Түбір мен қосымшаның жазылуы
Пәні: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: «Уақыт»
Күні: |
Мектеп: Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы «А.Байтұрсынов атындағы №5 ЖОМ» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Қ.Ташова |
||||
Сынып: 3 | Қатысқандар:
Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақ тақырыбы | Түбір мен қосымшаның жазылуы | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу;
3.3.6.1кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігімен мөлшерін сақтап көлбеу,үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету |
||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар:
— сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым сөз құрап жазады, — кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады. Түбір сөзді өзгерткен қосымшаны атайды |
||||
Оқушылардың көбі:
Тізбектің басында тұратын сөзді табады. Түбір сөзді қатыстырып сөйлем құрайды. |
|||||
Оқушылардың кейбірі:
Қосымша берілген сұрақтарға жауап береді. — сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, үлгі негізінде есте сақтап жазады; -кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады |
|||||
Бағалау критерийлері | Сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым сөз құрап жазады. Түбір сөзді қатыстырып сөйлем құрайды. | ||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер:
Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау; Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не? Түбірлес сөздер деген не? |
||||
Құндылықтарды дарыту | Өз іс-әрекетін жоспарлауға, уақытты тиімді пайдалануға үйрету | ||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Түбір мен қосымша | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар | |||
Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу. Түрлі түсті қаламдар арқылы
Психологиялық дайындық Жасампаз қыранбыз, Өнер- білімге құмармыз. Болашағы еліміздің, Біз бақытты ұланбыз. Үй тапсырмасын пысықтау «Алма теру» ойыны 1. Түбір сөздер дегеніміз не? 2. Қосымша дегеніміз не? 3. Жұрнақ дегеніміз не? 4. Жалғау дегеніміз не? 5. Түбірлес сөздер Дегеніміз не? 6. Туынды сөз дегеніміз не?
|
Түрлі түсті қаламдар
1.Түбір сөздер тобы. 2.Қосымша тобы. 3.Түбірлес сөздер тобы.
|
|||
Сабақтың ортасы
|
Ұжымдық жұмыс. «Шынжыр» әдісі.
40-жаттығу. Өлеңді тыңда. Жеті жасар баласын Жетпісте шал жетектеп, «Қайда әлгі мектеп?»-деп, Жетпіс келеді сүрініп, Жеті келеді жүгіріп. -Балам, балам, жақсы бол, Міне, сенің мектебің. Сабағыңа зейін сал, Ақылды бол тентегім,- Деп, жетпіс бір күрсінді. Жеті нені түсінді?.. (Қ. Аманжолов) Тапсырма Жетпістегі ата неге күрсінді деп ойлайсың?Оның неге күрсінгенін бала түсінді ме? Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап.Түбір сөздің жазылуындағы өзгерістің себебін түсіндір.
Дескриптор: —Жетпістегі атаның неге күрсінгенін айтады -Қарамен жазылған сөздердің түбірін тауып, жазылуындағы өзгерісті түсіндіреді 41-жаттығу. Сөздерді көшіріп, көркем жаз. Халық-халқы, ерік-еркі, құлып-құлпы, орын-орны, бөрік-бөркі.
Дескриптор: -каллиграфиялық нормаларды сақтайды; — түбір сөзді өзгерткен қосымшаны атайды
Ребусты шешу (Түбір мен қосымша) 42-жаттығу Тізбектің басында тұратын сөзді тап. Түбір сөзді қатыстырып сөйлем құра. Жақ,тік,тақ сөздері.
Дескриптор: -тізбектің басында тұратын сөзді табады. -түбір сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.
Сергіту сәті! Мақал-мәтелді табу.
Жұптық жұмыс. «Ойлан-тап» әдісі. Семантикалық карта
|
Оқулық
Дәптермен жұмыс
Оқулық
|
|||
Сабақтың соңы | Рефлексия.
Үй тапсырмасы: 43-жаттығу. Орны ауысып кеткен сөйлемдерді ретімен орналастыру. Мәтін құрап жазу. |
|
|||
Қосымша ақпарат | |||||
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Сыныпта қозғалыс қадағаланады және қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқуларорын алды ма? Неліктен? |
|||||
Қорытындылау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
|||||