Баланың жан-жақты дамуындағы ойынның маңызы
Тулеуова Айжан Жексенбаевна
Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттің кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.
Ойын-балалардың күнделікті тиімді іс-әрекеті.Ол балалар үшін әлеммен қарым-қатынас кезінде туындайтын шексіз қажеттілік пен қызығушылығынан туындайтын іс-әрекеттердің бір түрі.Ойын кезінде балалардың ойлауы мен елестеу қабілетінің ерекшеліктері,оның белсенділігі,қарым қатынасқа түсудің қажеттілігі ашық көрінеді.
Ойын тілдің дамуына өте зор ықпал тигізеді. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді. Егер баланың ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуға мүмкіндігі болмаса, егер ол бірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына мысал болады. Құрдастарымен түсіну қажеттілігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады.Ойын арқылы бала өз бетінше еңбектенуді үйренеді.Ойын барысында қасындағы құрдастырының пікірін бағалауға,ойын қатысушыларымен қарым-қатынасқа түсуді,ойынның ережелерін қолдану және оларға бағынуға үйренеді.
Ойын сөйлеу тілі дамуы менсөздік қатынастың құралы және белсендірудің қайнар көзі деп айтуға болады.
Баланың іс-әрекетінің жемісті түрлері саналатын сурет салу мен құрастыру мектепке дейінгі балалық шақтың түрлі кезеңдерінде ойынмен тығыз байланысты. Мәселен, сурет сала отырып бала қандай да бірсюжеттіойнайды. Баларөзарақырқысыпжатқан, бірін-біріқуып бара жатқанаңдардың, қонаққа бара жатқанжәнеқонақтанқайтыпкележатқанадамдардың, соққанжелденқұлаптүсіпжатқаналманыңт.б. суреттерінсалады. Текшелерденбірдеңеніқұрастыруойынбарысындаұштасады. Шофер роліналған бала блоктардықұрылысқаапарады, сосын осы блоктардымашинадантүсіретінжүктүсірушіболады, ақырындаолүйтұрғызушықұрылысшы-жұмысшығаайналады. Бірлесіпойнағандабұлміндеттердібірнеше бала өзарабөліседі. Суретсалуға, құрастырушылыққадегенынталарыбасында тек ойынмақсатынасәйкессуретсалуға, құрастыруғабағытталған процесс ретіндеболады. Тек мектепкедейінгіестияр да ересекжастағыбалалар да ынтаіс-әрекетініңнәтижесінеауысады да ісойынықпалынаназатетіледі.
Ойын-баланың тәрбиелеу және дамуының күшті стимулы,жасөспірімдерге өалыптасқан әлеметтік білімді,тәжірибені беру тәсілі.Ойын әрекеті баланың жан-жақты дамуына бағытталған және мектеп жасына дейінгі тәрбиелеудің негізгі тарапының бірі болып есептеледі.Атап айтқанда ойын барысында оқу,тәрбие,дамыту және түзету міндеттері тиімді шешіледі.
Тілді дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарының негізгі болуы тиіс, өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, сана — сезімін кеңейтеді.
Тіл — халықтың ажары, базары, бағы. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, өзінің айналасында болып жатқан өзгерістерді, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан — жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата — анасы міндетті.
Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым — қатынасына тығыз байланысты. Баланың өзге адамдармен қарым — қатынасының негізгі де отбасында қалыптасады. Бүгінгі техникалық мүмкіндіктер жақсы дамыған заманда ата — аналардың да мүмкіншіліктері кеңейе түсуде. Теледидар арқылы көрсетілетін ертегілер мен қойылымдар, ойындар баланың тілдік дамуына өз әсерін тигізері сөзсіз.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, мектепке жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдалану осы бағыттағы атқарылатын игі іс — шаралардың нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын.