Менің сүйікті ойыншығым!

Білім беру саласы: «Коммуникация»,«Таным» .
Оқуқызметі: Көркем әдебиет. Қарапайым математика .
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.
Мақсаты: Ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету. Қандай? сұрағына жауап беруге және жалғау, жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға үйрету.Ұқыптылыққа баулу.
Балалардың сөздік қорларын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы балалардың қимыл-қозғалыс белсенділіктерін арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншықтар,үлестірмелі суреттер¬(ат, ботақан,мысық).
Сөздік жұмыс: Ботақан, құлыншақ.
Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтарменен амандасайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Сәлем күн анамыз,
Бүгін бәріміз қуанамыз
Тәрбиеші:- Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне күлімдей қарап айтады
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Тәрбиеші:- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:- көктем
Тәрбиеші:- балалар көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?
Балалар: күн жылынады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, ағаштар гүлдейді.
Тәрбиеші:-Көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар: үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр.
Тәрбиеші:- жарайсыңдар балалар! Балалар сендердің сүйікті ойыншықтарың барма? Кім қандай ойыншықтарды жақсы көреді? (Балалардың жауабын тыңдау).
Тәрбиеші:-Ойыншықтар жасалу жолына қарай бірнеше түрге бөлінеді.Жұмсақ, резеңке, қатты. Мысалы аю, қоян жұмсақ ойыншық.Ал резеңкеге қуыршақ, мысық.Қатты ойыншықтарға ұшақ, көлік түрлері,машина т.б жатады.Балалар, мына үстел үстінде жатқан заттар не?
Балалар:- Олар ойыншықтар
Тәрбиеші:-Ойыншықтармен не істейді?
Балалар:- Ойыншықтармен ойнайды.
Тәрбиеші:- Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар.Балалар мынау қандай ойыншық ?

Балалар:- Доп.
Тәрбиеші:Доптың пішіні, түсі қандай?
Балалар:жауап береді.
Тәрбиеші:Доптың қимылы қандай?
-Қәне бәріміз допша секірейікші? Кім доп туралы тақпақ біледі?

1бала:
Добым добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Бір,екі деп екі ұрдым,
Шатырға сен секірдің.
Тәрбиеші:-Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
Балалар:- Қуыршақпен
Тәрбиеші: — Ия дұрыс айтасыңдар.Қуыршақпен. Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді?
2 бала:
Әлди әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама бөпем жылама,
Жілік шағып берейін.
Тәрбиеші:- Ал, ұлдар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар:- Машина мен ойнайды.
Тәрбиеші:- Ал, машинаның түсі қандай? Кім машина туралы тақпақ біледі?
3 бала:
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
Тәрбиеші: — Рахмет балалар керемет.
Ғажайып сәт: «Сыйқырлы сандық»
— Балалар мен сендерге енді жұмбақ жасырамын.Егер жауабын дұрыс тапсаңдар сандық ішінен сол ойыншық шығады.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.(Түйе)
Төрт аяқты екі көзді.
Өзі жансыз жүреді.
От пен майдан жем бар,
Құрыш болат жүреді..(Автомобиль)
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды.(Доп)

Тәрбиеші:- Ал, енді балалар бүгін біз М.Әлімбаев атамыздың«Ойыншықтар» өлеңін жаттаймыз.
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Айтқаныңнан шықпайды. (екі рет қайталап оқу)
Балалар өлең не туралы екен?(балалардың жауабын тыңдау)
Ойын: «Ойыншықты сипатта»
Ойынның шарты: Ортаға шыққан баланың көзін байлап қолына ойыншықты ұстату, оның қандай ойыншық екенін айту.
Сергітусәті :
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы- қырлы жерлермен,
Ытқып- ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Қортындылау
-Балалар біз бүгін қандай өлеңмен таныстық?
-Ойыншықтармен.
-Бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?
-Ұнады.
-Ойыншықтар жасалу жолына қарай қандай болып бөлінеді екен?
-жұмсақ, қатты, резеңке.
Балаларды мадақтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *