Достық бірлікте

Ересектер тобына арналған  ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Таным

Бөлімі:  Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Достық бірлікте

Мақсаты: «Достық», «бірлік» құндылықтарының мәнін түсінуге ықпал ету;

  • Қамқорлық, бірлік туралы түсініктерін кеңейту;
  • Достық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
  • Айнала қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.

Қостілділік компонент (сөздік жұмыс): достық-дружба,  бірлік-единство.

Қызметтің кезеңдері Тәрбиеші әрекеттері Балалардың әрекеттері
 

Мотивациялық

түрткі болатын

 

Балаларға бүгін ерекше сабақ екенін айтып түсіндіру. Балалар қызығушылықтарын білдіреді
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдық — іздену

Шаттық шеңбері:

-Балалар барлығымыздың бірге енкенімізді сезіну қандай тамаша! Ал енді бәріміз қолдарымыздан ұстап, бір-бірімізбен бірлікті қолдайтынымызды білдірейік:

Достығымыз берік боп (қолдарын біріктіреді)

Бекітейік беріп қол.(алдымен бір қолын содан соң екінші қолын көрсетеді)

Қуанышты шеңберге (балалар ортаға тұрады)

Қандай жақсы қол берген  (достарын таңдап, қол алысады)

Балалар тәрбиешінің айтқанын орындайды, қайталайды.

 

 

Балалар шеңбер бойына жиналып, өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.

Әңгімелеу:

Балаларға Е.Өтетілеуовтың «Үш жолдас» әңгімесін оқып беремін

 

Мұқият тыңдайды

—         Балалардың ісінен қандай жақсы қасиетті байқауға болады?

—         Сенің достарыңа, достарыңның саған осындай көмек көрсеткен кезі болды ма?

Балалардың жауаптары
Дәйексөз:

Халық даналығы: «Бірлесе көтерген жүк жеңіл»

 

Тыңдайды, талдайды

Тыныштық сәті:  — Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бахытқа махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал, енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Көздерін жұмады, сезінеді
Ойын: «Көпір».

Еденге ұзынша лента «көпір» ретінде төселеді. Лентаның екі шетінен екі топтың балалары бір-біріне қарама-қарсы шығады. Балалар көпірден бір-біріне көмектесіп жол беріп, орындарын ауыстырып өтуі керек.

 

 

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз солға бір,

Бұрыламыз оңға бір.

Біз мейрімді баламыз

Біздер тату боламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Қайталап, текске сай қимылдар жасайды.
Шығармашылық жұмыс:  Ал балалар,  бәріміз достықпен бірлесе отырып, «Бірлік үйін», «Достық үйін» құрайық. Ол үшін алдыларыңдағы түрлі түсті қағаз-кірпіштерден үй құрастырамыз. Балалар мұқият тыңдап, келіседі.
Ұжымдық жұмыс Балалар бірлесе отырып, түрлі түсті қағаз-кірпіштерден «Бірлік үйін», «Достық үйін» құрастырады.
-Міне балалар біз ең адал, бірлікшіл, ынтымақшыл, ұйымшыл, тату достардың «Бірлік пен достық үйін» құрастырдық.  

Балалар өз пікірлерін білдіреді.

Рефлекстік — түзету Қорытындылау

-Біз бүгінгі сабағымызда достық бірліктен,  қамқорлықтан туындайтынын білдік. Бірлік-бұл балалардың балалардың арасындағы ынтымақтық, ауызбірлік, татулық екенін түсіндік. Әрқашан отбасында, балабақшада, бірлікшіл, ынтымақшыл, ұйымшыл болу керектігін түсіндік.

Балалар тыңдайды. Өз әсерлерін білдіреді.
Жүректен-жүрекке:

-Балалар, қане, бәріміз шеңберге тұрып, төмендегі өлең жолдарын бірігіп айтайық:

Балдырған баламыз,

Қашан да, қайда да

Бір-бірімізбен бірлікте боламыз!

 

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірігіп айтады.

 

 

Күтілетін   нәтиже

Түсінеді:

  • «Достық», «бірлік» құндылықтарының мәнін;

Игереді:

  • Қамқорлық, бірлік туралы;
  • Достық қарым-қатынас дағдыларын;

Біледі:

  • Айнала қоршаған ортаға мейірімді болу.

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *