Ұстазқандай болу керек?!

Ұстаз қандай болу керек?!
ЭССЕ
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін жастарға сапалы білім бере алатын жаңашыл мұғалім болу – заман талабына сай»
А.А.Сыздықова

Ұстаз – ұлы тұлға! Әйгілі филосов Конфуций «Ұстаз – күн!» -деп, ұстазды баршаға жарық, жылу шаша білетін абзал жанды күнге теңесе, әрі ағартушы, әрі ақын-жазушы Ыбырай Алтынсарин өз пікірінде «Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз мұғалім»,-деген екен. Елбасының осы бір тұжырымына сүйене отырып, қазіргі таңда сапалы білім беру мұғалімдерге жүктеліп отыр.
Қай елдің болмасын өсіп, өркендеуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан сапалы білім бере отырып, оқушының білім сапасын көтеру үшін ұстаз қандай болу керек?
Біріншіден — ұстаз парасатты, білімді, ақылды, сабырлы болуы шарт. Бұл аталған бейне ол – ұстаздың айнасы
Екіншіден — ұстаз алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтыла білу қабілетіне ие болуы шарт;
Үшіншіден – ол тілге шешен, өз дарындылығымен,іздемпаздғымен өзгеге үлгі-өнеге. Мұғалім болу оңай, ал шебер ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан, ұстаз өзін-өзі басқара білу керек.
Қысқасын айтқанда, ұстаз өз кәсібінің майталманы болуы шарт.
«Мектептің жаны – мұғалім . Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алады. Содан соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»,- дейді өз еңбегінде орыстың ұлы жазушысы Л.Толстой.
Ұстаз мәртебесін көтеруде мектепішілік әдістемелік отырыстарда, аудандық семинарларда мен өз тәжірибеммен бөлісіп, ұстаздарға қосымша әдістемелік құрал жазып шығардым. Әсіресе, мектепке келген жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетуді өз міндетім деп санаймын.
Ұстаз болу мамандығын мен бала кезімнен армандадым. Себебі, менің өз ұстазым шебер болатын. Сол маған түрткі болса керек, алғашқы ұстазымның ұстанымдарын алып келемін. Ата-анам мұғалім мамандығын таңдағаныма қатты қуанды. Себебі, олар үшін мұғалім мамандығы ең құрметті, ең қадірлі мамандық болатын.
Мейірімді, кең пейілді тұлғаны тәрбиелеп шығару үшін оқу мен тәрбиені қатар жүргізу керек. Ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби «Тәрбиесіз білім – адамзаттың хас жауы» деп айтқан болатын. Сондықтан, алдыңа келген шәкіртке білім беру үшін оның рухани жан дүниесін тазарту керек. Я.О.Каменскийдің «Оқу мен тәрбие — егіз»,- деген болатын.
Егер сыныпта білім сапасы төмен оқушы болса, ол оқушының кінәсі емес. Шебер ұстаз болса, сол баланың үлгермеу себебін тез арада анықтап, оның білімін жақсартуда оқытудың тиімді тәсілдерін қолданады. Ұстаз әрқашан өз тәжірибесіне рефлексия жасап, жұмысын жақсартып, өзгерістер енгізеді. Ол тек қана өзін емес, оқушы үні мен ата-ананың пікірімен санаса біу керек. Себебі, олардан алған кері байланыс арқылы ұстаз өзінің кәсіби деңгейін көтереді. Л.В.Выготский осы тұрғыда оқушының танымдық қабілетін психологиялық тұрғыдан зерттегенде оқушының физиологиялық дамуына, әлеуметтік тұрмысына, сыйластық қарым-қатынасына, пікірін сыйлай білуге тоқталған болатын. Сондықтан, мұғалім үлгерімі төмен оқушының отбасылық жағдайын, көңіл-күйін үнемі қадағалап мәдениетті сақтайды.
Мен өз тәжірибемде белсенді оқыту әдістерін пайдаланып, топтық жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың бірлесе оқуын қалыптастыра отырып, олардың сабаққа деген ынтасын оятуға тырысамын. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыра, сыни ойлау қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байытуды бірге алып жүремін. Өз тәжірибеммен мектепте әріптестермен бөлісіп, мектеп ішінде топтық жұмыстар, коучингтер өткіземін. Оқушылардың білім сапасын жетілдіру үшін ең алдымен олардың білім деңгейін анықтап, қажеттіліктерін білу барысында сауалнамалар жүргізіп, сыныптағы оқушыларға зарттеу жұмысын жүргізгенді ұнатамын. Бұл – оқушының жүрегіне апаратын ең тиімді жол. Өз жұмысымды сүйіспеншілікпен атқарғандай әр оқушыға да сүйіспеншілікпен қараймын.
Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдында рөлін қарапайым айта келіп, кезінде «…Салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесін берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отыратын ісіміз де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін», – деген пікірі де мұғалімге қоятын талабы ретінде естіледі. 
Өз ойымды ұлы ақын Абай Құнанбаевтың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деген өлең жолдарымен аяқтай отыра, өз ұстаздық еңбек жолымда шәкірттергі білім беру үшін әлі де талай жыл еңбек етуге дайынмын.
Сыздыкова Асем Аукешовна
Солтүстік Қазақстан облысы
«Шал ақын ауданының
Семиполка орта мектебінің» КММ
бастауыш сынып мұғалімі

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *