«Нан дастарханға қалай келеді?»

Ерназарова Гулбану Калабаевна

 

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.Қатынас.Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті:Қоршаған орта.Сауат ашу. Құрастыру

Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»

Мақсаты:

Білімділік: Ұннан жасалатын тағамдар туралы әңгімелеу. Диқан мен наубайшылардың еңбегі жайлы түсіндіру. «Н» дыбысын дұрыс дыбыстату.

Дамытушылық:Зейінін ойлау қабілеттерін, буындарды оқу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Нанды ардақтауға ысырап қылмауға тәрбиелеу, үлкендердің еңбегін бағалауға баулу.

Әдіс – тәсілдер:Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, санамақ

Керекті құралдар:демонстрациялық материалдар, әріп қималары.

Сөздік жұмыс: диқан, обал, сауап.

 

Тәрбиешінің  іс-әрекеті:

Шаттық шеңбері

Арайлап атқан таңымыз,

Жайнасын бүгін күніміз!

Жайқалсын бүгін гүліміз,

Қайырлы таң балалар!

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең шумақтарын қайталайды.

Тәрбиеші

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар күз туралы тақпақ білемізбе?

(Балалардың жауабы)

Педагог нан туралы әңгімелейді.

Нан-адал ас. Жерге тастауға оны аяқпен басуға болмайды.

Сендер нанға қатысты қандай тыйым сөздер білесіңдер?

Балалар:

-Ас атасы-нан, нан атасы-дән.

-Нанды бір қолмен үзбе.

Нан қиқымын басуға болмайды.

Жарайсыңдар балалар.

Педагог сурет бойынша әңгіме құруға ұсынады

(Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады)

Педагог кеспе әріптермен тақтаға буындар жазады.НА, НҰ, НО, НЫ, НАН.

Сргіту сәті:

Тербеледі ақ бидай,

Басын иіп аққудай,

Трактор мен комбайн,

Жүргізуге мен дайын.

Балалар сіздер комбайн туралы тақпақ білесіңдерме?

Педагог комбайнның суретін құрастыруды ұсынады және де олар неше бөліктен тұратынын сұрайды

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс әрекетінде алған білімдерін пысықтайты.

Балаларды мадақтайды және де «Нан» атты өлеңін айтып береді

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:Нанның дастарханға келу жолын сызба бойынша .Сөздерді буынға бөлуді.

Түсінеді: Бидайдың тұқым кезінен бастап, нанға айналу кезеңдерін.

Қолданады: үлкендердің еңбегін құрметтейді, нанды қастерлеуді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *