Балабақша болашақтың келбеті.

Мырзалиева Айбану Кунтугановна
Қызылорда обылысы, Арал ауданы,Шөміш елді мекені.
№263 орта мектеп жанындағы «Балдәурен» шағын орталығы.
«Балдәурен» ортаңғы тобының тәрбиешісі.

Балабақша –  болашақтың келбеті.

Балабақша–балаға тәрбие негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп.
Баланың екінші үйі. Бала – ұрпақ, бала – қуаныш, бала – болашағымыз. Балабақшадағы тәрбие мен білім балалардың мінезін, кабілетін ерте дамытады.

Адам өміріндегі ең тәтті, алаңсыз бақытты шағы – балалық шағы. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Қазіргі таңда еліміздің ертеңі жас ұрпақ білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті, тәрбиелі  ұрпақ –  ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Балабақша келер ұрпақты Отанын сүюге, елін  қорғауға және еңбекке, өнер-білімге, ізгі адамгершілік қасиеттерге  баулиды. Осындай жылы ұяның бірі— Шөміш ауылындағы   №263 орта мектеп жанындағы «Балдәурен»  шағын орталығы.

Балабақша – өскелең ұрпақты  тәрбиелейтін киелі мекен, бақыт ордасы. Балабақша ұжымы  келешек ұрпақтың тәрбиелі, білімді болып өсуіне қызмет етіп келеді.  Балабақшаның алдыңғы қатардан көрініп келе жатқан білім ордасы атануына  жақсы жетістіктерге жете білген әр тәрбиешінің еңбегі бар.   Педагогтардың біліктілігі мен білімі жоғары екенін де мақтанышпен айтқым келеді.  Балабақшада өз жұмысын жақсы білетін білімді мамандар, білікті әдіскер мен ізденімпаз, әрі іскер балабақша меңгеруші жұмыс жасайды. Педагогтар үнемі шығармашылық ізденіс жолында. Балабақшада балаларға білім беру, тәрбиелеуде барлық жағдай қарастырылған. Балалардың тілін дамыту үшін ертегілер, тақпақтар, өлеңдерді мәнерлеп оқу, суретке қарап өз ойын ашық айтып жеткізуге арналаған дамыту жұмыстары жүргізіледі. Бірде ән айтып, көпшіліктің көңілін көтерсе, енді бірде қойылым көрсетіп, балалық қылықтарымен көпшіліктің ықыласын өздеріне аудара біледі. Сондай-ақ тәрбиешілер  ата-анамен бірлесе,  үнемі тығыз байланыста жұмыс жасайды. Бұл да білікті меңгерушінің еңбегі.  Ұзақ жылғы тәжірибенің жемісі. Педагог әрі  ата-ана ретінде де  балабақша ұжымына алғысымды айтқым  келеді.

Баланың қандай болуы тәрбиеге байланысты екенін айтқан дана Абай атамыз:
Адам болам десеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бес асыл, іс көнсеңіз — деп, балғындарымызды тәрбиелеу баршаның ісі  екенін естен шығармайық дегенім келеді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *