Қайталау математика
«» ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Өтілетін күні: Тәрбиеші: Шуканаева Рая
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Қайталау
Мақсаты: Өтілген тақырыптарды бекіту, сандар және цифрлар туралы білімдерін толықтыру. Геометриялық ұғымдар туралы білімдерін кеңейту.
Әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс — әрекеті |
Балалардың іс — әрекеті. |
Енгізу. |
Дәлелді ояту. |
Шаттық шеңбері. «Дос болайық,бәріміз» Х.Талғаров. |
Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау. |
Дос болайық,бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. |
Ұйымдастыру – іздену |
1.«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойын: Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі. 2.«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны: Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. 3.«Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны. Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету. |
Берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап отыру.
Ойындарға қызығушылықпен қатысу. |
Сергіту сәті: Балалар қимылмен орындайды. |
Рефлекстік түзету.
|
Сабақты аяқтау. Сабақ соңында балаларды мадақтау. |
Өз достарын бағалау. |
|
Күтілетін нәтиже.
Білуі:Сандар туралы түсініктерге ие болады.
Игеруі:Тапсырмаларды қызығушылықпен орындауды игереді.
Меңгеруі:Математикалық ұғымдарды салыстыру дағдысын меңгереді.