Бала тәрбиесі-үлкен бір ғылым
Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы,Баянды селосы
7 «Айналайын» балабақшасының тәрбиешісі:
Қайнарбайқызы Дәметкен
Адам бойындағы игі қасиеттердің бастамасы балабақшадан басталатындықтан, балабақшаның балалар үшін орны бөлек. Себебі бұл орын баланы үш жастан бастап жан-жақты дамытып қана қоймай, баланың тұлға болып қалыптасуына жұмыс жасайды. Сондықтан ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне мән беру – біздің, тәрбиешілердің, басты мақсатымыз. Осыған орай, балабақшадағы тәрбиені ұлттық қағидалармен толықтыру қажеттілікті талап етеді. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі — жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор, әрі жан-жақты тәбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Баланың бойында адамгершілік-патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді:
- ізгілік бастамасымен тәрбиелеу;
- өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына, көшесіне сүіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау,
- табиғатқа қамқорлықпен қарау;
- еңбекте – еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу;
- қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау;
- мемлекеттік рәміздермен таныстыру, оларға құрметпен қарауға баулу;
- Отанға деген сүіспеншілікке тәрбиелеу.
Болашақта өзіне сенімді әрі білімді де, тәрбиелі азамат қалыптасуы үшін балаларды кішкене күнінен тек жақсылыққа тәрбиелеп, отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа баулуымыз керек. Өйткені балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Сондай-ақ заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет ететіні анық. Бүлдіршіндерді адамгершілік-патриоттық тәрбиеге бағыттау дегеніміз — баланың моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру. Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу арқылы-моральдық түсініктердің, әдеттердің және мінез-құлық мотивтерінің қалыптасуы бірлесіп жүзеге асады және мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді. Адамгершілік-патриоттық сезімге тәрбиелеудің нақты міндеттері:
- балалардың үй-ішіне, жақындарына, құрбы-достарына, жалпы адамдарға, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
- адамгершілік ережелеріне сай балалардың мінез-құлқын, ұйымдасқан тәртібін, мәдениеттілігін, жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру;
- балалардың адамгершілік түсініктері мен қасиеттерін тәрбиелеу.
Адамгершілік сезімдерін қалыптастыру баланы тәрбиелеуде оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ үлкен орын алады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау процесінде оларға үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. Осы қасиеттерді өзіміз басты назарда ұстасақ қана «Ұлт тізгінін ұстар» жастарымызды тәриелеп шығарарымызға сенімдімін.