Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • Армысың, әз-Наурыз!

  • «Бала — біздің болашағымыз»

  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы

  • 1 наурыз -Алғыс айту күні

  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

Эссе жинағы
Home›Эссе жинағы›Соғыс өрті

Соғыс өрті

By admin
19 мая, 2020
1340
0
Share:

 

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы

Қайыңды негізгі орта мектебінің қазақ тілі  пәні мұғалімі Ф.К.Жанабаева

 

 

Соғыс өрті

Эссе

Олар өлді, тек аспан сау болсын деп.

Олар өлді, туған жер бар болсын деп,

Олар өлді, ақ арман сөнбесін деп,

Олар өлді, өзгелер өлмесін деп

1941 жылдың 22 маусымында дүние маужырап, таң қылаң берген кезде Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әлі қайғылы үнге, шуақты күн қара түнекке айналды. Бұл халық үшін ауыр кезең болды. Содан 5 жылға созылған алып соғыс басталды. Екінші дүниежүзілік соғыс-адамзат тарихындағы ұлы оқиға. Оның қасіреті мен қасиеті жаныңды түршіктіреді, әрі ерліктерге басыңды идіріп, таңқалдырады. Соғыс адам жаратылысының ғаламат құпияларының шексіздігін көрсетті. Ел басына күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Қарсы келген адамға қасқайып қарсы тұрды.

Әрине, әдемі етіп суреттеуге болар. Бірақ ет пен сүйектен жаралған пенденің күйі бөлек емес пе? Оған өз мүмкіндігінен тыс ерлік көрсет деп талап қоюдың жөні жоқ. Сен батыр атануға тиіссің дейтін бұйрықты еш қолбасшы бере алмас, орындата да алмайды. Соғыс-басқа төнген зауал.

Осы жылдары республикамыздан 1 миллион 196 мың 164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикадан еңбек майданына 700 мың адам жіберілді. Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттаушы арқылы 1 миллионнан 200 мыңдай адам сапқа тұрды. Отанымызды қорғау үшін, еліміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды. Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін майдан үшін еңбек етті. «Бәрі де майдан үшін» деген ұран әркімнің көкейінде тұрды. Бұны да елге ұран, ұрпаққа үлгі емес деп кім айтар?  Халқымыздың 20 мен 30-дың арасындағы қылшылдаған жастарының өмірін, үміті мен болашағын баудай қиып түсірген, осы қан-қасап қырғында тек қазақ ұлтының өзінен 1 миллион 250 мың адам опат болған бұл соғыстағы:

Барамын тартып батысқа,

Жортуыл, қырғын, түн қату,

Өлтіру, өлу атысқа!

Жігіттің жігіт болғаны,

Жаудан елін сақтаса,

Жау шапқанда еліне.

Қояндай бұғып қашпаса

Ажал сан жауға кіремін,

Ұлы Отаным, сен үшін!

Туысқан ұлы ел үшін

Мына бір қалған бел үшін!

Менің жаным Отандық,

Отан деп өлем өлсем де,

О, сүйікті Отаным,

«Балам» деп көм, көмсең де!

Ант еттім де, қорғадым мен,

Жасқанбай-ақ жауымнан.

Сақтап қалам елімді мен

Өртті жойқын дауылдан! — деген Нарсұтбай сынды қазақ  жігітінің ерлігі, Волокаламск жолымен Мәскеуге беттеген жаудың 50 танкісіне арттан келіп күш жеткенше, тастар көкке атылып, тау құлап, орман шулап тұрса да жау жеңе алмаған. Мәскеуге жібермей тұрған 28 гвардияшы панфиловшылардың ерлігі; 205 рет соғысқа кіріп, 5 рет бүкіл батальонды жау қоршауынан аман алып шыққан Халық Қаһарманы Б.Момышұлының ерлігі;

Оқ борады күні-түні,

Жатты жерді от қарып,

Алға қарай ұмтылды

Батыр қазақ Тоқтаров

Туын жықпай қолдағы,

Өжет болды ел үшін.

Кеудесімен қорғады.

Ар-намысынын елімнің, — деген Төлеген Тоқтаров ерлігі;

Біз өрімдей жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан-ана отқа күйіп жатқанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік, — деп жырлаған, Әлия ерлігі;

Отан-ана жылағанда желеніп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарамыз дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп,-деген Мәншүк Мәметова ерлігі; Украина жерінде «Вася ағай» аталған жерлесіміз Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов ерлігі;Рейхстаг төбесіне ту тіккен сержанттар Егоров пен Канжария қатарындағы жас қазақ Рақымжан Қошқарбаев ерлігі; 16 ай бойы тәулігіне 150 грамм нанды азық еткен Ленинградтықтар ерлігі; айта берсем , таусылмайтын, дәлірек айтсам, осы соғыс жылдары ерлігі үшін орден және медальдармен марапатталғандардың ішінде 96 мың 938 қазақ жауынгерінің оның ішінде Кеңес Одағының Батыры атанған 97 қазақтың ерлігі – елге ұран, ұрпаққа үлгі емес пе!

Ер есімі ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап әлпештеп өсірген елі үшін  жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер-азаматтар естен шықпайды.Олар тарихта із қалдырды. Содан бері 75 жыл өтті. Сол күндер қайтып келмесін. Қатер төнбесін.

Елбасымыз болса аман  соғыс өрті жанбайтын,

Сәбилер жетім қалмайтын  есігінде әр үйдің

Заманым менің жалғасар  мәңгілік бақыт орнайтын !

 

Previous Article

Соғыс

Next Article

Соғыс өрті

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • БалабақшаЭссе жинағы

    Эссе. «Баланың періште әлемі-тәрбиешінің бақыты»

    28 сентября, 2017
    By admin
  • Эссе жинағы

    Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім (ЭССЕ)

    12 июля, 2020
    By admin
  • Эссе жинағы

    «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»

    11 мая, 2020
    By aseka456789
  • Эссе жинағы

    Соғыс

    19 мая, 2020
    By admin
  • Эссе жинағы

    менің мамандығым тәрбиеші (эссе)

    27 мая, 2020
    By admin
  • Эссе жинағы

    Тәрбиеші — бала жанының бағбаны

    10 июля, 2020
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Психология

    Баланың ақыл-ой дамуын анықтау диагностикасы.

  • Аттестаттау материалдарыАттестация материалдары

    Тест на соответствие уровня квалификации педагогического работника по предмету «Физическая культура»

  • Жалпы рубрика

    Саяси мәдениет және ұрпақтар сабақтастығы

 

Жаңа жарияланымдар

  • Армысың, әз-Наурыз!
  • «Бала — біздің болашағымыз»
  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы
  • 1 наурыз -Алғыс айту күні
  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды
  • Жүн және одан жасалатын заттар
  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»
  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

Күнтізбе

Март 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
« Фев    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика