Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж

  • Балабақша тәрбиешілерін артық есеп беруден арылтатын бұйрық туралы

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2022

  • Мектептің мектепалды даярлық сыныбына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудыңүлгілік оқу жоспары(5 жастағы балалар)

  • Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

Балабақша
Home›Балабақша›Жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережесін таныстыру

Жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережесін таныстыру

By admin
14 марта, 2018
6004
0
Share:

Тлеуниязова Жансая

Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін таныстыру, есте сақтауға үйрету,жол қауіпсіздігін ,өз өмірлерін сақтауға тәрбиелеу.Жол белгілерін айыра білу  дағдыларын қалыптастыру,жол ережесін білудің  маңызды екенін түсіндіру.

Әдіс –тәсілі: көрсету ,түсіндіру,сұрақ –жауап, бағыт беру.

Көрнекілігі:Жол белгілерінің суреттері.

Билингвальды компанент: Бағдаршам-светапор,көлік-транспорт.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Жаяу жүргіншілерге аналған стендпен таныстыру.

Шаттық шеңбері: Армысың шұғылалы алтын күнім!

                                Армысың қайырымды көк аспан!

                              Армысың мейірімді Жер-ана!

                           Армысың балабақшадағы достарым!

Тәрбиеші:Жарайсыңдар! Балалар, «Жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережесін таныстыру» атты ойын шараға қош келдіңдер! Балалар сендер балабақшаға немен келдіңдер?

Балалар:Жаяу, машинамен, автобуспен т. б.

Тәрбиеші:Ал сендер қандай көлік түрін білесіңдер?

Балалар:Автобус, машина ,ұшақ, пойыз, камаз т.б.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар сендер көп көліктің түрлерін біледі екенсіңдер. Осы көліктер жолда нелер арқылы жүреді?

Балалар: Жол белгілері, бағдармшам  арқылы.

Тәрбиеші:Олай болса көшеге серуенге шығайық. Балалар назар аударайық, мынау жаяу жүргіншілерге арналған жол,ал мына үлкен жол көліктерге арналған жол.Балалар біз не көріп тұрмыз?

Балалар: Бағдаршамды  көріп тұрмыз.

Тәрбиеші:  Бағдаршам бізге не үшін қажет?

Балалар:  Жолдан өту үшін.

Тәрбиеші: Бағдаршамның неше көзі бар?

Балалар: Үш көзі бар

Тәрбиеші: Бағдаршамның көздері кандай пішінге  ұқсайды?

Балалар : Дөңгелек пішінге ұқсайды.

Тәрбиеші:Балалар бағдаршамның қасынан кімді көріп тұрмыз.

Балалар: Жол  палециясын көріп тұрмыз

Жол полициясын:Саламатсыңдарма балалар! Сендер қайдан жүрсіңдер?

Балалар:Салеметсізбе апай! Біз жол ережесімен танысып жүрміз.

Жол полициясы:Ендеше мен сендерге қысқаша мәлімет берейін.Ең алдымен көлік жүретін жолмен жүруге болмайды.Келесі көшеге өту үшін, бағдаршам көздеріне және көшедегі белгілерге  мән беру керек.Балалар сендер бағдаршамның  бізге неүшін қажет  екенін білесіңдер ме? Қай түс жанғанда  тоқтаймыз?

Балалар:Қызыл түсі жанғанда тоқтаймыз.

Жол полициясы :Ал, қай түсі жанғанда  дайындаламыз?

 

 

 

Балалар:Сары түсі жанғанда   дайындаламыз.

Жол полициясы: Қай түсі жанғанда  жүреміз?

Балалар:Жасыл түс жанғанда  жүреміз.

Жол полициясы:Жарайсындар балалар сендер көп біледі екенсіңдер, мен сендерге риза болдым.Жолдарың болсын, серуендеріңді ары қарай жалғастырыңдар, сәттілік.

Балалар: Рахмет апай сізгеде,бізге көп мәлімет бердініз.Сау болыныз.

Тәрбиеші: Дұрыс  айтасыңдар балалар. Бағдаршам – өмірімізді апаттан сақтандыратын  көмекшіміз.Жол бойында кездейсоқ қатерге ұшырамас үшін жолда жүру ережесін біліп, бағдаршамның нұсқауына  бағыну керек.

Топқа   оралу. Балалар бәріміз орнымызға жайғасып, мені мұхият тыңдайық.

Біз серуенде не көрдік? Нелермен таныстық?

Балалар: Бағдаршамды , оның көздерімен.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,Балалар  мынау жол ережесіне, бағдаршамға арналған кітап.Бұл кітапта барлық жол тәртібі айтылған, мұхият тыңдап естерімізде сақтап алайық. Енді сол көрген бағдаршамымызды  түрлі түсті қағаздарды, ермексазды

пайдаланып  жасайық. Алдымен, қатты картонға  үш түсті бағаршамның  көздерін жапсырып алайық, сосын түтікшені ермексаз арқылы  біріктірейік.Жасаған бағдаршамымыз  көріну үшін, ермексазға бекітейік.Балалар тәрбиешіні мұхият тыңдап, жұмыс жасауға   кіріседі.Тапсырманы қызығушылықпен орындайды.

Сергіту сәті.

Қызыл  көзін ашқанда,

Сынық  сүйем баспа алға.

Сары  көзін ашқанда,

Қарап  қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре  бергін жасқанба.

Дидактикалық ойын: «Өз иесін тап»

Мақсаты: Балаларға көлік түрлерін көрсете отырып,  әр көліктің иесін  табуға, міндетін білуге үйрету. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Қорытынды.

Балалар біз бүгін немен таныстық,жолда кімді  көрдік? Не жасадық? Қандай заттар пайдаландық? Ойын сендерге ұнадыма?

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Бағдаршамның атқаратын қызыметін, түстерін айыра білуді.

Игереді :қауіпсіздік жолда жүру  ережесін.

Previous Article

Асханаға саяхат

Next Article

Менің сүйікті қалам Форт-Шевченко

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    Тапқылықпен қасқырды алдау

    21 июня, 2019
    By admin
  • Балабақша

    Балалар білімдерін қортындылау

    26 июня, 2017
    By admin
  • Балабақша

    М дыбыс мен әрпі

    24 июня, 2019
    By admin
  • Балабақша

    10 саны мен цифры.

    25 декабря, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Дауыссыз дыбыстар

    2 октября, 2017
    By admin
  • Балабақша

    «Интеллектуалдық ойындар — мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту құралы»

    4 декабря, 2019
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    Ағаштар неге ашуланады ?

  • Жалпы рубрика

    Тәрбие — тал бесіктен

  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Әдеби шығармалар арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту

 

Жаңа жарияланымдар

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды
  • Жүн және одан жасалатын заттар
  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»
  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • циклограмма
  • Геометриялық пішіндер мен денелер.
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

Күнтізбе

Февраль 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
« Янв    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика