«Дені саудың – жаны сау»
Көплепесова Ұлболсын Шахановна
Сабақтың мақсаты : Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылық сезімдерін дамыту арқылы ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулып тәрбиелеу.Ойын арқылы салт-дәстүрді түсініп қастерлеуге ұлттық құндылықтарды білуге үйрету. Денсаулықтарын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Әдістәсілдер:Амандасу,шаттық шеңбер,көрсету,әңгімелеу,ойын,мадақтау
Шаттық шеңбері: үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Барша жұртты құрметтеп,
Бас иеміз біз,
Тәрбиеші:- Балалар,бізге бүгін көптеген апайлар келіп отыр.Бүгінгі ойын оқу қызметіміз ерекше болмақ.себебі,біз бүгін ұлттық ойындар туралы білетін боламыз.Ұлттық ойындар-ата бабамыздан бізге жеткен асыл қазынамыз. Бұл ойындарды ежелде ата-ьбабаларымыз
тойларда,жиындарда, үлкен мерекелерде ойнаған.Ұлттық ойындаросылайша атадан балаға,үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған.
Қазақстан ұлттық ойындары ерлікті,батылдықты,шапшаңдықты,ептілікті ерекшеліктерімен бірге,күш-қуат молдығын,білек күшін,дененің сомданып шынығуын қажет етеді.
Суретпен жұмыс: Балалар суретпен әңгімелейді.(ұлттық ойындардың суреттері қойылады)
Палуандар таласып кіреді:
1-палуан- Мен ойнатам балаларды
2-палуан-мен ойнатам балаларды
Тәрбиеші: —Сәлеметсіздерме палуандар,біздің қадірлі қонағымыз болып келіпсіздер,таласпаңдар. –Қане біз сіздердің күштеріңді сынап көрейік, кімнің күші көп екенін, кім жеңсе сол балаларды ойнатады.
Жеңген палуан:-Айттым гой ,менің күшім көп деп,енді балаларды мен ойнатам
Ойын: «Күш сынаспақ»
Балалардың тақпақтары:
1.
2.
3.
Алдар көсе кіреді:- Алдар көсе балаларды алаңға шақырып,онда жігіттер жарысын өткізіп,ойындар ойнауға шақырады.
- «Арқан тарту» ойыны( балалар қызыға ойнайды)
- «Бәйге» (ат жарысы) балалар жұппен сөре сызығына тұрады. Бірінші атқа қолдарын артқа-төмен созады да екіншісі-салт атшы оны қолынан ұстайды,осы қалыпта екеуі тірек тағанға дейін жүгіреді, оны айналып,кейін қайтады.Кім бірінші келсе,сол жеңімпаз аталады.
Тәрбиеші:- Қане балалар, балалар дем алайық.
Қазақ халқының ойындары әр жерге танылды,қазақ халқының ойындарын басқа ұлттар қызыға ойнай береді.Балалар палуан ағаларымызбен қоштасайық (палуандар шығыпкетеді)
Алдар көсе: -Балалар тақиям тозып қалып еді,сендер өте шапшаң,білімді балалар екенсіңдер, маған тақия жасап бересіңдер ме?
Тәрбиеші:- Балалар Алдар ағамызға тақия жасап берейік
Жапсыру: «Тақия» (қағаздан жасау)
Тәрбиеші:-«Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.
Қорытынды: -Балалар осымен бізідің «Дені саудың жаны сау» сабағымыз өз мәресіне жетті.Балалардың алған білімдерін, сұрақ-жауап алмасу арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтау.