Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • «2022-2023 оқу жылына» Әдістемелік нұсқау хаттың жобасы

  • «Шынықсақ шымыр боламыз!»

  • «Жөргектегі вундеркинд»

  • «Жөргектегі вундеркинд»

  • «Пішіндер мен түстер»

  • Бауырсақтың бастан кешкен оқиғалары

  • 412 бұйрық. МДҰ педагогтарына

  • 412 бұйрық. Балабақша

  • И.Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде»

  • «Білімділер әлемі»

  • «Бағдаршам»

  • «Бағдаршам»

  • Ұлттық тағамдар

  • «Астана-туған елдің жүрегі!»

  • Көктем келді

  • «Балабақшадағы болашақ азаматтарды қалыптастыру «

  • Күзгі баққа саяхат

  • МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТИІМДІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

  • Мен қазіргі заман мұғалімімін

  • «Сиқырлы бояу патшалығы»

Балабақша
Home›Балабақша›«Қолғап» ертегісі

«Қолғап» ертегісі

By bilimger
24 января, 2019
2574
0
Share:

Білімділігі: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.

Тәрбиелігі:  Әр кейіпкердің қимылын жасай білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар қонақтармен амандасады.

Балалар қараңдаршы бұл орманның ішіндегі аңдардың ертегілерді тамашалайтын көгілдір экраны бар екен. Бұл экранның сиқырлы құпиясы  болып тұрған  ғой. Алдымен орманның  ішіне жайғасып алайық.  Олай болса мен сендерге жұмбақтар жасырамын. Бұл сиқырлы экранда бізге көмектесер. Сендер жұмбақтарды мұхият тыңдап отырыңдар.

ЖҰМБАҚТАР:

  1. Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. /Аю/

2.Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/

3.Өзі бір қу,

Жүрген жері  шу./Түлкі/

4.Күші десең, күші бар,

Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/

4.Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кім шалшықта

Бірін-бірі мақұлдап./Бақа/

5.Жер қопарған тісімен,

Сескенесің түсінен. /Қабан/

6.Үй-ішін аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жыртады,

Мысықтан қорқады. /Тышқан/

Көрдіңдер ме балалар экранның  сиқыры шынымен  де бар екен. Осы аңдарға  байланысты кім тақпақтар біледі.

Тышқан:

Өзім егін екпеймін,

Егістен ұзап кетпеймін.

Мысық қуса жетпеймін,

Мен қап тесер тышқанмын.

Бақа:

Мен бақамын, бақ-бақ,

Басым менің жалпақ.

Су түбінде көп жүріп,

Басым содан жалпақ.

 

 

 

Қоян:

Мен ақ қоян, ақ қоян,

Қалқиған ұзын құлағым.

Құлағымды жел үніне,

Тігіп жатар сақ қоян.

Түлкі:

Ананы да алдаған,

Мынаны да алдаған.

Жүрген жері шу,

Мен түлкімін қу.

Қабан:

Шалшық суда,

Балшық суда жүретін.

Мен сояу тісті қабанмын.

 

Қасқыр:

Мен қасқырмын, қасқырмын,

Қозы ұрлайтын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде,

Қозы етін жемесем.

 

Аю:

Кезген ішін орманның,

Мен аюмын қорбаңмын.

Қалың нудан бал таңдап,

Жүремін мен балпаңдап.

 

Олай болса аңдардың дыбыстарын салайық.

Қасқыр қандай дыбыс шығарады.

Балалар: Ррр-ррр-ррр

Аюдың дыбысын салайық

О-оооо

Бақаның дыбысын салайық

Бақ- бақ- бақ

Қабанның дыбысын салайық

Храп- храп-храп.

Ал енді осы аңдар біз өткен ертегілердің ішінде қандай ертегіде кездеседі.

Балалар:Қолғап ертегісінде.

Дұрыс айтасыңдар.

Ендеше  қолғап  ертегісін сахналайық .

