Орманға серуен
Наймангельдиева Эльмира Орынбаевна
Мақсаты: Балаларды барлық дене мүшелерін дамыту, саусақ моторикасын орындауға үйрету.Балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Баланың қолдарының бұлшық еттерін қатайту, саусақ қимыл қозғалыс қабілетін жақсарту, саусақ жаттығуларын орындату. Қоршаған ортаны аялап, жнуарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Су джок доптары, Су джок сақиналары, кірпі, шығармашылыққа арналған құралдар( гуашь, гупка, сүрткіш, жармалар, желім)
Тәрбиеші: Балалармен залға кіреді. Балалар бізде ерекше күн себебі бізде қонақтар отыр амандасайық. (Қонаққа пошташы кіреді. –Сәлем балалар, бұл «Балдырған» тобы емес пе мен сендерге хат алып келдім).
Тәрбиеші: Ой бұл кімнен екен, қане оқып берейін.
-сәлеметсіңдер ме балалар біз сендерді орманға шақырамыз сендерді асыға күтеміз) деп жазылған екен. Ал балалар онда дайындалайық денемізді қыздырып алайық. Топ-топ балақан әнін орындайық. Балалар қазір жылдың қай мезгілі.
Балалар: Қыс
Тәрбиеші: Қыста қандай өзгерістер болады ауа- райы қандай болады.
Балалар: Күн суық, қар жауады.
Тәрбиеші:Орманда балалар тәртіпті сақтау керек шулап айқайлауға бола ма? Бұтақтарды сындырып, қоқыстарды шашуға бола ма? Екеуден қолымызды мықтап ұстаймыз, тәртіпті сақтаймыз. Естисіңдер ме құстардың дауысын біз орманға келіп қалдық. ( келе жатып шашылып жатқан жаңғақтарды көріп жинайды, жіңішке мұз айдыны бар содан байқап отеміз). Кенеттен ән салып кірпі шығады балалармен билейді.
-Сәлем балалар мені таныдыңдар ма мен кірпімін. Біздің орманға келгендеріне көп рахмет. Менің тікенек достарым бар қараңдаршы.
Тәрбиеші:Қане балалар қолымызға алып шынығып алайық. Мен кіріп туралы ертегі білемін. Ерте ерте ертеде орманда әдемі үйшікте кішкентай ғана кірпі өмір сүріпті. (су джок доп алақанда) Кірпі өз үйінен шығып, күн шуағына қуана қарап, қыдыруға шығыпты. (Су джок допты көрсету, қуану алақанды ашу) Тура жолмен жүріп, әдемі бір алқапты көріпті, кірпі қуанып жүгірді, секіріп ойнады, гүлдерді иіскеді. (Су джок допты түзу домалату) Бір кезде бұлт түнеріп жаңбыр жауа бастады: тырс-тырс-тырс. (Су-джок допты алақанмен қысу екі қолға кезек-кезек ұру)
Кірпі жаңбырдан қорғанып,саңырауқұлақтың астына тығылды. (Су джок допты сол алақанмен тығу)
Жаңбыр аяқталған соң түрлі көп саңырауқұлақтар шықты: бір саңырауқұлақ, екі саңырауқұлақ, үш саңырауқұлақ, төрт саңырауқұлақ, бес саңырауқұлақ. (Су джок доппен әр саусаққа домалату).
Кірпі шаршап демалып алды (Жерге малдас құрып отыру, допты жерге алақанмен домалату). Момақанмын , алайда,
Тікенім көп абайла,
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарай ма?
Кірпі үйне келіп саңырауқұлақтарды анасына берді.
-Кеш болды. Кірпі көзін жұмды да ұйықтап қалды.(Су джок доп алақанда)
Жарайсыңдар балалар. Өзімізді қошеметтеп қояйық. Міне балалар кірпі туралы ертегім осы, сендерге ұнады ма?
Кірпі: Балалар қандай епті ақылдысыңдар.
Тәрбиеші: Бірақ сенің көңіл күйін жоқ қой.
Кірпі: Ия менің ормандағы достарым барлығы ұйқыда мен оларды сағынып тұрмын, маған көмек бересіңдер ме?
Тәрбиеші: Әрине біздің балалар әрдайым дайын.(Балалар шығармашылық ортаға барып жұмыстарына кіріседі). Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар менде әдемі сақиналар бар онымен саусақ ойынын жалғастырайық. «Бес ағайынды»
Мақсаты: Балалардың саусақ қимылдары арқылы бұлшық еттерін жәтілдіру.
Шарты: Су джок сақина арқылы балалар саусақ балалар саусақ жаттығуын жасайды.
Бір-екі-үш-төрт-бес.
Серуенге шықты саусақтар.
Мынау саусақ-Бас бармақ-ең күшті, ең жуан, ең үлкен.(
(Су джок сақинаны саусаққа кигізу)
Мынау саусақ –Балаң үйрек-көрсету саусағы.
(Су джок сақинаны саусаққа кигізу)
Мынау саусақ –Ортан терек-ең ұзын ортаңшы саусағы.
(Су джок сақинаны саусаққа кигізу)
Мынау саусақ –шылдыр шүмек-тентек саусақ.
(Су джок сақинаны саусаққа кигізу)
Мынау саусақ –Кішкене бөбек өте мықты саусақ.
(Су джок сақинаны саусаққа кигізу)
Кірпі:Жарайсыңдар балалар сендер өте епті, жылдам, ақылды, жаттығуды дұрыс жасай біледі екенсіңдер. Енді орман жануарларының дауысын таныйсыңдар ма есімізге түсіріп көрейік, Балалар шеңберге тұрып аңдардың дауысын естіп оны салып қимылын жасайды. Рахмет балалар орманға келіп тұрыңдар, сендер ақылды болғандарын үшін сыйлық беремін сау болыңдар!
Балалар: сау болыңыз.
Тәрбиеші: Балалар біз енді балабақшамызға қайтайық, қолымызды ұстайық шуламаймыз.
Қорытынды:Балалар, бүгін біз қайда бардық?
-кімді кездестірдік?
-Қандай орман жануарларына көмек бердіңдер?
-Саусақ жаттығуларды немен жасадыңдар? Сендерге көп рахмет қонақтармен қощтасайық.