«Төрт түлік»
«Ақбота» тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: « Төрт түлік»
Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Төрт түлікке не жататынын ұғындыру, олардың пайдасы, адам өміріндегі маңызы туралы білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Төрт түлік малдың суреттері, олардың төлдерінің суреті.
Қажетті құрал жабдықтар: Суреттер
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Әңгімелесу.
Сөздік жұмыс: Малдар — животные
Билингвальды компонент: сиыр – корова, ат – лошадь, қой – овца, ешкі – коза, түйе — верблюд
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивация
лық – қозғаушы лық |
Шаттық шеңбері:
Қуан шаттан, алақай! Қуанатын күн келді Қайырлы таң, Қайырлы күн, Күлімсіреп шықты күн. |
Балалар шаттық шеңберге тұрып бірге өлең жолдарын қайталайды. |
Ұйымдас
тырушылық — ізденістік |
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын деп едім, жауабын табасыңдарма?
Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. Бұл не екен, балалар? -Дұрыс, балалар. Ендеше келесі жұмбақтың шешімін табыңдар: Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар? -жарайсыңдар, балалар. Төрт аяғы бар, Басында екі таяғы бар, Иегінде екі сақалы бар. -Өте жақсы, жарайсыңдар, балалар. Ал осы жұмбақтың шешуіндегі қой, түйе, ешкі қайда мекен етеді? -Дұрыс айтасыңдар, балалар. Балалар түйені, қойды, ешкіні және сиыр мен жылқыны ата бабаларымыз «Төрт түлік мал» деп атап кеткен. Мына суретке қараңдаршы, ненің суреті? -Сиырдың төлі қалай аталады? -Жарайсыңдар балалар. Стырдың адамдарға пайдасы барма? Оған қалай күтім жасайды?
-Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар. Сиырдан сүт аламыз, одан қаймақ,май,сүзбе,құрт жасайды екен. Балалар сиырды әукім-әукім деп шақырамыз. Кәне қайталайықшы. Сиырдың атасын – Зеңгі баба деп атайды. -Келесі суретке назар аударыңдар, бұл ненің суреті? -Иә, бұл жылқы. Ол қандай жануарға жатады? Оның төлі қалай аталады? -Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жылқыдан сүт аламыз, одан қымыз жасалады, және жылқыны ертеде көлік ретінде пайдаланған. Жылқыға су, жем, шөп береді. Жылқының атасы – Қамбар ата деп аталады. Жылқыны өқрау – құрау деп шақырады екен. Кәне қайталайық. -Ал мына суретте не бейнеленген? -Қойдың төлі қалай аталады? Оның адамдарға пайдасы барма?
-Өте жақсы, балалар. Қойдың атасы – Шопан ата дейміз. Жайылып жүрген қойды пұшайт – пұшайт деп шақырады екен. Кәне қайталайық. -Енді балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынныі аты «Дыбысын тап». Қазір мен сендерге төрт түлік малдың дыбысын қосамын, сіздер қай малдың дыбысы екенін табуларыңыз керек. -Өте жақсы, балалар. Ал енді, балалар сергіп алайық: Сергіту сәті: Қошақаным, тұршы, Беті – қолыңды жушы, Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы, Орныңа отыршы. -Жақсы балалар, мен сендермен тағы ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Төлін тап». Мына үстелдің үстіндегі суреттердің арасынан төрт түлік малдың төлін тауып, қасына апарып қою керек. -Жарайсыңдар, балалар. Балалар, осы төрт түлік малға қатысты ата – бабаларымыз тыйым сөздер айтқан. Кәне бәріміз осы тыиым сөздерді жаттап алайық: «Малды теппе», «Ақты төкпе», «Малды ұрма» —Балалар, төрт түлік малға қатысты тақпақ білесіздерме? Кәне кім айтады? Айбар айта ғой:
—Жарайсың,Айбар. Тағы барма? Аяжан айта ғой:
Керемет. Тағы айтасыздарма? Ал, Аңсар, айта ғой:
-Жарайсыңдар, балалар, қандай керемет.мен сендермен тағы ойын ойнағым келіп тұр. Ойнайсыңдарма? -Ойынның аты «Артық затты тап». Алдарыңызда төрт түлік малдан алынатын өнімдер мен артық заттың суреттері жатыр. Солардың ішінен артық суретті тауып, оның неге артық екенін түсіндірулеріңіз керек.
-Жарайсыңдар, балалар. Балалар ауылдан ата әжеміз сіздерге базарлық беріп жіберіпті. Кәне қарайық мұнда не бар екен? Мұнің барлығын ата әжеміз сіздерге беріп жіберген екен, кейінірек ауыз тиеміз жарайма? |
-иә, табамыз
-Қой
-Түйе
-Ешкі
-олар үй жануарлары
-Сиырдың суреті -Бұзау -Пайдасы бар, одан сүт, қаймақ, май, ірімшік,құрт аламыз. Сиырға су береді, жем, шөп береді.
-Әукім – әукім
-Жылқы
-Ол үй жануарына жатады. Оның төлі құлын деп аталады
-Құрау – құрау
-Қой -Қойдың төлі – қошақан, қойдың жүнінен киіз жасайды, жіне қолғап, шұлық тоқиды -Пұшайт – пұшайт
-Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы
-Тәрбиешімен іс – қимылдарды қайталайды
Ойын ойнайды
-«Малды теппе», «Ақты төкпе», «Малды ұрма»
-Құлыншақ, құлыншақ, Шапқылайсың даламен. Дос болсайшы, құлыншақ, Мен сияқты баламен. -Тентек болма, ақ бұзау, Еріншек болма, ақ бұзау. Кең далада сенімен, Жарысып мен жүгірем.
-Қой баласы қоңырым, Қойдан жуас момыным. Шопан ата түлегі Қошақаным қайдасың.
-Иә, ойнаймыз
-Кәмпиттің суреті артық, себебі ол төрт түлік малдан алынбайды. -Арыстанның суреті артық, себебі ол үй жануарына да жатпайды, және адамдарға пайдасы жоқ.
-Құрт, май, ет, ірімшік
-Иә |
Рефлексиялық — түзетушілік | -Балалар, бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметі сендерге ұнады ма?
-Балалар, біз қандай жануарлармен таныстық? -Балалар, үй жануарларынан «төрт түлік малға» қандай жануарлар жатады екен?
-Олардың адамдарға қандай пайдасы бар екен?
-Балалар, сендерге ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатысқандарына рахмет
|
-ұнады
-Үй жануарларымен
-Жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе -Сүт аламыз, етін жейміз, қойдың жүнінен шәлі тоқылады -балалар куанады |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үй жануарларының атауларын
Игереді: Төрт түлік малдың төлдерін атауды игерді.
Меңгереді: Төрт түлік малдың пайдасын, адамдардың оларға күтім жасайтынын меңгерді.
ешкінің «сақалын» не деп атайды?
Теке мен ешкінің сақалдары қалай аталады?