Тәрбиеші: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар.

Бір күні ата күшігімен  келе жатып, орманда қолғабын түсіріп  алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді.

Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын.

Шыршалардың арасынан бақа шығады.

 

 

 

Бақа: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қап тесер тышқан тұрады.

Ал сен кімсің?

Бақа: Мен секек бақамын. Қолғапқа мені де кіргізші.

Тышқан: Мұнда орын жетеді.

Шыршалардың арасынан қоян шығады.

Қоян: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің?

Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Мен де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым.

Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян.

Қолғапқа түлкі бикеш келеді.

Түлкі: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің?

Түлкі: Мен түлкі бикешпін. Менде қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден  тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.

Қоян. Мұнда орын жетеді. Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел кір түлкі.

Шыршалардың арасынан қасқыр шығады.

Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

     Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

Ал сен кімсің?

     Қасқыр: Мен қасқырмын. Мені де кіргізіңдерші. Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр.

Қолғапқа қабан келеді.

Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

     Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

     Қасқыр: Қасқыр тұрады.

Ал сен кімсің?

     Қабан: мен сояу тісті қабанмын. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші.

Қабан қолғапқа кіреді.

Шыршалардың арасынан аю шығады.

     Аю: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

 

 

 

 

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

     Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

Қасқыр: Қасқыр тұрады.

Қабан:  Сояу тісті қабан тұрады.

Ал сен кімсің?

Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші.

Тышқан: Жоқ!

 Бақа: мұнда орын жоқ!

     Қоян: сен дәусің қалай кіресің?

     Аю: Қолғапқа кіреді.

Тәрбиеші: Жоғалған қолғабын ата есіне алып орманға қайтып келеді. Атадан бұрын күшік келіп қолғапты көріп қалады. Күшік үреді . Аңдар орманға қашады.  Ата қолғапын алып кетеді.

Балалар сендер қандай ертегіні саханаладыңдар.

Балалар: Қолғап

Қолғап ертегісінде қандай кейіпкерлер болады.

Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр,қабан, аю.

Иә,ертегі кейіпкерлері бір-бірімен таласпай,бірін-бірі итермей бәрі сол бір қолғаптың ішіне сыйыпты. Көрдіңдерме?

Біз де осылай дос болуымыз керек. Біздің топта қанша бала болса, сонша біздің досымыз көп екен.

Мақал- мәтелді қайталайық:

«Досы көпті жау алмайды»

Previous Article

Жол ережесін білейік

Next Article

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    Балабақша

    2 мая, 2020
    By admin
  • Балабақша

    Құрастыру. Тақырыбы: Жүк машинасы.

    26 декабря, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Баланың балабақшаға бейімделуі.

    26 мая, 2020
    By admin
  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Математика патшалығына саяхат

    25 марта, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Мен,сен,ол,олар-барлығымыз бір отбасымыз!

    25 июня, 2019
    By admin
  • Балабақша

    Ұрпақ тәрбиесі — ел мұраты

    2 августа, 2017
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын

  • Ашық сабақтар

    Көліктер

  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІТехнологиялық карта

    Технологиялық карта: «Түлкі мен тырна»

Жаңа жарияланымдар

  • «2022-2023 оқу жылына» Әдістемелік нұсқау хаттың жобасы
  • «Шынықсақ шымыр боламыз!»
  • «Жөргектегі вундеркинд»
  • «Жөргектегі вундеркинд»
  • «Пішіндер мен түстер»
  • Бауырсақтың бастан кешкен оқиғалары
  • 412 бұйрық. МДҰ педагогтарына
  • 412 бұйрық. Балабақша
  • И.Янчарский «Ойыншықтар дүкенінде»
  • «Білімділер әлемі»
  • «Бағдаршам»
  • «Бағдаршам»
  • Ұлттық тағамдар
  • «Астана-туған елдің жүрегі!»
  • Көктем келді

Күнтізбе

Август 2022
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
« Июл    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика