Баяндама
«Мәңгілік ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән берілген. Осы тұғырлы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Мектепке дейінгі білім беруде жас ұрпақтың бойына сіңіретін тәрбие ең алдымен ұлттық құндылықтарға негізделе жүргізілген абзал. Оның ішіне рухани-адамгершілік қасиеттері мен отаншылдық сезімнің ұдайы дамып отыру бағытындағы іс-әрекеттер кіріктірілуі тиіс. Балабақша қабырғасынан бастап, отан, ел, жер ұғымының киелілігін білу, ұлттық құндылықтардың оның ішіде салт-дәстүр, менталитет, тарихтың маңызын бойына сіңіріп өсіру ең басты қағидат болуы қажет.