Ыдыстар.
«» ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы.
Шуканаева Рая
Өтілетін күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Ыдыстар.
Мақсаты:Балалардың ыдыстар туралы түсініктерін кеңейту.Ыдыстардың әртүрлі заттардан жасалатыны,олардың өзіндік қасиеттері туралы көрсете отырып, түсіндіру.Ыдыстар туралы жұмбақтар шешуге үйрете отырып,баланың ойлау қабілетін дамыту.
Әрекет кезеңдері. |
Тәрбиешінің іс — әрекеті |
Балалардың іс — әрекеті. |
Енгізу. |
Дәлелді ояту. |
I.Шаттық шеңбері. «Балалы үй-базар» Н.Әлімқұлов. II. Қызығушылықтарын ояту. Жұмбақ жасыру.
|
Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау.
Жұмбақтың шешуін тез таба білу.
|
Біздің үйден ән тарап, Дұмандатар өмірді. Біздің үйде салтанат, Біздің үйде көңілді. Жұмбақ Кесе, шыны, пиала – Оларсыз шай құяма? Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді? (Ыдыстар)
|
Ұйымдастыру – іздену |
1.Дид ойын: «Кім тапқыр?» Әр ыдысқа жеке жұмбақ жасыру арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту. Басқа қандай ыдыстарды білеміз? 2.Ой қозғау. Ыдыстар туралы түсінік беру. Ыдыстар не үшін қажет? Ыдыстар неден жасалады? Ыдыстардың бір – бірінен айырмашылығы неде? Ыдыстардың түрлерімен таныстыру. Сергіту сәті
3.Ой дамыту Сурет бойынша әңгіме. Сұрақ-жауап. Бұл не? Бұл зат қандай материалдан жасалған? Кімдер жасайды? Түсі,пішіні қандай? т.б.
|
Жұмбақ шешуге қызығушылық таныту
Ыдыстар туралы өз ойларын айту.
Қойылған сұрақтарға толық жауап бере білу.
Суретке қарап әңгіме құрастыра білу.
Сұрақтарға дұрыс нақты жауап беру.
|
Жұмбақтар. Сыртын отқа қақтайды, Одан басқа жақпайды (қазан) Басы құдық, Сабы сырық. (ожау) Сабы бар, Басы шатыр Табысын өлшеп әкеп, Құдыққа тасып жатыр. (қасық)
Сөздік жұмыс: ағаш,шыны,кесе, табақ,тостаған, қасық,шанышқы, қазан,ожау т.б
|
Рефлекстік түзету. |
Сабақты аяқтау. Балаларды мадақтау. |
Достарын бағалау. |
|
Күтілетін нәтиже.
Білуі:Ыдыстар туралы түсініктерді біледі.
Игеруі:Сурет бойынша әңгімелеуді игереді.
Меңгеруі:Ойын арқылы ыдыстың не үшін қажет екендігін түсінеді.
Билингвальный компонент: пішін- фигура, дөңгелек-круг, үшбұыш- триугольник,