Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • «Бала — біздің болашағымыз»

  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы

  • 1 наурыз -Алғыс айту күні

  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж

БалабақшаЭссе жинағы
Home›Балабақша›Эссе «Мен қазіргі заман педагогымын»

Эссе «Мен қазіргі заман педагогымын»

By admin
24 июня, 2019
3981
0
Share:

Ибраева Макпал Кенжебековна

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

№5 «Нұрбөбек»бөбекжай балабақшасы КМҚК

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Ұстаз деген сөзді, ұстаз деген мамандықты мен ең қасиетті құндылық деп есептеймін. Себебі,  ұстаздың алдына келмейтін адам болмайды.  Әр бала үшін ұстаз оның екінші анасы, әкесі, досы.  Себебі, баланың кішкентай жүрегі осы ұстаздан жылулықты, қамқорлықты сезіп,  қамқоршы ретінде қабылдап, әрі өзінің досындай сырласа алады.

Мен, Ибраева Макпал Кенжебековна Қарағанды облысы Ұлытау ауданында 3 тамыз 1956 жылы дуниеге келдім. 1974 жылы Ұлытау ауданындағы №1 орта мектебін бітіріп, Қарағанды политехникалық институтына түстім. 1977 жылы Жезқазған қалаының педагогикалық институтына ауысып, 1981 жылы физ-мат факультетінің, физика мамандығы бойынша бітірдім. 1981-1985 жылдар аралығында мектепте физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқардым. 1985 жылдан осы уақытқа дейін тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Осы еңбек жылдарымда бірнеше грамотаға ие болдым. Өз еңбек долымда менін алға қойған мақсатым – балаларды еңбекке үйрету, жан-жақты тәрбиелеу, қоршаған ортаға мейірімділікпен, адамкершілікпен қарау. Бұл мамандықты таңдау себебім — балаларға деген сүйіспеншілік, болашақ ұрпақты заманауи тәрбиелеу және оқыту үлкен рөл атқарды.

Мен, Сәтбаев қаласындағы №5 «Нұрбөбек» балабақшасында тәрбиеші болып қызымет атқарамын.  Қазіргі  уақытта 2-3 жастағы  балалармен, І кіші «Б» «Сказка» тобында  жұмыс істеймін.     Бірінші  санаттағы тәрбиешімін.

Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Тәрбиеші  мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғары технологияның, ғылым мен білімнің заманы. Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті.

Мектепке дейінгі балалардың тұлғасының негізгі құралдарының бірі -орта. Орта бала үшін жаңа білім мен әлеуметтік тәжірибенің көзі.

Мектепке дейінгі ұйымның тұтас педагогикалық үрдісінде дамытушы ортаның рөлі С.Л. Новоселованың пікірінше, дамытушы заттық орта балалардығ дербес шығармашылық және ойын әрекеттерін ұйымдастыру үшін қажетті материалдар, ойыншықтар, құралдар, іс-әрекетінің материалдық нысаналарының жүйесі. Оның басты бағыттарының бірі балаларды әлеуметтендіру және оған сәйкес заттық дамытушы орта құру.

«Заттық ортаны» осылайша игерудің баланың тұлғалық жағын дамыту, бұйымдық әлемге шығармашылық көзқарасын ояту үшін зор маңызы бар. Баланы әлеуметтендіруде дамытушы заттық ортаны құрудың педагогикалық талаптарға сәйкестігі болашақтың зерттеу мәселесі деп есептейміз. Баланы жан-жақты тәрбиелеу, оның дүние танымын жетілдіру, заттық орта туралы тұсінік ой-өрісін дамытып, еңбекке баулу балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ міндетер.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін кеңейтудің негізгі айлададағы ортамен табиғат құбылыстарын бақылату. Заттық орта жұмысында айналадағы қоғамдық өмір шындығын, табиғат тамшыларын бақылатып, баланың таным, сезім қабілетін жетілдіру басты рөл атқарады. Балалармен арнайы өтілетін осы жұмыс барысында тәрбиеші әр заттың аты, сапасы, қажеттігі жайында түсіндіреді. Баланы заттың атын сөзбен айтуға үйретеді. Айналадағы қоғамдық өмір өлі, тірі табиғат құбылысын бақылатқан да әр объектіні сөзбен атап, түсіндіріп баланы заттық ортаға сөзбен қызықтырып, қабілетін көзделеді. Баланың ойнайтын алғашқы ойындары бұл заттық ойын. Басқаша түсіндірсек бұл затты игеру. Балалардың ойыншықтарының арасында қуыршақта, сайықмазақта, аюда және ұсақ ойыншықтар да бар. Балалар ойыншықтармен жәй ғана ойнап қоймайды, олар олармен сөйлесе отырып, қарым-қатынаста болады.

Ойынның өзі өмір, бұл баланың жалғамасыз аңғарттығы мен қуанышы. Ойын бала үшін – бір бүтін әлем. Ойынсыз бала дамуын елестету қиын. Бейнелі ойыншықтар ала үшін, ең жақын достары: мысалы, қуыршақ ойыншықтар адамдарға ұқсаса, ал жұмсақ ойыншықтар нәзік қарым-қатынасты қажет ететінін бала сезіне отырып, оларды құшақтайды, сипалайды. Бала ойнай отырып, айналасындағы адамдардың көптеген әрекеттерін бейнелей алады. (жұмысқа барады, тқскі ас дайындайды, науқас адамды емдейді).

