«Құстарға қыста қамқор бол»

Сайнова Кенжегул Мизамгалиевна

      Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Құстарға қыста қамқор бол»

 Мақсаты: өлкеде қыстап қалатын құстар туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың есте сақтау қабілетін, логикалық пайымдауын, шығармашылық қиялын дамыту. «Қыстап қалатын құстарға қамқор болу керек» деген көзқарастарын қалыптастыру.

  Көрнекі құралдар: əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар, , үнтаспаларды тыңдау, жұмбақтар шешу, сурет, жемсауыттар, жем түрлері (бидай, нан қиқымдары, өсімдіктердің дəндері, шетен)

 Билингвалды компонент: аяз – мороз 

Тәрбиешінің іс-əрекеті     

Құстардың дыбыстарын естиді! Үнтаспадан тыңдайды.

  Қандай құстарды білесіңдер?

Ал қандай құстарды қыста даладан көрдіңдер? 

Қазір қандай мезгіл? 

Қардың түсі қандай ?

Сұрақтарға балалар жауап  береді.

Жұмбақтар шешу:

 Бұл құсты бəрі білер,

Ауламызда шырылдап,

Шиқ-шиқ етер, Қоңыр … (Торғай).  

Кеудесі сары  Жем шоқыр.

Еркін самғап ұшсын деп,

Мəпелейміз баптаймыз.

«Бейбітшілік құсы», – деп

Қайсы құсты мақтаймыз? (Көгершін)   

Қара түстi қарқылдақ,

Ұшып-қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем iздейдi там-тұмдап.   (Қарға)

Ізденістікұйымдастырушылық     

Негізгі бөлім

Құстар туралы білетіндерін əңгімелейді.

Суықторғай – жотасы қоңыр, кеудесі сұр, кішкентай құс.

 Олар үйірімен жүреді.

 Торғай – пайдалы құс.

 Ол зиянкес құрттар жəне дəнді дақыл, нан қиқымдарымен қоректенеді.

 Сарышымшық – жылдам ұшатын құс.

 Кеудесі сары-жасыл, басы, тамағы қара, құйрығы мен қанаты көгілдір, қарны сары, ал желкесінде ақ дақ бар.

Суықторғай мен сарышымшық жазда жəндік жəне жидектермен қоректенеді, түрлі дəнді дақылдар да –  олардың қорегі.

 Қыста адамдарға жақын жерге ұшып келіп, олар жасаған жемсауыттардағы жемді шоқып жейді.

Көгершін (кептер) – қала, ауылда адамдарға жақын мекендейді.  

– Суықторғай – өте əдемі құс.

Төбесі, қанаты, құйрығы қара, мойнының үсті мен арқасы сұрғылт, бауыры  қызғылт. 

етеді? Немен қоректенеді? Қанаты қандай?

Балалардың айтқандарын толықтырады:

Үстел үстіне жемсауыт шығарады жəне құстарға арналған жемдерді де қояды:  Көгершінге  жемін таңдауға тапсырма,Торғайдың жемін таңдауға тапсырма берілді.   

Сергіту сəті. 

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жер де батса баспаңдар,

Теріп  алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.   

 

Балалар құстарға арналған жемді таңдайды.

 Торғайларға – нан қиқымы, дəндер.

 Сарышымшыққа – нан қиқымы, дəндер.

Суықторғайға –  өсімдік тұқымдары, шетеннің жемісі.

 Қарғаға – тағам қалдықтары, жеміс пен көгөністердің аршылған қабықтары. 

Көгершінге – шемекі 

Дəптердегі тапсырмаларды орындайды.   

 Рефлексия:  Балалардың ҰОҚ-да қаншалықты өсіп жетілгендерін көру:  отырып, тұрып, созылып, ым-ишарамен көрсету: Міне, тамаша! Қол шапалақтаңдар! Аяқтарыңмен топылдатыңдар!  Суреттер қар қиыршықтар

Қортынды:Бүгінгі ҰОҚ-да танысқан құстарды бір сөзбен қалай атауға болады? (Қыстап қалатын құстар).

Қыста құстарға қандай қамқорлық көрсетуге болады?    Қандай құстарды  кездестірдіңдер?

 

Күтілетін нəтиже:

 Түсінеді: қыстап қалатын құстардың тіршілігін жəне оларға қамқорлық қажет екенін;

 Жасайды: қыстап қалатын құстардың аттарын;

Қолданады:  құстарды  қоректендіру дағдыларын.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.