Ертегілер. Мақта қыз бен мысық
Убайдулла Баян Болатқызы
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер. Мақта қыз бен мысық.
Сабақтың мақсаты:
- «Мақта қыз бен мысық» ертегісін мәнерлеп оқып, мазмұндау, рөлге бөліп оқу.
- — Ертегідегі жаңа сөздермен жұмыс .
— Ертегідегі жанрлық ерекшелігне сай оқи отырып, балалардың қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
- Балаларды еңбек сүйгішктікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қуыршақ театры
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрініс көрсету, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: қуыршақтар.
Сабақтың барысы:
Психолгиялық дайындық:
Қайырлы таң Жер Ана,
Қайырлы таң Көк Аспан,
Қайырлы таң Достар,
Қайырлы таң қонақ!
Сәлеметсіздерме, апайлар!
- Ұйымдастыру кезеңі:
— Сәлеметсіңдер ме, балалар?
— Сәлеметсіз!
— Бір айда неше апта бар?
— Бір айда төрт апта бар.
— Бүгін аптаның қай күні?
— Бүгін аптаның дүйсенбі күні.
— Бүгін нешесі?
— Бүгін наурыздың төрті.
- Үй тапсырмасын сұрау.
— Ертегі жұмбақтар адамның ақыл – ойының деңгейін сынайтын болған.
— Ертегі деген не?
— Ертегі халық ауыз әдебиетінің ең көп тараған түрі.
— Ертегілер неше топқа бөлінеді?
— Ертегі үш топқа бөлінеді: қиял – ғажайып ертегі, хайуанаттар туралы ертегілер, тұрмыс – салт ертегілер.
— Хайуанаттар туралы қандай ертегілер білеміз?
— Хайуанаттар туралы « Түлкі мен Ешкі» ертегісін білемін.
— «Түлкі мен Ешкі» ертегісінің бас кейіпкерлері кім?
— «Түлкі мен Ешкі» ертегісінің басты кейіпкерлері түлкі мен ешкі.
- Жаңа сабақ.
— Балалар, бүгін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісімен танысамыз. Ең алдымен, ертегіде кездесетін түсініксіз сөздермен танысамыз.
- Сөздікпен жұмыс:
Мейіз- изюм
Қатығын төгеді – выливает кефир
Тауып алады — нашел
Шөлдеп тұрмын – хочется пить
Дән – зерно
Бас салады – хватает
Тышқан – мышь
- Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыру:
Тәтті мейіз. Алтын дән. Кішкентай тышқан.
- Сөйлем құрастыру: Әжем тәтті мейіз сатап алды. Кішкентай тышқан алтын дән тауып алды.
- «Мақта қыз бен мысық» ертегісін кейіптендіру.
- Балаларды ертегіні түсінуге, ертегінің қиын, түсінбеген жерлерін балалармен талдау, аудару.
- Ертедегі кейіпкерлерді атау( Мақта қыз, мысық, ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан, т. б.)
- Ертегіге көрініс көрсету.
- Жаңа сабақты бекіту.
- Ертегіні рөлге бөліп ойнау.
- Әр балаға рөлдерді таратып беру
- Ертегінің қай топқа кіретінін анықтау( Тұрмыс – салт ертегісі)
1 топ. Мысық қатық іздегенде қайсысына қашан барғанын ретімен айтыңдар.
- Мақта қыз
- Сиыр
- Ағаш
- Қыздар
- Дүкенші
- Тауық
- Тышқан
2 топ. Мысық қайсысынан не алды?
- Сиыр – қатық
- Ағаш – жапырақ
- Қыздар – су
- Дүкенші – сағыз
- Тауық – жқмыртқа
- Тышқан – тары
- Қорытындылау.
Қатықты табу үшін мысықтың жүрген жолын айтып беру.
Осы ойын арқылы ертегінің мазмұнын айтып беру.