«Менің сүйікті ойыншығым»

Садакбай Мейрамгүл Есмұханқызы
«Жауқазын» балабақшасының
ІІ- санатты тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы

Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым»
Мақсаты:ойыншықтар туралы әңгімелесу. Балаларға ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету; Ойыншықтар туралы түсініктерін қалыптастыру; Ұқыптылыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті,ойын.
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: ойыншықтар,үлестірмелі материалдар (ат,ботақан,мысық)
Көптілділік-компонент: ойыншықтар-игрушки, ат-лошадь,ботақан-верблюженок,
Шаттық шеңбер:
Баршаға сыйла махаббат,
Қуансын бар адамзат.
Сан есеге көбейіп махаббатың,
Тиеді саған шапағат.
М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып беру;
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау,қозы,құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Бүгінгі оқу қызметімізде ойыншықтармен танысатындықтарын айтып,балалардан топта,үйлеріңде қандай ойыншықтар барын сұрайды.
-Сенің қандай ойыншығың бар?
-Ойыншықтарыңды жақсы көресің бе?
— Ойыншықтарыңның тұратын жерін білесің бе?
— Сен онымен ойнап болған соң орнына жинайсың ба?
Ойыншықтарды лақтырмай,сындырмай,ұқыпты ойнау керектігін түсіндіру.
Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық».
-Кәне,сандықта не бар екен,деп балалардың көңілін аударады.
-Ботақан,мысық,құлыншақ бар екен.
-Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрастырайық.
Ботақан,құлыншақ туралы түсіндіру.

Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы,
Меннен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.

Үлестірмелі суреттермен:
«Тез көрсет» ойынын ойнау.
Шарты: Балалар ойыншықтардың аттары бар өлең оқыған кезде өлеңде айтылған жануарлардың суреттерін жылдам көрсетуі керек.Мысалы:

Құлыншағым-құндызым
Құлдырайды,шабады.
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
Тікірейіп құлағы,
Меннен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.

Тәй,тәй тұрған ботақан,
Аяқты қалт-құлт басасың.
Осы тақпақтардың біреуін жаттауды ұсыну.
Көптілділік-компонент: ойыншықтар-игрушки, ат-лошадь,ботақан-верблюженок.
Дидактикалық ойын: «Не артық?»
Шарты: Суретте не артық екенін табу.
Балаларға сұрақтар беріп,қайталату.
Балаларды мадақтап,мақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені қайталайды: ойыншықты сипаттауды.
Нені түсінеді:ойыншық туралы түсінікті.
Нені қолданады:өлең жолдарын жаттауды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *