Ғарыш әлемі

Масимгазиева Айкен Баймолдаевна

Білім беру саласы:  Коммуникация

Оқу іс- әрекеті:   Тіл  дамыту.

Тақырыбы:     Ғарыш  әлемі.

Мақсаты :  Балаларға  ғарыш, ғарыштық ұшулар,Байқоңыр ғарыш айлағытуралы  түсінік беру, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері ТоқтарӘубәкіров  туралы түсінік бере отырып,балалардың ғарыш әлеміне  қызығушылығын арттыру. Балалардың байланыстырып сөйлеуін,көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін арттыру.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау.

Қажетті көрнекі құралдар: зымыранның,иттердің суреті, Ю.А.Гагарин, В.Терешкова, Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаевтың суреттері, сөзжұмбақ, жұлдызшалар.

Оқу іс – әрекетінің барысы:   Шаттық  шеңбері.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің -оң қолым,

Мынау менің – сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Балалар , қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қазір жылдың көктем мезгілі?
  • Көктем мезгінде қандай өзгерістер болуда?
  • Күн жылынады, жерге көк шөп шықты, ағаштар бүршік жара бастады,

біз жеңіл киім киіне бастадық.

  • Аптаның қай күні?
  • Аптаның бесінші күні,жұма күні.
  • Сәуір айының 10 жұлдызы.

Зымыраным оқтай ұш,

Айға біраз тоқтай ұш,

Апар мені ғарышқа – дей отырып бүгінгі оқу іс- әрекеті тіл дамытудан

« Ғарыш әлемі » тақырыбын өтеміз.Алдымызда 12- сәуір Ғарышкерлер

күні болып саналады.

  • Қане , барлығымыз тақтадағы суретке назар аудара отырып, аспан әлеміне саяхат жасаймыз. Өзіміз аспанда ұшып жүргендей болайық.
  • Аспанда нелер бар?
  • Жұлдыздар , ай, күн.
  • Күн не үшін керек?
  • Күн жылу береді, жарық береді.
  • Ай не үшін керек?
  • Түнде жарық береді.
  • Ғарышкер деп кімді айтамыз?
  • Осы жұлдыздарды, ай мен күнді зерттеу үшін ғарышқа ғарышкерлер

ұшады. Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Ю. Гагарин 1961 жылы 12 сәірде

« Восток » ғарыш кемесімен , Жер шарын 1 рет  айналып шықты. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып есептеліп

келеді. Қазіргі таңда әлемде 17 ірі ғарыш айлақтары бар, соның бірі-

Байқоңыр ең үлкен ғарыш айлағы. Ең алғаш иттерді ұшырып тәжірибе

жасаған, Лайка және Белка. Осы иттер аман- сау оралған соң, алғаш рет

адам ұшты.

Ал мына суретте- біздің елімізден тұңғыш ғарышқа ұшқан Тоқтар Әубәкіров ағаларың. Ол ғарышта7 күн, 22 сағат, 13 минут болды.

Ал мына суретте- Талғат Мұсабаев ағаларың. Ол ғарышқа 3рет ұшқан, ашық космосқа шығудан немесе орбитада көп болудан рекорд

жасаған. Зымырандар Қазақстанда Байқоңыр қаласынан ұшырылады.

Байқоңыр туралы кім тақпақ біледі?

Расул:  Ғарышжай Байқоңыр,

Қаннаттылар мекені.

Қазақ жері Байқоңыр,

Қай жер саған жетеді?

Нұрғазы: Ғажап жерім Байқоңыр ,

Тұңғиықты ғарышты.

Тұнып тұрған алысты,

Орындалып арманы

Ғарышкерлер шарлады.

Нұркелді : Көкке ұшамын,ұшқыш болар баламын,

Соңына ерем, ер ғарышкер ағаның.

Батыр болам , көк аспанды сүйемін,

Жұлдыздарға барып келіп жүремін.

  • Ғарышкерлер туралы кім тақпақ біледі?

Ақниет : Тоқтар ағам-жан ағам,

Бұрыннан да ер еді.

Менің батыр ағадан,

Аумай  қалғым келеді.

Ақбота:   Тоқтамайды  осы аңыз,

Біз жолыңды тосамыз.

Тоқтар- аға ерлікті,

Күнде өлеңге қосамыз.

 

Ал енді балалар ойын ойнаймыз. Ойын « түрлі түсті жұлдыздар » деп

аталады.

  • Балалар , мынау не? ( жұлдыздарды көрсетемін ).
  • Барлығының түсі бірдей ме?
  • Жоқ , әртүрлі. Әуен ойналады, балалар түстеріне қарай жұлдыздарды

жинақтайды.( Музыка басталып, балалар жұлдыздарды бір-бірден жи-най бастайды. Музыка тоқтағанда жинауын тоқтатады. Ең көп жұлдыздар жинаған баланы мадақтаймын.)

Нүктелеу арқылы зымыранның, айдың суретін салу.

Қорытынды.        « Сөзжұмбақ шешу. Ғарыш сөзі шығады »

Бүгін біз не туралы үйрендік?

Ғарышкер деп кімді айтамыз ?

Кімдерді білеміз ?

Балалар:   Қол ұстасып тұрайық,

Жарты шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық !

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. Еркінқызы:

    Күшті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *