайды

Фикус гүлі

Сулы шүберекпен сүртеміз

Жапырақтары

Балалар қуана келіседі.
Құмырадағы гүлдің сабағына жапырақтары жетіспейтіндігін айтады.Дәстүрден тыс әдіспен жұмыс жасауды ұғып алады.Жұмыстарын орындайды.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Далада,үйде,бақшада
Рефлексивті түзетушілік Қорытынды
Балалар сендерге суреттерің ұнады ма?
Біз бүгін ненің суретін салдық?
Келген қонақтарға өз білімдерімізді көрсете білдікпе?
Тәрбиеші балаларды мақтап оларға смайлик арқылы мадақтайды Балалар тәрбиешінің сұрақтарына көңілдене жауап береді.

Балалар алған бағаларына қуанады

Балалардың жауаптары тыңдалады
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қарапайым еңбек дағдыларын орындауды;
Түсінеді: Бөлме өсімдіктерін көрсетуді және атауды;
Меңгерді: Дәстүрден тыс әдістерді қолдана білуді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *