Адамға тері не үшін керек?
Оқу қызметі:Қауіпсіз мінез-құлық негіздері, Тақырыбы:«Адамға тері не үшін керек?»
Мақсаты:1. Сезім мүшесі терінің атқаратын қызметін, оған күтім жасау жолдарын түсіндіру.2. Ойлау, қорытынды жасау дағдысын дамыту.3. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу
Керекті құрал — жабдықтар: қораптар, маркерлер, суреттер, доп, АКТ, интербелсенді тақта
Ал, балалар, күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза, мөлдір көңіл — күймен
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
Шаттыттық шеңбер
Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!
Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар !
Қайырлытаңқолдарым, сендерояныңдар!
Қайырлытаңаяғым, сендерояныңдар!
Жұмбақтаржасыру.
1) Көредібәрінөзгенің, көреалмайдыөздерін. (Көз)
2) Екішырақтыңарасындабірөзім. (Мұрын)
3) Күмбір, күмбір, қарағым, қартайғанша жарадың. (Құлақ)
4) Денесіжұмсақ, сүйір, көпсөйлеугеүйір. (Тіл)
5) Бунақтыкөсеу, тармағыбесеу.
(Қол мен саусақ)
Сезіммүшелері :көз, құлақ, мұрын, тіларқылымиғажеткізеді.
Сонымен, адамныңқандайсезім мүшелері бар?
Балалардың жауаптары(Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.)
Олар нені сезеді?
Балалардың жауаптары: (Көру, есту, сөйлеу және дәм сезу, иіс сезу, сипап сезу, ыстық, суықты)
— Мұрын – иіс сезу және дем алу мүшесі. Ол иісті сезеді, адам мұрынмен дем алады..
— Құлақ – дыбыстарды естиді. Ол – есту мүшесі.
— Көз – көру мүшесі. Көз арқылы заттың түсін, пішінін көреміз.
— Тіл – дәм сезу, сөйлеу мүшесі. Тілмен біз ащыны немесе тұщыны сеземіз. Онымен сөйлейміз.
— Терімен ыстық пен суықты, қатты мен жұмсақты сеземіз. Тері – сипап сезу мүшесі.Қ. Мырза Әлидің «Не үшін?» атты өлеңін бірге айту, қимылдарын жасау.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін!
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Игі істер жасау үшін.
Балалар, біз бүгін сезім мүшесі- тері туралы әңгімелесеміз.
Суретпен жұмыс
-Адамның дене құрылысы неден тұрады? (Сүйек, буын,бұлшық ет, тері) Адамның денесіндегі сүйек ең негізгі рөл атқарады.Олар негізгі тірек және ішкі ағзаларды қорғайды.Онсыз адам тұра алмайды. Адам денесіндегі барлық сүйектер «қаңқа» деп аталады. Балалар мына саусақты қолғапқа қарап адам денесі деп ойлайық. Саусақты қолғап өз еркімен тұра алмайды, ал егер оны қолымызға киіп көрсек ол өзінің түрін сақтайды. Балаларға айтып түсіндіру. Егер адамның сүйектері мықты болса , онда ол саусақты қолғап сияқты құлап қалмайды. Адамның денесін сүйектер ұстап тұрады.Ал сүйектер бір-бірімен қалай байланысып тұр. Оларды бұлшық етпен буынмен байланысып тұр.
Егер адамда буын мен бұлшық ет болмаса біз жүгіре, жүре , отырып тұра алмаймыз, өйткені адам бұлшық ет көмегімен қозғалады.
Балаларға қолдарын бүгіп, бұлшықеттерін ұстап көруді ұсыну. Осы адам денесін тері жауып тұрады.
Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады.
Жершарындағы адамдардың терісі әртүрлі болады.Африкандақтар- қара, азиялықтар — сары, еуропалықтар-ақ, олар бірақ терісінің түстеріне қарамастан, бір-бірімен дос болады.
Тәжірибе: «Тері күтімі»
Сергітусәті:Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған,
Мынау басым ақылды
Бәрі осыдан басталған
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.
Дәрігер Салауаттың кеңестері.
Денемізді таза ұстау керекпіз.
Әртүрлі кремдермен қолды, жалпы денені жағу керек…
Ойын: «Сезім мүшелері»
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға сезім мүшелерін айтады балалар шатаспай көрсету керек.
Қорытынды:
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма ?
— Сезім мүшелеріне нелер жатады?
-Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері
— Көз қандай мүше?
-Көру мүшесі
— Құлақ қандай мүше?
-Есту мүшесі
— Тіл қандай мүше?
-Дәм сезу мүше
— Мұрын қандай мүше?
-Иіс сеземіз.
— Тері қандай мүше?
-Тері арқылы нені сеземіз?
-Ыстық ,суықты сеземіз
-Терілері қара адамдарды қандай адамдар дейміз?
-Қара нәсілділер.
Балалар қорыта келе айтайықшы тері бізге не үшін керек ?
-Біздің ішкі құрылысымызды сыртқы соққыдан,ыстықтан суықтан қорғайды.
-Дұрыс балалар бүгін бәрін сабаққа жақсы қатыстындар рахмет сендерге.
Мақтау ,мадақтау.