Отан — отбасынан басталады.

Отан – отбасынан басталады.

Мұғалім: Карибаева Аида Бейбітқызы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» — деген еді.
Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да әрбір азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Отбасы Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп ортаға қосатын маңызды орын. Әрбір ұлттың қай кезеңде болмасын өз алдында тұратын міндеттерінің бірі және бірегейі өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан ғашықтық жырлары мақал-мәтел, шешендік сөз, күмбірдеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, шешендік сөз, айтыс өнері сан ғасыр бойы өз ұлтымызды ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарих шындығы.
В.А.Сухомлинский «Отан семьядан басталады» деп отбасы – мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі екенін көздеген болатын. Жас ұрпаққа саналы тәрбие беру – Қазақстандағы әрбір отбасының, ата-ананың, мемлекеттің, азаматтың міндеті.
Шындап келгенде әрбір отбасы – қоғам бөлшегі, шағын Отан. Отбасының ұйытқысы – әйел болса, тірегі – ер азаматы. Әйел ерімен қабағы жарасып, тату сүйіспеншілікпен тұрғанда балалар да сүйіспеншілікпен өсетіні анық. Бұл – тәрбие. Ата-ана тәрбиелі болса, адамдық ары биік азамат болады. Егерде ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтатын болса, кейін өздері үй болғанда алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді. Қоғамдық тәрбие отбасынан басталады.
Елбасымыз жыл сайынғы жолдауында рухани өмірге, яғни соның ішінде отбасы құндылығын арттыру жайлы адами құндылықтарымызға көп мән беретіні рас. Қазақстан Республикамыздың, мызғымас, мәдениетті, біртұтас мемлекет ретінде көру біздің басты алға қойған мақсатымыз болса, онда өмірге саналы ұрпақ тәрбиелеп және бақытты жасөспірімдерді баулу қажет. Баланы тәрбиелеу жолында қазақ халқының өзіне сай құндылықтарын дәріптеу ұлт ұрпағының жеке тұлға ретінде көрінуге жол береді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.