5 саны мен цифры
Сайпинова Зиба Әкібайқызы
Сабақтың мақсаттары
|
1.1.1.2 бір таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру
1.1.1.3 бір таңбалы сандардың құрамын анықтау |
|||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Сол жақта. Оң жақта. Тура ретпен санау, кері ретпен санау | |||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара сыйластыққа тәрбиелеу | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтау қоршаған орта байланысы жүзеге асады | |||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар күнделікті өмірде сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы
1 минут |
Ертеңгі шеңбер
(Б) оқушылар шеңберге тұрады, кезекпен саналады. Оқушылардың зейінін шоғырландыру, оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын /ОМ анықтап алу. |
|||||||||||||||
Сабақтың ортасы
30 минут |
Сандар қалай пайда болды?
(Ұ) Ертеде адамдар санауды білді ме? Санау не үшін қажет болды? Сұрақтарға болжам жасауға ой-түрткі жасау. Оқушылардың пікірлерін айтуына мүмкіндік беру. (Ө) Санауға арналған материалдар: моншақтар, асықтар, таяқшалар, тастар, түймелер. 5 саны және цифрымен таныстыру
(Ж) оқушыларға өзі ұнататаны заттардың топтамасын санату, оқушылар топқа немесе сыныпқа ұнататын түсі және сол түсті заттың қаншасын анықтағанын айтады. (Ж,Т,Ф) Оқушыларға жұппен немесе кішірек топтарда 1-ден 5-ке дейінгі әр санға мысал келтіру ұсынамын. Мысалы: бөлмедегі компьютер немесе есік саны, тақта, терезе т:с:с: Сыныптан саны бесеу болатын заттарды табу. Оқулықпен жұмыс Сан түзуінде 5 санының орнын анықтау. Сурет бойынша түсіп қалған сандарды табу. Санның құрамын анықтау. Келесі сан қандай сан? Алдыңғы сан қандай сан? 3 және 5 сандарының арасында қандай сан бар? Сандардың қайсысы үлкен, қайсысы кіші?
Сергіту сәті Жұмбақ Қараңғыдда жымыңдай жанады; Жарық түссе бірден сөніп қалады (Жұлдыз)
5 цифрын ауада жазу Дәптермен жұмыс. 1.Түсіп қалған сандарды жаз 2.Үлгі бойынша толықтырып жаз 3. Сан құрамын анықтау
4. Сан түзуінде көрсету ____________________
1 2 3 4 5
Қалыптастырушы бағалау 1-тапсырма. Сандарды сәйкес суреттермен байланыстыру.
2-тапсырма. Үлкен және кіші доптардың санын анықтаңыз және бос торкөздерге жазыңыз. Оларды салыстырыңыз
Үлкен доптар Кіші доптар
|
Кеспе, суреттер | ||||||||||||||
Сабақтың соңы
2 минут |
Қорытындылау
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: -Нені білдім? -Нені үйрендім? -Нені түсінбедім?
|
|||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Сан түзуінде сандардың орнын табуда қиналған оқушылармен жеке жұмыс жүргізу | Заттардың санын цифрлармен сәйкестендіруін, сандарды салыстыруын бағалау | Сергіту жаттығуы мен көзге арналған жаттығулар |