«Қосу. 0-5 сандары. «+» таңбасы.»
Кашкинбаева Гүлназ Жанабайқызы
«Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: «ҚМҰҚ»
Тақырыбы: «Қосу. 0-5 сандары. «+» таңбасы.»
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жапсыру, есептеу.
Мақсаты:қосу амалының мәнін түсіндіру; «+» таңбасын қолданысқа енгізу; қосу амалдарын құрастырып, жазуды үйрету; алғашқы бестіктегі сандардың нумерациясын пысықтау;
балалардың зейінін, кеңістікте ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін дамыту;Бір-біріне көмек қолын созуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: №1 жұмыс дәптері..
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жылулық шеңбері.
— Балалар, бізде қазір қандай жыл мезгілі?
— Дұрыс. Қыстай күн қандай болады?
— Бізге қандай мереке келе жатыр?
— Жаңа жылда біз нені безендіреміз?
— Сендер тонған шығарсыңдар. Жылынып алайық па?
— Ендеше, барлығымыз шыршаның жасап жатқан жаттығуына қарап, қайталайық.
ІІ. Жаңа сабақ мазмұны.
— Балалар, біз осы сабаққа дейін қандай сандармен және қандай таңбамен таныстық?
— Қане, кім сандарды ретпен қойып шыққысы келеді?
— Ал енді, осы сандарды кері санау арқылы қойып шығайық.
— Балалар, қыс кезінде біз қардан не жасаймыз?
— Ал енді аққаланы біз де жасап көрейік. Аққаланы өткен сандарды қайталай отырып, бөліктерден құрастырамыз.
— Балалар, бүгін біз сендермен «+» таңбасымен танысамыз және 0-5 сандарды қосып үйренеміз.
1+1=2 3+1=4
2+1=3 4+1=5
0+1=1 0+3=3
Дәптермен жұмыс.
Дәптерді ашып, №1 тапсырманы орындайды.
Цифр мен таңбалардың көмегімен жаз.
Сергіту сәті:
Кез-келген санды көрсетіп, қимыл-қозғалысты айтамын.
№2 тапсырма.
Суреттерді сәйкес жазбалармен біріктір.
«Санды суреттер» ойыны.
Суретті кеспелерді таратамын. Өзім кез-келген санды көрсеткенде, балалар санға сәйкес кеспені көтереді. Мысалы: 3 санын көрсеткенде 3 зат салынған суретті көрсетеді.
ІІІ Қорытынды.
— Бүгінгі сабақта не істедіңдер, балалар?
— Қандай таңбамен таныстыңдар?
— Ол нені білдіреді екен?
— Сендерге сабақ ұнады ма? Ендеше әркім өздеріңнің көңіл-күйлеріңді осы смайликтер арқылы білдіріңдер.
Балаларды мадақтаймын.