Бәйшешек

Баймағамбетова Ұлмекен

Мақсаты:

1.Білімділік. Балаларға көктем мезгілінің ерекшелігі туралы түсіндіре отырып, бәйшешек гүлінің суретін салуды үйрету.

  1. Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  2. Тәрбиелік: Балаларға суретті әдемі етіп бояуға, эстетикалық тірбие беру.

Керекті құралдар: Сурет, компьютер, тіс пастасы, плакаттар, құстардың суреті.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, бағалау.

Барысы:

Шаттық шеңбері:

Күлімде күн күлімде

Жер жасарып көгерсін

Кешегідей бүгінде

Жайнап өссін бәйшешек

Ізденуші ұйымдастырушы кезеңі:

Жұмбақ

Жаңбыр, жаңбыр жауасын

Жанымызға дауасың

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасын ауасын   (Көктем)

-Балалар көктемде неше ай бар?

-3 ай бар

-Қандай айлар?

— Наурыз, сәуір, мамыр айлары

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Күн жылынады.

-Балалар көктем туралы кім тақпақ біледі?

-Қане кім айтады?

Жасұлан:

Шалғында құлпырған

Гүлдерден аумаймыз

Ілгері ұмтылған

Осы біз қандаймыз

Гүлдерден аумаймыз

Асыр сап ойнаймыз.

Тоғжан:

Жайқалып жапырақ

Құлпырып бәйшешек

Тұратын көз тартып

Жаз келді күн шуақ.

Ұлжан:

Көбелек бір-гүл де бір

Қызыл-жасыл күллі өңір

Аспан төрі ақша бұлт

Бау бақшада барша жұрт.

Бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу-қызметіміздің тақырыбы бәйшешек.

-Балалар көктемде шығатын ең алғашқы гүлдер бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ, қызыл гүлді- қызғалдақ, сары гүлді- сарғалдақ. Ал балалар көктемде ең алғашқы көктейтін гүлді-бәйшешек.

Бәйшешектің 3 түрі болады қызыл, көк, сары.

Ғазиза:

Жыршы құстар көп келді

Гүлдер жапты бөктерді

Кел, балалар бәріміз

Қарсы алайық көктемді

-Балалар ненің даусы шығады?

-Құстың даусы

-Қандай құс?

-Торғай

-Балалар, торғай бізге қандай тапсырма әкеліпті?

-Қане, бәріміз көрейікші

-Балалар, торғай бізге бәйшешектің суретін әкеліпті қане, бәріміз әдемілеп, тіс пастасымен салайықшы. Бәйшешектің гүлі -ақ  жапырағы жасыл, ал пішіні сопақша. Суретті біз тіс пастасымен бояймыз.

Сергіту сәті: 

Күнге тосып арқасын

Шуақтайды тау-тасың

Қар астынан қылтиып

Шыға келді бәйшешек

Қорытынды:

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *