Достық неден басталады?
Білім беру саласы: “Әлеуметтік орта”
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті: Өзін — өзі тану.
Тақырыбы: “Достық неден басталады?”
Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым — қатынасқа үйрету.
Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге тәрбиелеу..
Әдіс — тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ — жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия, жүрекшелер.
Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар? Амансыңдар ма достарым!
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.
Балалар: Сәлеметсіз бе.
Балалар: Сәлеметсіз бе Сәуле? Мен сенің досыңмын.
Сәлеметсіз ба Жарас? Мен сенімен достасқым келеді.
Әңгімелесу
Тәрбиеші: Балалар біз «Өзін — өзі тану әлемінің» картасындағы екінші аялдамаға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрмыз. Бұл аялдамадағы суретке әңгіме құрастырады.
Балалар: Бұл суреттен бір — біріне қамқор, тату, адал достарды көріп тұрмыз.
Біз осы «Өзін — өзі тану әлемінің», « достық» аялдамасының дос, достық туралы біліп, бір — бірімізбен достасуды үйренеміз.
Тәрбиеші: Сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Достар бір — бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Балабақшада бір – бірімізбен доспыз.
Әңгімелеу
В. Осееваның «Үш жолдас» әңгімесі.
Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар, асын жоғалтқан баланың достарының қайсысын шын, нағыз дос деп айта аламыз?
Балалар: Үшінші бала нағыз жанашыр дос екенін көрсете білді.
Тәрбиеші: Сендер олардың орнында болсаң не істер едіңдер.?
Балалар: Мен досыма қолымдағы асымды берер едім. Бөліп беремін.
Ойын: «Менің досым»
Тәрбиеші: Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?
Балалар: Менің досым ренжітпейді
Менің досым алдамайды.
Мен досыммен бірге ойнаймын.
Дәптермен жұмыс:
Тәрбиеші: Балалар барлығымыздың достарымыз бар. Олар сүйкімді, мейірімді, қайырымды.. Өз достарыңды естеріңе түсіріп, суретін салып көреміз. Содан кейін суретке қарап, достарың жайлы әңгімелеп береміз.
Сергіту сәті
(Қимыл — қозғалыспен көрсету.)
Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз солға бір.
Бұрыламыз оңға бір
Біз мейірімді баламыз.
Біздер тату боламыз
Гүл – гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз.
Ғажайып сөздер:
Тәрбиеші: Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Достар тату, мейірімді болады.
Достар бір-біріне көмектеседі.
Қорытындылау:
Тәрбиеші: Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымыз үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достар бір — біріне көмектеседі. Достарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір — бірлеріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.
Тәрбиеші; Балалар достар қандай болу керек?
Балалар: Адал, тату, мейірімді, қамқор.
Балабақшада бір — бірімізбен доспыз. Ренжітпейміз. Бірге ойнаймыз.