«Құстарға қыста қамқор бол»
Сайнова Кенжегул Мизамгалиевна
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Құстарға қыста қамқор бол»
Мақсаты: өлкеде қыстап қалатын құстар туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың есте сақтау қабілетін, логикалық пайымдауын, шығармашылық қиялын дамыту. «Қыстап қалатын құстарға қамқор болу керек» деген көзқарастарын қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар, , үнтаспаларды тыңдау, жұмбақтар шешу, сурет, жемсауыттар, жем түрлері (бидай, нан қиқымдары, өсімдіктердің дəндері, шетен)
Билингвалды компонент: аяз – мороз
Тәрбиешінің іс-əрекеті
Құстардың дыбыстарын естиді! Үнтаспадан тыңдайды.
Қандай құстарды білесіңдер?
Ал қандай құстарды қыста даладан көрдіңдер?
Қазір қандай мезгіл?
Қардың түсі қандай ?
Сұрақтарға балалар жауап береді.
Жұмбақтар шешу:
Бұл құсты бəрі білер,
Ауламызда шырылдап,
Шиқ-шиқ етер, Қоңыр … (Торғай).
Кеудесі сары Жем шоқыр.
Еркін самғап ұшсын деп,
Мəпелейміз баптаймыз.
«Бейбітшілік құсы», – деп
Қайсы құсты мақтаймыз? (Көгершін)
Қара түстi қарқылдақ,
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем iздейдi там-тұмдап. (Қарға)
Ізденістікұйымдастырушылық
Негізгі бөлім
Құстар туралы білетіндерін əңгімелейді.
Суықторғай – жотасы қоңыр, кеудесі сұр, кішкентай құс.
Олар үйірімен жүреді.
Торғай – пайдалы құс.
Ол зиянкес құрттар жəне дəнді дақыл, нан қиқымдарымен қоректенеді.
Сарышымшық – жылдам ұшатын құс.
Кеудесі сары-жасыл, басы, тамағы қара, құйрығы мен қанаты көгілдір, қарны сары, ал желкесінде ақ дақ бар.
Суықторғай мен сарышымшық жазда жəндік жəне жидектермен қоректенеді, түрлі дəнді дақылдар да – олардың қорегі.
Қыста адамдарға жақын жерге ұшып келіп, олар жасаған жемсауыттардағы жемді шоқып жейді.
Көгершін (кептер) – қала, ауылда адамдарға жақын мекендейді.
– Суықторғай – өте əдемі құс.
Төбесі, қанаты, құйрығы қара, мойнының үсті мен арқасы сұрғылт, бауыры қызғылт.
етеді? Немен қоректенеді? Қанаты қандай?
Балалардың айтқандарын толықтырады:
Үстел үстіне жемсауыт шығарады жəне құстарға арналған жемдерді де қояды: Көгершінге жемін таңдауға тапсырма,Торғайдың жемін таңдауға тапсырма берілді.
Сергіту сəті.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жер де батса баспаңдар,
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Балалар құстарға арналған жемді таңдайды.
Торғайларға – нан қиқымы, дəндер.
Сарышымшыққа – нан қиқымы, дəндер.
Суықторғайға – өсімдік тұқымдары, шетеннің жемісі.
Қарғаға – тағам қалдықтары, жеміс пен көгөністердің аршылған қабықтары.
Көгершінге – шемекі
Дəптердегі тапсырмаларды орындайды.
Рефлексия: Балалардың ҰОҚ-да қаншалықты өсіп жетілгендерін көру: отырып, тұрып, созылып, ым-ишарамен көрсету: Міне, тамаша! Қол шапалақтаңдар! Аяқтарыңмен топылдатыңдар! Суреттер қар қиыршықтар
Қортынды:Бүгінгі ҰОҚ-да танысқан құстарды бір сөзбен қалай атауға болады? (Қыстап қалатын құстар).
Қыста құстарға қандай қамқорлық көрсетуге болады? Қандай құстарды кездестірдіңдер?
Күтілетін нəтиже:
Түсінеді: қыстап қалатын құстардың тіршілігін жəне оларға қамқорлық қажет екенін;
Жасайды: қыстап қалатын құстардың аттарын;
Қолданады: құстарды қоректендіру дағдыларын.