«Мен жаңашыл тәрбиешімін»
Мен жаңашыл тәрбиешімін.
“Бала деген – балқыған қорғасын” дейді ұлтымыздың ұлы ұстазы Абай. Қандай қалыпқа құйсаң, сондай болып шығады дегені болар данышпанның. Иә,менің әңгімем әр отбасына бақыт сыйлаған бала туралы болмақ. Мен бұл салаға қалай келдім? Деген сұраққа, былай дер едім. Әр кімнің бір сілкініп шығып еңбек етуі керек екені мәлім. Адам баласы мамандық таңдауда қателеспеу керек.Ұнатқан мамандықтың иесі болу -адам өмірінің болашағы. Міне менде осы мамандықты қалап тәрбиеші болдым.
Балабақша – білім мен ортаға биімделудің тірегі болса, ал мен сол балабақшаның тәрбиешісімін. Тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады. Менің мамандығымның қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан бүлдіршінмен жұмыс істеу. Ұлы Абай атамыз айтқандай «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл -парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға , еңбекке баулы» деген екен. Мен бұл сөзді былай деп тұжырымдадым.
— Мейір -шапағат дегені әр балаға туған анасындай жылулық сезім сыйлай алу.
-Ақыл -парасат дегені өз ортасыда өзіндік ой-пікірі бар тұлға тәрбиелей алу.
-Ғылымға , еңбекке баулы дегені білім мен біліктілігіңді, шеберлігіңді аямай періштелерді болашақ өмірге қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеу.
Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым -үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.
Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін.
Әрбір әрекеттерім жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болу үшін, өткізетін оқу қызметімді жаңа технологиялармен байланыстырып, өз топбымды әртүрлі шығармашылық бұрыштармен жасақтадым.
Алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің тылсымына ендіру маған үлкен ләззат сыйлайды.
Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын. Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл — күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін. Осндай нәтижелер арқасында балалар қоршаған ортада табиғат құбылыстарымен , танысады. Өздері түрлі рөлдерді сомдай отырып, салмақтауды үйренеді, сонымен бірге шынығып, салауатты өмір салтын ұстанады.
Мен қазіргі заман педагогі ретінде түйгенім балаларды тәрбиелеуде, білім беруде аянбай еңбек етіп, балалардың болашағынан көп үміт күтуге болатынына көзім жетті. Ендеше мен әрдайым балаларыммен бірге болып, оларды жетелеуді мақсат етіп қоямын. Білім мен тәрбие беру ісінде әр жұмысымды маңызды етіп өткізуге тырысамын.
Тағы да Абай атамыздың мына бір керемет сөзі ойыма оралып тұрғаны «Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат»
Осы үш қасиеті бар тәрбиеші қоршаған ортасының жаны, жүрегі болатынына сенемін және өз басым жылы жүрегімді , ыстық қайратымды, нұрлы ақылымды еліме, елім маған табыстап отырған тәрбиеленушілеріме арнаймын.