Баланың бұл әрекеттері адамдардың арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді. Қуыршақпен ойнай отырып, қайырымды болады, қамқоршы болады, оған ренжейді.Балабақшада   балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Балалардың  есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.

Өзім балабақшада жұмыс жүргізгендегі өзіме ой түйгенім, бала біздің болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттау, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек.    Педагогикалық  үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалану, балаларға білім алуға  мүмкіндік жасау.  Біздің мақсатымыз балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланып, оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, ой -өрісі  жаңашыл, шығармашылық  деңгейде  қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,  жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға тәрбиелеу.

Бала бойындағы қалыптасқан жағымды, жағымсыз қылықтарды ескере отырып, жұмыс жүргіземін. Әсіресі, ойын арқылы әр баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке баулимын. Балалардың ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға деген белсенділігін үнемі арттырып отырамын.  Топта   өзара   ынтымақтастық жағдайында балалардың ойында өз қалауымен бастауы не болмаса, ойынға өз еркімен қатысуы аса манызды. Әр ойынның сюжетін өз мәнінде өрбіту үшін , оған атрибуттар, ойыншықтар дайындап отырамын.

Ш.Құдайбердіұлы айтқандай жақсы өмір сүру үшін адамға ең алдымен үш қасиет қажет екендігін түсіндірді. Баланың  өзінің қадірін өзі білуге, өзгелердің талқылауына  тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге , рухани өмірде және өмірдің алуан түрлі жағдайларына өзінің бағыт- бағдарын  айқын жасауына , өз бетімен шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен іс-әрекеттері үшін жауапкершілікпен сезіне білуге тәрбилейді.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»-демекші, әрбір адам жақсыға еліктеп, өз өмірін көркейтіп, жаман әдеттен аулақ болу тиіс деп ойлаймын. Әр адам бойында бір жаман қасиет болса да, жүрек түбінде, қайырымдылыққа, имандылыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілік  секілді жақсы қасиеттері болады.

Менің ойымша , адам баласы бойындағы жаманнан аулақ ұстаса, жүрегін таза ұстаса , ниеті жақсылыққа негізделген болса, онда ол адамгершілік  әрқашанда жаны тыныш болып, ешнәрсе уайымдамай  өмір сүретініміз сөзсіз. Қазіргі кезде адамдардың , соның ішінде жас өспірімдердің көбісі өзінің жаман достарына еліктеп, қауіпті ортаға тап болады. Олар әлі бала болғандықтан жаман мен жақсыны , ақ пен қараны айыра алмай жатады.

«Адамның құндылығы неден тұрады?»- деген сұраққа  адамның құндылығы тек оның іс- әрекеттерінен  ғана емес, оның үнемі өз-өзімен жұмыс істей, өзін- өзі  жетілдіре білуінен , өзінің мүмкіндіктерін күн сайын тереңірек танып, біліп, оларды өз өмірі мен қызметінде пайдалана білуден тұратынына жеке-жеке тоқталып, шындыққа қол жеткізетінімізді айтты. Шынында да, өзінің сарқылмас тұлғалық және шығармашылық  потенциалын үздіксіз дамытып отыру  тіршілік әрекетінің  негізгі құралы болып  табылады. Шығармашылықпен  айналысар кезінде біз шабыт  беруіміз керек.

Шабат – тек ізденген адамға  ғана  кезігетін қонақ. Жалқау адамға  жұғыспайды.

Осы  құндылықтарды баланың бойына сіңіруге бағытталған  ғасырлар бойы  мәдени мұра, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілер, жыр- дастан, даналық сөздер мен ұлы ойшылдардың шығармалары, тағы сол сияқты тағылымды дүниелер мол. Ал бұл құндылықтарды  жаңа өскелеңнің бойына дарыту – бүгінгі біздің ұстаздық парызымыз деп  ойлаймын.

Previous Article

Қимыл — қозғалыс ойындар

Next Article

Волшебные фигурки. Длинный короткий

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    «Көгершін мен құмырсқа». С.Көбеев «Көктем» сюжетті жапсыру

    26 июня, 2017
    By admin
  • БалабақшаТехнологиялық карта

    «Шаршы, тіктөртбұрыш» (геометриялық пішіндер)

    24 июня, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Балалардың тіл байлығын арттыруда көркем шығарманың алатын орны

    14 августа, 2017
    By admin
  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Геометриялық денелер

    16 января, 2017
    By admin
  • Эссе жинағы

    Желтоқсанда үзілген жауқазын

    21 мая, 2020
    By admin
  • Балабақша

    Жас ұрпақ тәрбиесі

    20 июня, 2019
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    «Бала тілін ойын арқылы дамыту»

  • Балабақша

    Менені -жер. Е дыбысы және әрпі

  • Баяндамалар

    мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың әдістері

 

Жаңа жарияланымдар

  • «Бала — біздің болашағымыз»
  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы
  • 1 наурыз -Алғыс айту күні
  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды
  • Жүн және одан жасалатын заттар
  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»
  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • Республика күніне арналған ашық сабақ

Күнтізбе

Март 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
« Фев    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика