Қимыл — қозғалыс ойындар

Ешмурзаева Аина Умирзаковна

Оқушы сабаққа белсенді қатысу үшін ең маңызды оқушылардың қызығушылығын арттыру. Бастауыш сынып оқушылары ойын балалары болғандықтан, сабақта қимыл – қозғалыс ойындары мен деңгейлік тапсырмалар көбірек пайдалану арқылы қызығушылық, қозғалғыштық, оқыту дербестігі белсенділігін арттыру үстіндемін. Жақсы нәтижеге жету үшін ең басты дұрыс моральдық –психологиялық климат жасауы, оқушылармен тіл табыса білу керек. Сабақтың негізгі, қорытынды бөлімінде тақырыпқа,жас ерекшелігіне сай қимыл – қозғалыс ойындары мен деңгейлік тапсырмалар таңдап алып отырмын. Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Қимыл-қозғалыс ойындарын өткізуді белгіленген формасы мұғалімнің жетекші рөлін, қатысушылардың өзгеріссіз құрамы бар сабақтың реттілігі, ойын материалының регламентациялан ған (белгілі бір ережеге бағындырылған) мазмұны мен көлемі және берілген ойын енетін оқу-тәрбие үрдісінің әдістемесі,мазмұ ны және ұйымдастырылуы бар оның өзара байланысы. Жоғарыда көрсетілгендей қозғалмалы ойындарды өткізудің бекітілген формасында келесі міндеттерді шешуі тиіс жетекші басты орынға ие,олар;1) сақтандыру; 2)білім беру; 3)тәрбиелік;

Қозғалыс ойындардың сауықтыру міндеттері.

Ойыншылардың дене даярлықтарын және жас ерекшіліктерін ескерілген сабақты дұрыс ұйымдастыру,бой өсуіне, сүйек-байланыс аппараттарының бекітілуне және дамуына,тұлғасын ың дұрыс қалыптасуына,сон ымен бірге ағзаның қызметін жоғарлатады. Ойындары бар сабақтар кезінде дене жүктемелері оңтайлы болуын қадағалау қажет.Бұл өмірмен еңбекте үлкен маңызға ие. Алайда қатысушыларды қатты шаршап-шалдығуға апаруға болмайды. Қозғалыс ойындарын сауықтандыру әсерін беретін ойын үрдісіндегі балаларда туатын функционалды және эмоционалды көтерілуі аурушаң балалардың денсаулығын қалыпқа келтірудегі арнайы емдік мақсаттарға да қолданылады. Қозғалыс ойндары таза ауада ойнаған өте пайдалы.

Қозғалыс ойндарының білім-беру міндеттері.

Ойын жеке тұлға қалыптастыруда үлкен ықпал ететін бұл талдау, салыстыру,жалпыл ау және қорытынды шығару іскерлігі көрінетін және дамыталатын саналы іс-әрекет. Ойындармен айналысу күнделікті практикалық іс-әрекеттегі маңызға ие әрекет ету қабілеттерін дамытуға әсер етеді. Қозғалыс ойындары қозғалыс әрекеттері және ережесі ойыншыларда нақты өмірге деген мінез- құлық туралы сенімді ұғымдарды қалыптастырады.

Қозғалыс ойындарының тәрбиелік міндеттері.

Көп жағдайда қозғалыс ойындары төмендегідей дене қасиеттерін тәрбиелеу жағдайнда жасалады. Олар; шапшаңдық,ептілі к,күш, шыдамдылық, икемділік және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттерін комплексте дамытылады. Қозғалыс ойындарының көпшілігі шапшаңдылықты талап етеді. Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыс белсенділігі және қуаты қозғалыстың көп қайталануы бар ойындар шыдамдылықты дамытуға әсер етеді. Тартымды ойын сюжеті қатысушылар бойында жағымды эмоцияны тудырады және қажетті ерік сапалары мен дене қабілеттерін қоса отырып кез-келген тәсілдерде көп қырлы зор белсенділікпен жеңіп отыруға шақырады.

Сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттерін комплексте шешу қажет, тек осы жағдайда ғана әрбір қозғалыс ойындары балаларға жан-жақты дене тәрбиесінің тиімді құралы болмақ.

Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары оқушылардың ептілік дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар оқушылардың ептілік,жылдамды қ қасиетін дамыта отырып, төзімділікке тәрбиелейді.Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасында спорттық ойындар бар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы. Ал сабақта қозғалыс ойындарын,деңгей лік тапсырмалар арқылы шынығып,табиғи дарынын шыңдайды. Деңгейлік тапсырмалар оқушының жасына, жынысына қарай таңдап аламын. Тапсырмалар сабақтың тақырыбына байланысты алынады.Мысалы:ж еңіл атлетика сабағына жылдамдық қасиетін дамытуға болса, гимнастикада ептілік, күштілік қасиетін дамытатын жаттығулар таңдап алынады.Ал,ойынд ар арқылы бала назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйренеді. Сонымен бірге бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап, бағдар белгілеу,қиын жағдайда жол тауып шығуға,батылдық, ептілік,мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі. Қимыл — қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары ,оларға қолайлы дәлдікті, қалыптасқан ептілікті, ерекше мәнерлілікті жетілдіреді.

Қимылды қозғалыс ойындар бастауыш сынып оқушыларына дене тәрбиесін берудің негізгі қуралдырының бірі ретінде қолданылады. Алуан түрлі қозғалыс ойындардың ішінде ұжымдық қимылды ойындардың маңызы ерекше. 1-4 сыныптарға арналған қозғалыс ойындарының түрлері көп. Осы ойындармен оларды спорттың өзге түрлерімен ұштастыра отырып шұғылдану балалардың денсаулығын нығайтуға, денесінің жан-жақты дамуына және оқуға деген ынтасын арттыруға болады. Сананың сезімді бақылауын күшейту қимылды ойындармен шұғылданған кезде балалардың әрекет жасаудағы шыдамдылығын, тәртіптілігін, бірге ойнайтын жолдастарының алдында әдепті болуын тәрбиелеу. 3-4 сыныптардағы ұл балаларға көп күш жұмсайтын, шапшаң қимылдайтын ойындарды ұнатса, қыздар ептілікпен дәлдік қимылдарына арналған қозғалыс ойындары, үйлесімді, келісімді, ырғақты қимылдар жасауды талап ететін ойындарды, жүгіріп бара жатырғанда жолшыбай күрделі емес кедергілерден өту арқылы өткізілетін ойындар, тепе-теңдік сақтау элементтері бар ойындар ойнатуға болады.

Қимыл — қозғалыс ойындары балалардың игеріп үйренген қимылы дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді. Спорттық ойындар нышандары бар қимыл –қозғалыс ойындары жинақылыққа,ұйымшылдыққа,бақылағ ыштыққа тәрбиелейді. Ол ойындар арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттырып,әр тапсырмалар арқылы қай бұлшық етке әсер етуін, өмірде кездесетін қиын жағдайларда жаттығулардың пайдасы бар екенін түсіндіре өткіземін.

Мысалы: 2-3 сыныптарда « Айдаһар », « Допты нысанаға тигіз», « Қасқырлар мен қояндар», « Жылан» «Жылжымалы арқан », «Үйсіз қоян », « Нөмірлерді шақыр », « Орамал », « Нысанаға дәл тигіз » т.б ойындарды жақсы қабылдап,қызығуш ылықпен ойнайды.

Сабақ берудегі алдыма қойған мақсатым оқушылардың денсаулығын нығайту,сабаққа қимыл – қозғалыс ойындар мен деңгейлік тапсырмаларды енгізу.

Сабақ жүргізер алдында өзіме мынадай талаптар қоямын: 1. Оқушыларға теориялық білімін шыңдау, дене жағынан жалпы дамуы мен қозғалыс даярлығын жетілдіру оқушылардың бойында дене тәрбиесімен өз бетінше шұғылдануға қажет дағдылар мен икемділікті қалыптастыру. 2. Оқушылардың денсаулық жағдайын, дене бітімінің дамуы мен қозғалыс әрекетін ескере отырып,оларға жеке көңіл бөліп,дене тәрбиесі сабағына қойылатын басты талабымның бірі. 3. Дене тәрбиесіндегі бағдарламалық, материалды оқушылар ойдағыдай меңгеру үшін мынандай талаптарды орындауды қадағалаймын.Ден е тәрбиесі сабағына үнемі қатысуды, өзінің дене даярлығын арттыруды, жыл ішінде бағдарламалық көрсеткіштерін орындауды, мектепте спорттық шараларға қатысуы.

Қорыта келгенде тәуелсіз елімізге білімді,саналы, парасатты тұлғаны тәрбиелеу үшін ұшқыр ойлы,тәні таза, денсаулығы мықты, адал, терең білімді, жоғары талғамды шәкірт тәрбиелеу басты міндетім деп есептеймін.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *