Эссе «Мен қазіргі заман педагогымын»
Төрегалиева Айнұр Маратқызы.
Педагог болу мамандық емес, ол- миссия. Бұл ұғымды балабақшада балалармен еңбектену барысында түсіне бастадым. Менің мамандығым күрделі де қызықты. Әр жыл сайын менің алдыма келген бүлдіршіндер әр түрлі жастағы балалар болды және бәрінің өмірге деген құлшынысы,алғырлығы көрініп тұрды.Мен олардың әр біреуіне қанатыммен су сеуіп ,барлық бүлдіршіндерімді жігерлендіріп, қанаттандырып белестен белеске жетелеп келемін. Маған балалармен жұмыс жасауды ,олардың әрбіруінің тілін тауып өмірге қанаттандырып, «тәрбеші» деген абыройлы атқа лайықты еткен де осы менің алдыма келген кішкентай сәбилер мен ата- аналардың арасындағы қарым- қатынас деп білемін. Ең бастысы балабақшадығы жұмыс жасаған жылдарым мені тек тәрбиеші ғана емес шынайы педагогтың қандай болу қажеттілігіне үйретті. Адам баласы қашанда айналасын, өзін қоршаған жанды- жансыздың барлығын білуге тырысып,зерттеуге құмартқан. Абай атамыз жазғандай баланың бойындағы « естіп,біліп көрсем» деген қасиеттердің өсе келе сұранысы мен қажеттілігі де күрделене түседі. Сол уақытта педагог балаға түсінігін жетілдіріп,тақырыпты ұғындырып қана қоймай,оларды қоршаған ортаға бейімдей білуі қажет. Педагог деген атқа сонда ғана лайықты болмақ. Бұл қандай уақытта болмасын тәрбиеші бойынан табылуы тиісті басты қасиеттердің бірі деп білемін. Бірақ адам әрдайым уақыт талабымен бірге жүрген, уақыт талабына сай тұлғалық жағынан қалыптасып дамып отырған. Тәрбиеші де осы үрдістен шет қалмау қажет. Қазіргі заман педагогі ретінде әрдайым өткенді есте сақтап, бүгінгі көштен қалмауға тырысамын. Ол үшін өзім тәрбиеленушілеріме үйретіп қана қоймай,олардан да үйренушісі болуға тырысамын.
«Жаңашыл болуға үйренемін»
Компьютердегі кезекті әсем слайдт жасай білу барлық технологияны меңгердім деген сөз емес. Оқу іс- әрекетін берудегі көрнекі құралдарды барынша жаңаша әдістерге өзгертіп,ғаламтормен дос болуды үйрену қажет.
Жас бала әрдайым зерек келеді, ол өздігінен- ақ кез-келген нәрсенің қыр сырын меңгеруге талпынып тіпті үйреніп алады.Ал педагог бұл жағдайда тәрбиеленушіден бір қадым алда жүруі қажет, оның қажетсіз дүниеге бас сұғып кетпеуін қадағалауы қажет деп ойлаймын. Жаңашылдық қазіргі заман педагогінің басты қасиеттерінің бірі болуы тиіс.
Ізденімпаздылық -педагогтың екінші аты. Әрбір тақырыпты түсіну баланың зеректігіне ғана емес педагогтың тапқырлығы мен түсіндіре білу тәсілдеріне де байланысты. Баланың қызықпаған оқу іс әрекетін сан түрлі әдіспен үйретіп, ұғындыра білу қажет. Ол үшін әр күн сайын тіпті өзің білмеген нәрселерді ақтарып, сан түрлі тәсілді меңгеруге тура келеді. Педагог жаны да шығармашылыққа толы, ал шығармашылық жұмыс әрдайым рухани азық іздеп отыратындығы жасырын емес.
Ізеттілік пен ізгілік жаршысы болуға талпынамын. Балабақшадағы педагогтік жылдарым басталғанда тәжірибе жинау жолында маған аға буынның көп көмегі тигені рас. Жас педагог ретінде маған үйреткендері шексіз.
Дәл сол жылдардағы бойға жиған ізеттілік пен ізгілік қасиеттерін менің алдыма келген балалардың бойына енгізуге тырысамын. Оларға адамзат жаңалықтарынан бұрын «адам» деген атқа лайық болуды үйреткен жөн деп білемін.
Әлемді бала көзімен қабылдауға жалықпау керек. Бірде Марк Твеннен қайдан келдіңіз деп сұраса «Балалықтың ауылынан келдім» деп жауап берген екен. Өмірдегі тұлға қалыптасуы балалақтағы, жасөспірімдегі тәрбиемен тығыз байланысты. Оны тәрбиелеуде бала бейнесінің бұзылмауына аса мән берілуі қажет. Педагог балаға білім берер кезде оның таным түсінігі мен де санаса білуі маңызды.
Достыққа жол аша білу: Педагог еңбегі бала білімімен өлшенеді десек, педагог еңбегінің күрделілігі әрбір бала жүрегіне жол таба білуінде. Осы уақытқа дейінгі жұмыс жасау жолым мені маман ретінде дамуға ғана емес, педагог ретінде өзімді тануға үйретті. Қазіргі заман педагогі ретінде түсінген басты қағидаларымның бірі осы болды. Өзімнің мойнымдағы педагог деген ауыр жүктің салмағын сезіндім, енді алдағы уақытта осы атқа лайық болу үшін еңбек етемін.