Ауылым – алтын бесігім
Бегимбетова Динара Бакытжановна
Технологиялық карта І-кіші тобы
2014 жыл «07» Қараша
Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық.
Білім бөлімі: Тіл дамыту, Музыка.
Тақырыбы: Ауылым – алтын бесігім.
Мақсаты: Ауылмен таныстыру. Бүлдіршіндердің бойына ауылға деген сүйіспеншілік пен құрмет-қасиетін қалыптастыру. Ұрпақтарымыздың отансүйгіштік сезімдерін ояту, туған жерін, елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Ауыл-село, балабақша-ясли сад.
Ынталандыру, cезімді ояту.
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Шаттық шеңбері.
Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаймыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын айтқызады.
Балалардың іс – әрекеті.
Балалар шеңбер бойымен тұрады.
Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.
Ізденістер, ұйымдастыру.
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Ауыл туралы әңгімелесу.
Тақтада ауыл көрінісі бейнеленген сурет ілініп тұрады.
Балалар мынау біздің туып өскен жеріміз-ауылымыз.Ауылым – алтын бесігім деп бекер айтпаған. Ауылымыздың аты – Ынталы ауылы. Ынталы ауылында көптеген ұлттар тұрады. Ынталы ауылының табиғаты өте керемет.
Қане, барлығымыз ауылымыздың атын айтайықшы?
Ауылымызда мектеп, мешіт, балабақша, дүкендер бар. Біздің келіп жүрген балабақшамыздың аты – «Бибі Ажар» балабақшасы.
Тақпақтар:
1.Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған өлкем.
- Ауылым-алтын бесігім.
Сергіту сәті:
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың айбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ-топ-топ басайық,
Қағаздан күн жасайық.
Жаса, жаса жарқын күн,
Жаса, жаса алтын күн.
Ойын:
Балалар Ынталы ауылындағы өз үйлеріңді көрсетіңдерші.
Балалардың іс – әрекеті.
Балалар назарларын тақтаға аударады.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Балалар Ынталы ауылы деп жауап береді.
Ортаға шығып тақпақтарын айтады.
Әуенмен өлеңді айтып, сергіту сәтін жасайды.
Балалар плакатқа өз суреттері бейнеленген үйлерін жабыстырады.
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
-Балалар, туып өскен жеріміздің, ауылымыздың аты қандай?
-Ауылымыздағы балабақшаның аты қалай аталады?
-Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
-Балалар бүгін барлықтарың өте тамаша қатыстыңдар.
Балалардың іс – әрекеті.
-Ынталы ауылы.
-«Бибі Ажар» балабақшасы.
-Ұнады.
-Қуанып рахмет айтады.
Күтілетін нәтиже: Ауыл туралы түсініктерін қалыптастырып, сөздік қорын молайту.
Білуі тиіс: Ауылдың, балабақшаның атауларын біледі.
Түсінігі: Ойын арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Бегимбетова Динара.