«Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

 

«Білім беру  ортасындағы балалардың әл  ауқаты мен қауіпсіздігі»

 

Мизан Манар

КМҚК «Балдырған» б/ж

 

Балабақшадағы балалардың қауіпсіздігі барлық тараптардың осы мәселеге кешенді көзқарасына байланысты. Қауіптің дамуына жол бермеу үшін балабақша тәрбиешілері, олардың тікелей жетекшісі және, әрине, ата — аналар қатысуы керек. Ел ертеңі – білімді жастар қолында! Болашақта  балалар  тәрбиелі, білімді болып, ата-аналары мен тәрбиешілерінің  үмітін  ақтағанын қалаймыз. Қауіпсіз ортада жетіліп, ешқандай зорлық зомбылық көрмесе екен. Келеңсіз жағдай болдырмау  үшін, бар күшімізді саламыз. Егеменді  еліміздің болашағы — балалар. Сондықтан балалардың  әлауқаты  мен қауіпсіздігіне немқұрайлы  қарамайық. Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.

Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: жастай өмірмен қоштасып, орны толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның себептері: көптеген балалар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды  болдырмас үшін мектепке дейінгі ұйымдардан бастап, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті.

Ата-ана баласына мектепке, көшеге, дүкенге барарда үнемі мынаны ескеріп отыруы керек:

-Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе

-Сені артыңнан  қуса көп адамдар арасына жүгір

-Үйде ешкім жоқта  есікті бөгде  адамға  ашуға болмайды.

-Үлкендер жоқта тоқ көзіне үтік,телефон сияқты заттарды қосуға болмайды.

— Мас және қауіпті  адамнан алыс жүр.т.б

«Балалардың әлеуметтік қауіпсіздігі» түсінігін анықтаудағы маңызды бағыттар шетелдерде көптеп тараған. Бұл бағыт үшін «балалардың әлеуметтік қауіпсіздігі» ұғымын «қоғамды әлеуметтік қамсыздандыру» ұғымымен байланысты.  Соған байланысты балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік қауіпсіздігін қамсыздандыру мәселесін шешу, көмекті қажет етушілерге материалдық және басқада көмекті ұсыну, жалпы ұлттық қауіпсіздікті қамсыздандырудың негізгі оспектісі болып табылады. Баланың дұрыс дамуының өмір сүру жағдайын, оның өмірін қамтамасыз етуді қолдау бойынша құқықтық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық іс-шараларды өткізу мен сақтауда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.

«Әлеуметтік қауіпсіздік» ұғымын түсіндіретін қазақстандық тәжірибеде заңнамалық құжаттар жоқ, бірақ, денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасында балалардың қауіпсіздігі мен оларды әлеуметтік қорғауға аса көңіл аударылған.  Балалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ол мемлекеттің, қоғам мен отбасының маңызды міндеті болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды қолдау, әсіресе жетім-балаларға және ата-анасының қамқорынан айырылған балаларға, физикалық және ақыл-ой дамуын түзетуді, ұзақ емделу мен оңалтуды қажет ететін балаларға, сонымен қатар көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасылардың балаларына мемлекет әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Баланың тұлғасын қалыптастыруда және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттің аса маңызды рөлі нақты халықаралық және отандық деңгейде белгіленген. Білім жүйесінің модернизациялануы қоғамдағы баланың толыққанды қауіпсіз өмір сүруін қамсыздандырудың маңызды міндеттерінің бірі болып табылып отыр.

Балабақшаның топтары мен учаскелерінде баланың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасалуы керек,барлық шкафтар мен сөрелер сенімді бекітілуі керек. Жабдықтар, материалдар, керек-жарақтар құлау мүмкіндігін болдырмайтын олардың толық қауіпсіздігі мен орнықтылығын ескере отырып орнатылуы тиіс, балалардың дербес еңбек әрекетінде пайдаланылатын мүкәммалды биіктігі баланың өз деңгейінен аспайтын сөрелерде және шкафтарда орналастыру қажет, аквариумдар, тордағы жануарлар және табиғат бұрышының бөлме өсімдіктері бала еденде тұрып оларға күтім жасай алатындай етіп орналастырылады, өсімдіктерді суару кезінде балалардың киіміне, жеңдеріне су ағып кетпеуі үшін лейканы кеудесінің деңгейінен төмен ұстауы керек. Балалардың кез-келген әрекеті, әсіресе құралдарды қолданумен байланысты еңбек әрекеті тек ересек адамның тікелей бақылауымен жүзеге асырылады. Жануарларды ұстауға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау. Ерте және кіші жас тобында кактустар мен басқа да тікенді өсімдіктерді, сондай-ақ жыртқыш құстар мен өсімдіктерді ұстауға қатаң тыйым салынады. Балалардың еңбек әрекеті ұйымдастырылатын үй-жайлар таза, жарық, желдетілген болуы тиіс. Әр баланың жұмыс орнын жарықтандыру, әсіресе қол еңбегін ұйымдастыру кезінде, белгіленген санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келуі керек. Салмағы 2-2, 5кг-нан асатын ауыр заттарды (мектеп жасына дейінгі ересек бала үшін) балалардың тасымалдауына тыйым салынады.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *