«Менің альбомым» (қағаздан)
Искакова Фарида
Мақсаты: Қағазды қатпарлап бөлуге, қағаздан құрастыру әдістерін қолданып көлемді формадағы жазық материалды өзгерту іскерліктерін бекіту. Альбомды әдемілеп, ұқыпты жасауға, өз орындарын таза ұстап, жұмыстан кейін жинап қоюға дағдыландыру.
Керекті құралдар: Түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, сүлгі, үлгі
ойыншықтар, трафареттер мен шаблондар,
әліппе дәптер.
Әдіс-тәсілдер: Қағазбен жұмыс жасау жолдарын түсіндіру. Қию,
желімдеу іскерліктеріне машықтандыру, қайшымен
жұмыс жасауда қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Білетін тақпақ, өлең, әндерін қайталау,
бос уақыттарында әр түрлі ойыншықтар жасап үйрену.
Қостілділік: альбом-суретқап, бумага-қағаз
Іс-әрекет кезеңдері
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Қуанасың сен де,
Қуанамын мен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Балалардың барлығы біркелкі көңілді түрде шаттық шеңберін орындайды.
Ғажайып сәт:
-Балалар бүгін бізге қонаққа
Айша атты қуыршақ қонаққа келіпті.
-Балалар Айша қуыршақты көріп қуанды.
-Ол өзімен бірге альбомында ала келіпті.
-Қанекей, бірге көрелік.
-Олай болса бізде өзіміздің суреттерімізді салатын альбом жасасақ қалай
қарайсыңдар?
Іздену -ұйымдастырушылық
Өздерінің суреттерін көрсетіп тағыда басқа бірнеше әдемі суреттермен бірге әліппе-дәптердегі суретке зер салып, оларды қалай жасайтындықтарын түсіндіреді.
Балалар әдемі суретке зер салып қарайды.
-Қанекей балалар әрқайсыларыңның алдында жұмысқа керекті құрал-жабдықтар бар.
-Бәріміз бірге отырып жасайық.
Тәрбиеші: Әр баланы жеке бақылайды. (түрлі-түсті қағазды, қалаған үлгідегі трафарет, шаблондарды таңдау, трафарет бойынша үлгі сызу, қию, желімдеу т.б)
Қажетті материалдармен үлгі бойынша, тәрбиешінің қадағалауымен жұмыс жасайды.
-Қабаттап немесе қатарластыра бүктеуге қиналған балаларға көмектеседі.
-Қағаз түстерінің үйлесімді болуын қадағалайды.
-Өз жасаған альбомдарын әңгімелеу.
Сергіту сәті:
Ағаштар шайқалып,
Желменен биледі.
Шыбықтар сыбдырлап,
Жәйменен иілді
Басылса жел енді,
Тыныштық енеді.
Сергіту сәтінде бірдей көңілді орындады.
Мақтау, марапаттау.
-Жұмыс аяқталған соң әр жұмысты әсемдігіне, түс үйлесімділігіне қарай мадақтайды, дайын альбомдарын тақтаға іліп балаларға еңбектері үшін алғысын айту.
Балалар жасаған альбомдарын бір-біріне көрсетіп қуанды.
-Өз альбомдарын аналарына көрсететіндерін айтып қуанды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қағаздармен ұқыпты жұмыс жасауды.
Игереді: қағазбен жұмыс жасай отырып, қағазды қатпарлап бөлуді.
Меңгереді: қағаздан альбомды жасай алуды және оны өздері әшекейлеуді.